ҚАҢлылар сақтар ҥйсіндер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата21.01.2023
өлшемі1,09 Mb.
#62183
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ даласында өмір сүрген ертедегі тайпалар мен мемлекеттер

 
 
ҤЙСІНДЕР 
Ҥйсіндер (б.з.б. II – б.з. V ғ.) – ежелгі дəуірде Қазақстанның 
оңтҥстігінде өмір сҥрген тайпалар. Ҥйсіндер батысында Шу, Талас 
өзендерінен бастап, шығысында Тянь-Шянь тауының шығыс сілемдеріне 
дейінгі, солтҥстігінде Балқаш көлінен бастап, оңтҥстігінде Ыстықкөлге 
дейінгі аумақты жайлаған. Астанасы – Шығу (Чигучен – Қызыл алқап) 
қаласы Ыстықкөлдің жағасында орналасқан. Ҥйсіндер батыл əрі 
жауынгер халық болған. Ҧрыстарда шыңдалған ондаған мың атты əскері 
қай кезде де жауларымен соғысуға дайын тҧрған. Қуатты көршілерінің 
өзі оларды мойындап, қҧрметпен қараған. Ҥйсіндердің шаруашылығы 
аралас болған, яғни көшпелі мал шаруашылығымен де, отырықшы 
егіншілікпен де айналысқан. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, тҥйе асыраған. 
Халықтың бір бөлігі малмен жайлауға көшкенде, қалғандары жер өңдеп, 
егін еккен. Тары, бидай, арпа өсірген. Көкөніс, жеміс-жидек отырғызған. 
Жабайы алма, жҥзім, өрік жинаған. Ҥйсіндерде темір қорытып, пышақ, 
қылыш, орақ соғатын ҧсталар, ағаштан немесе қыштан ыдыс-аяқ 
жасайтын қолөнершілер, асыл тастармен безендіріп əшекейлік бҧйымдар 
жасайтын асқан шеберлер болған. Соның бір айғағы – ҥйсіндер дəуірінде 
жасалған алтын тəті (диадема). Ол аң, қҧс жəне адам бейнелерімен 
безендірілген. Бҧл бейнелер неше тҥрлі өсімдік өрнектерімен 
көмкерілген. Мҧны жасаған ҧстаның шеберлігіне таңданбасқа шара жоқ. 
Ҥйсіндердің байлығы жылқымен өлшенген, байлары ҥйір-ҥйір жылқы 
өсірген. Ақсҥйектері жібек матадан киім киген. Алтын жəне мыстан 
соғылған мөрлер ҧстаған 
 
 
ҒҦНДАР 
Ғҧндар (б.з.б. IІІ ғ. – б.з. V ғасырлары аралығында өмір сҥрген) – 
ежелгі тҥркі тілдес тайпалар. Қытай жазбаларында кездесетін тарихи 
атауы – гунну (хунну). Олар бастапқы кезде Солтҥстік Қытай, Моңғолия, 
Байкал өңірлерін қоныс еткен. Б.з.б. IІІ ғасырдың соңына таман ғҧндар 
бірігіп, əскер тҥзеп, мемлекет қҧрған. Жаулау жорықтарының 
нəтижесінде ғҧндар б.з.-дың І ғасырларында Батысқа қарай бет тҥзеген. 
Жолай көптеген тайпаларды бағындырып, өздеріне қосып алған. 
Орталық 
жəне Шығыс Қазақстан жерлерін өздеріне қаратқан. Б.з. ІV ғасырында ғҧндар басқа 
да көшпенді тайпалармен бірге оңтҥстік орыс даласына жеткен. Дунайдан асып, 
Венгрияға дейін барып қоныстанған. Ғҧн мемлекетін билеген əміршіні «тəңірқҧт», 
(«қаған» немесе «шаньюй») деп атаған. Ғҧндар жиырма төрт ру-тайпаға бөлінген. 
Ақсҥйектер тайпасына осылардың тек төртеуі ғана жатқан. Шаньюйлердің барлығы 
– Мөде, Хуханье, Чжичжи (Шөже) жəне т.б. ең бай ақсҥйектерден шыққан. Əр ру-
тайпаны рубасылар билеген. Сондай- ақ əр рудан бір-бірден тҥменбасылар 
белгіленген. Олар тəңірқҧттың ҧлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. 
Тҥменбасылар 
қағанға бағынған. Ғҧндарда лауазымдар мен жоғары шендер 
əкеден балаға мҧраға қалдырылған. 
Ғҧндар соғыс тҧтқындарынан жəне 
өздеріне тəуелді елдердің тҧрғындарынан қҧл ҧстаған. Қҧлды ҥй шаруасында, мал 
бағуда, жер өңдеуде, кҥнделікті тіршіліктің бар саласында пайдаланған. Олар 
жылқы, қой, сиыр, өгіз өсірген. Халықтың бір бөлігі егін шаруашылығымен 
шҧғылданып, тары, арпа еккен. Ғҧн дардың қалалары мен қоныстары болған. 
Оларда əскери іс жоғары деңгейде дамыған. Сансыз көп əскері қара, ақ, жирен, ала 
тҥсті өте мықты аттар мінген. Қылыш жəне қысқа семсермен қаруланып, садақты 
шебер атқан. Ғҧндар жыл сайын халық пен мал санағын жҥргізіп отырған. Олардың 
өз жазулары, заңдары мен ҧстанған салт-дəстҥрлері болған. Ғҧндарда зергерлік өнер 
қарқынмен дамыған. Ғҧн зергерлері өз бҧйымдарын, негізінен, алтыннан жасаған. 
Олардың алтыннан əшекей бҧйым жасау шеберліктерінің шыңдалғаны сондай, 
қолдарынан шыққан кейбір бҧйымдар бҥгінгі шеберлердің ең таңдаулы 
туындыларымен бəсекеге тҥсе алады. 
ТҤРКІЛЕР 
Ежелгі тҥркілер туралы мəлімет тҧңғыш рет б.з.-дың 542 
жылындағы 
қытай 
жылнамаларында 
кездеседі. 
Қытай 
жазбаларының айтуынша, тҥркілер ғҧндардың ҧрпақтары болып 
табылады. Ал көне аңызға сəйкес, тҥркілер қасқырдан тараған 
ҧрпақ деп есептеліп, «Ашина» (қасқыр) əулеті атанған. Ашина 
тайпасы VІ ғасырдың ортасына дейін жужандардың қол астында 
болады. VІ ғасырдың ортасынан бастап билікті қолына алған 
Бумын тҥркілердің басын біріктіріп, Тҥрік қағандығын (552 – 745 
жж. Өмір сҥрген) қҧрады. Тҥрік мемлекетінің алғашқы билеушісі 
Бумын қаған болып есептелінеді, оның мҧрагерлері, яғни 
балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мҧқан қағандар 
жужандарды талқандауды аяқтайды. Тҥркілер шығысында 
Тынық мҧхиттан бастап, батысын- да Қара теңізге дейінгі ҧлан-
ғайыр даланы қол астына қаратқан. Бҥгінгі Қазақстан жері сол 
замандарда осы бір аса қуатты 
Тҥрік мемлекетінің қҧрамында болған. 
Мемлекетті Ашина əулетінен тарайтын мҧрагерлер басқарған. Билік, 
əдетте, балаларына, бірге туған ағайындарына немесе жақын туыстарына 
көшіп отырған. Тҥркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген 
лауазымға ие болған. Тҥркілер, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен 
айналысқан. Олар ҥй жануарларының жаңа тҥрлерін шығаруға көп көңіл 
бөлген. Сонымен қатар елдің бір бөлігі жер өңдеумен, қолөнер кəсібімен, 
саудамен айналысқан. Қалалар, қоныстар салған. Басқа елдермен сауда 
жəне мəдени қарым-қатынас орнатқан. Ҧлы Жібек жолының ҥлкен 
бөлігін қолдарында ҧстап, иелік еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет