Қалымбек Аян Советұлы



бет25/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Жаңабай Естай -

1998 жылы 11 – желтоқсанда ШҚО, Ұлан ауданында дүниеге келген. Қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті.

Жорға жирен
Болат тұяқ қара тастан от көсеп,

Жорға жирен өнеріңді төк десек.

Қара жердің бауырында бауыр жаз

Шоқ балақтан ұшсын тағы шоқ кесек.


Арда емгенім арғымақтың құны бар,

Кей адамдар кездік көзін сұғынар да құнығар.

«Шүу» деп қалып сауырыңнан дырауменен сипасам,

Айға ұшатын кей кездері жыны бар.


Құлагердің көз жасындай бар мұңым,

Ақан тағдыр жүген ұстап, Маңмаңгерге зар бүгін.

Бәлкім, бәлкім тұяғыңмен от көсейтін шығарсың,

Тұяғыңа жазылса егер тағдырың.

От орнындай от тұяқпен от басып,

Шоқ балақтан шоқ гүлдерге шоқ шашып.

Қара жерге тұяғыңмен сурет сал,

Болат тұяқ қалмағайсың тот басып.


Құлагердің өн бойында жүзі бар,

Жүрегімде ай тағаның ізі бар.

Қара жерде тағдырымыз бір болса,

Жүрегіңе өлеңімді сызып ал.


Бұрым
Жағасын күлкіге орап құйма бұлақ,

Сияқты тұрғандайсың қолын бұлғап.

Тұлымымнан сипаған қыз едің ғой,

Бұрымыңнан сыр көргем маған жұмбақ

Күлкіміз берілгесін мол шаттыққа,

Жағасын жазирасын орап құтқа

Сай сала шатқал ағып кете бардық,

Буылған бұрымыңды босаттық та.


Көңілім домбыраның қос қылындай,

Өмірім тұрды алдымда қос бұрымдай.

Бұрымың байлап тастап кете барды,

Құлбырауда құлын жыр жас күнім ай.


Жүрегіме қонақ боп қона тұрып,

Бұрымыңа барамын оратылып.


Әлсін әлсін ән сап қоя берді,

Бұрымыңа көз салып соға тұрып.


Сол бұлақ жүрегіме ән қалдырып,

Қиялым ақты сайға түн жамылып.

Жүрегім улы бастау суын алып,

Жіберді бұрымыңа мұң тамдырып.


Бұрымың байлап тастап таң асырған,

Жігіт боп өлең жаздым жағы ашылған.

Бұралаң тағдырымда бұлақ көрсем,

Бұрымыңды іздеймін жағасынан.


Інжу
Сыңғырлап бұлақ ән сап сайдың жыры,

Төгеді мың сан інжу айдың нұры.

Шапағын күйге бөлеп шашса маржан,

Күлкісі суға түскен ай сыңғыры.


Ай туса сүттей жарық мұң жоғалып,

Тұрады інжу маржан гүлге оранып.

Тәңірінің мөріндей сұлу шапақ,

Кезеді гүл далада түнді жарып.


Серуендер жазирада түнгі леппен,

Көремін гүл-інжуді тек жүрекпен.

Сол түні аңызға орап сайдың ішін,

Су бастау жанарындай мөлдіреген.


Таң нұрынан түнге шашып жарығын.

Гүл далаға орайды ол тағдырын.


Шапағынан өлең жаздым інжу деп,

Түнге жауған күміс егіз жаңбырым.


Шеше
Суық ойдың жетегіне жармасып,

Тағдырыма қарап көзің талмасын.

Соқыр түнде жайсыздау бір түс көріп,

Көңіліңе қаяу түсіп қалмасын.


Қайран шешем, самайыңа ақ кіріп,

Мені әкетті қара жолға лақтырып.

Жаулығыңның жан ұшына сіңеді,

Қара көзден уайым ойлар аптығып.


Өзегіңе өрт түсіп өмір жалын,

Сағынысу саған да, маған да ауыр.

Жалғыз ұлын жетелеп жеті түнде,

Жел өтінде тоңады сенің жаның.


Далам алып қалардай жар құлатса,

Тағдырдың тарлығы кеп жан жылатса

Қамықпай қараша үйге мен келермін

Тамұқтай тар заманым қан жылатса...




Қорлан
Тағдырында көрмеген ол түңіліп,

Қабағына күн шуағын сіңіріп.

Қорлан десе қайран көңіл көк дөнен,

Алшаң басқан қалмастан ол сүрініп


Маралдың көз жасымен суарған боп,

Домбырама байланған сұлу ән деп.

Іздермін маңғаз елді кезіп жүріп

Өңімде жалғыздықтан қуарған боп.


Маралды мақпал төсін қимай құшып,

Серімен еріп кетсең жылай түсіп.

Алаяқ сұңқар төсті күреңімді,

Баптар мең кекілінен сипай түсіп.


Саяқсың сар далада желіп тұрған,

Маңдайын самал өбіп есіп қырдан.

Саусаққа киген сертті тастай көрме,

Сәулеге семсер болып түсіп тұрған.


Құзғын
Күз, ымыртта айдалада тымырсық.

Маңайымнан құзғын ғана жүр ұшып.

Түк білместен түзде жортып барамын,

Қарқ-қарқ етті бәлкім болар ұрысып.

Өшін дағы менен құзғын ала алмай,

Маңдайымнан шоқып қана қалардай.

Арасында әуенінде тыңдаймын,

Үні оның қаралы хат хабардай.


Бейбақ құсым қай ғасырдан бұл әнің,

Пайғамбардан үш ғасырды сұрадың.

Бәлкім болар сонаау ата заманнан,

Бері қарай ұрпағына құладың.


Өмір үшін құр жемтікке күресіп,

Қанатыңнан қайғы әні тұр есіп.

Табиғатта үніңді де жақтырмай,

Дауысыңда тұнып тұрғой нала-өксік.


Әй құзғын жүрген жоқсың ұшып тегін,

Тұсында Хан Кененің ұшып па едің?

Заманнан ғасыр жасап жырлау үшін,

Төніп кеп маңайыма түсіп пе едің?!


Ен далада қай мәйітті бақты екен,

Қай бабамның басын шоқып жатты екен.

Қай пенденің басын шоқып жатсаңда,

Жемтік қылу қуанатын шақ па екен?


Тағдыр жолы тарамыстай иреуік

Жерлеуді де біздер сенен үйрендік.

Енді нені үйреткелі кеп тұрсың,

Онсыз дағы құзғындықты үйрендік.


Айсұлу
Көлдің беті жел соққанда ирек боп,

Тамшы өлең тамып кетті түймек боп.

Қамыс көлі ызыңдайды ән салса,

Жан біткендей өн бойына имектеп.


Ай сәулесі таңмен бірге атқандай

Айсұлуым айға сыңар ақмаңдай.

Сезіміңді періштеңе тапсырып

Тыныш көлге батып бара жатқандай.


Жаста едің бәлкім болар, албырт боп

Өмір сені түсінбейді мәңгүрт деп.

Жарық күннен жылы сезім таппасаң,

Құшағына тыныш көлдің сүңгіп кет.


Айсұлуым ақ айдынға баттыңба?

Ай сәулесі түссе егер ақ тұнба.

Қатал өмір сидырмаған аруым,

Көл түбінен мәнді өмір таптыңба?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет