Қалымбек Аян Советұлы



бет14/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Байланысты:
olender

Туған жер
Атаған «Тарбағатай» ілкі дұспан,

Алатау-Алтайменен бір туысқан,

Барқыттың торғай ұшпас ең асқарын

Бері аттап таң келеді күншығыстан.


Қоянжон төбелерді нұрға шылап,

Әлемге тең тарайды мырза шуақ.

Сыртында менің туған ауылымның

Сынаптай сырғанайды жылға, суат.


Пау, менің туған далам, тірі далам!

Төсінде түйіншек бұлт ыдыраған.

Жүрсем де қайсы тұста сені іздедім

Жандай бір көзжазбаған құбыладан.


Сыр бүккен топ шеңгелің, қарағаның,

Сыр бүккен топ шеңгелді араладым.


Жезтаңдай бозторғайың үркіп ұшқан

Тілінде байырғының салады әнін.


Тірісің, кең бесігі бұл өмірдің,

Өзіңнің өлмеуіңді тіледім мың.

Мен-дағы ызылдаған сары маса

Қыл шегін қозғап кеткен жүрегіңнің.


Адасқақ
Артпа кінә сені сүйген жүрекке,

Өзім іштей түсінем...

Беріп қойып тізгінімді тірі етке,

Көп адасқан кісің ем...


Қаңғырдым шын, қаңғырмасқа қоймады

Аңғал өлең, әккі өмір.

Аша алмадым сан кеудеде қойманы,

Топсалары - тат... темір.


Іштім содан тәттіні де ащыны,

Талай таңды атырдым.

Зымырандай зулай түсті жастығы

Жөн білетін, жол білмейтін пақырдың.


Артпа кінә сені сүйген жүрекке,

Өзім іштей түсінем...

Беріп қойып тізгінімді тірі етке,

Көп адасқан кісің ем...


Тиеді ғой тиме десең бұл қырсық,

Күйме десең, күйеді.

Ауыртпайды ауыртса да бір қыршып,

Сүйме десең, сүйеді...


Домбыра
Ғажап-ай сенің қоңыр үніңдегі,

Ойлантқан, толғандырған бүгін мені.

Домбырам қой ішекті, шайтан тиек,

Арманым саған ауған тілімдегі.


Досым-ау, табармысың тартсаң төзім,

Бұл ағаш күйзелсең – күй, айтсаң сөзің.

Бес саусақ өрден төмен құлағанда

Тарихқа терең сүңгіп қайтсаңшы өзің.


Қазақ кім? Түзде жортқан құлан ба екен,

Құланнан ажал тапқан ұлан ба екен?

Ежелден атажұрты – Тұран мекен,

Тұранның елі қашан жұбанды екен?


Күйіңді тыңдата бер, бауырға бар,

Тыңдасын құймақұлақ, жалынжанар.

Мен болсам аспандатып ән салайын,

Домбырам тозса тозар, әнім қалар.


Қу ағаш тозса тозсын, әні қалсын,

Бабасын туажаты танып алсын.


Тірілтпек болса бізді үйеңкінің

Түбінен домбыра ғып шауып алсын.


...Ғажап-ай сенің қоңыр үніңдегі,

Ойларға жетелеген бүгін мені.

Сен менің сөйлеп тұрған шежіремсің,

Сен менің арманымсың тілімдегі.


Раушан
Сенің жайың қалай болар, раушан?

...Сенің жайың қалай болар, раушан...

...Қандай қиын гүл сыйламау сұлуға...

...Қандай қиын бақтан үзіп гүл алсаң...


Батар күндей өртенгенім батыста,

Қандай сынақ күтер сені оқыста?

Жүрегіммен ұсынам ба сәулеме,

Білегіммен ысырам ба қоқысқа?


Көркем гүлім, кереметке сендің бе,

Ермеймін деп ессіз жанға, ердің бе?

Тәуекел деп тас қайзаған – тағдырың,

Тағдырыңа көнбеймін деп, көндің бе?


Сенің жайың қалай болмақ, раушан,

Қандай жақсы сен жадырап, қуансаң.

...Қандай жақсы бақтан үзіп гүл алса,

Баптайтұғын нәзік қолдар құп алса...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет