Қалымбек Аян Советұлы



бет50/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
olender

Жетісу перзентінің сыры
Жетісуым – жер жәннатым, жылуым,

Табиғаты тамсантатын сұлуым!

Аман болғын асыл, дара ел-жұртым,

Көріскенше туған жерім-тұғырым!


Көктемдейін шұғылалы, шуақты,

Саған деген сезімдерім тұрақты.

Жырақ кетіп сағынамын қашанда,

Жер көрмеппін сендей жауһар бұлақты.


(Аспан жылап, перзентін қия алмайды,

Жаңбыр болып, көз жасын тия алмайды.

Оралар ма жоқ мүмкін оралмас па

Оны әсте адамдар біле алмайды.)


Жаһанда Жетісудай жер жоқ, шырақ,

Әйтсе де бар көрікті жерлер бірақ.

Жетісу – жеті өзеннің атырабы,

Саған айтар ақылым: кетпе жырақ!


Ертіс
Табиғатты адамның аралауы,

Керемет қой оны әркез бағалауы.

Не де болса ерекше көрінеді

Жанға жайлы Ертістің жағалауы.


Толқын, шіркін, жағаға ұмтылады,

Жұлқынады, шапшынып, жұлқынады.

Жетпесең де арманға бүгінгі күн

Жағалауға шығарсың бір күн әлі.


Тасынады, Ертісім, тасынады,

Әрбір жанға құшағы ашылады.

Өзіңе жарты секунд бір қарасам

Көңілдегі күдігім басылады.


Жағаңда ағаштар бар жасыл желек,

Қарағай, қарағаш пен қайың, терек.

Жаһанға тарап жатыр сұлулығың,

Айтшы өзің бұдан артық нелер керек?


Бақыттымын!
Бақыттымын!

Көк күмбез аспаным бар,

Бақыттымын!

Жалынды жас жаным бар.

Ей адамдар өкпе мен назды қойып,

Тек бақытпен өмірді басқарыңдар!


Бақыттымын!

Қағаз бен қаламым бар,

Бақыттымын!

Жүректе адамым бар.

Мұң мен сағым көңілді босатқанда

Бақыт іздеп жан-жаққа таралыңдар.


Жұлдыздайын жарқыраңдар, жаныңдар,

Сезім үшін тəуекелге барыңдар.

Əр қиырын шарласаң да өмірдің,

Ей достарым, бақыт іздеп табыңдар!



Досым деп ойла
Досым деп ойла,

Досым деп ойла сен мені,

Жаныңды сенің ұққысы келген пендені.

Қаншама жан жаһанды кезіп жүр қазір,

Сезімі гүлдеп, бақытын іздеп жердегі.
Досым деп ойла

Қас көрме мені, жат көрме,

Мағына толы естеліктерді есіңе алған сәттерде.

Қуаныш сыйлап, бақытын жинап жаныңнан,

Шығыстың желі маңдайдан сипап өткенде.
Досым деп ойла,

Қанатын жаяр аспанға,

Тыңдаймын сені, айта бер достым, жасқанба.

Хат жазып кетем іздесең мені егер де,

Өзен мен судың жағасындағы тастарға.
Досым деп ойла,

Әрқашан көкке көтерер,

Досым деп ойла, биікке дәйім жетелер.

Достықтың жауһар кемесін жалдап мәңгілік,

Досым деп ойла, нұр менен шаттық әкелер.
Білемін досым, сөзіме мынау жоқ кепіл,

Сонда да сөзім айтпасам саған текке тұр.

Қолыңды сілтеп кететұғын бәріне

Жан бола көрме, жан бола көрме өкпешіл.

* * *

Тұманның көкжиекте күйі бөтен,



Армандардың ауылы биік екен.

Жанарыңнан жаныңды түсінетін

Бір досымның болмауы қиын екен.
* * *
Досым дедім, алаң болдым шырылдап,

Бұл сезімді қайбір пенде ұғынбақ.

Дос адамға достық көзбен қараңдар

Сонда ғана мендік көңіл жылынбақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет