Қалымбек Аян Советұлы



бет58/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
olender

Мәжібаева Жадыра -

1996 жылы 6 – тамызда ШҚО, Күршім ауданында дүниеге келген.

Журналистика мамандығының 4-курс студенті

Сіз емшіге сенесіз бе?
Ауру айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде үшін ауру қашып құтыла алмайтын көлеңке іспетті. Бас ауырып, балтыр сыздаған кезде дерттен айығудың жолын әркім әр тараптан іздеп жатады. Жаман айтпай жақсы жоқ, аяқ астынан ауырып қалсаңыз сіз емшіге қараласыз ба, әлде дерігерге қараласыз ба?

Дегенмен де, бұл сұрақ төңірегінде халықтың пікірі екіге бөлінеді. Бірі емші – тәуіптерге күмәнмен қараса, екіншісі медицина қызметінен көңілі қалған. Дәрігерлік қателіктен аузы күйгендер, денсаулығын жоғалтып, өмірден күдер үзгендер ең соңғы үмітпен амалсыздан емші - тәуіптерге барады. Бүгінде не көп, емші – тәуіптер көп. «Емшінің де емшісі бар, дәрігердің де дәрігері бар» - демекші қолында мемлекеттік лицензиясы бар, сонымен қатар медициналық жоғарғы білімі бар, халық емімен қоса, осы заманғы медицина жетістіктерін қоса пайдаланатын емшілер талай адамды аяқтан тұрғызып, ауруынан айықтырғаны тағы бар.

Менің кейіпкерім - Құрмаш Өмірбек те медицина мен емшілікті қатар ұштастырып, басы аурып, балтыры сыздаған халықты емдеп жүрген жайы бар. Ол Қытайда білім алып, Жеменей ауданында 32 жыл медицина саласында қызмет атқарған. 2012 жылы Отанға оралған, ол, үйінің қасынан шағын емханасын ашып, дәрігерлік кәсібін жалғастырған. Өз кәсібін заңдастыру мақсатында Алматыдан емшілік курстарын бітіріп, лицензия алған. «Нұрлы көш» бағдарламасымен Шығыс ауылына қоныс аударған Құрмаш Өмірбектің «Шығыс емханасы» атты емханасында шөп дәрілерімен, лоңқамен емдеп, адам жүйке – жүйесінің нүктелеріне әсер ететін алтын ине және емдік массаж сияқты қызмет түрлері бар.

Бір қызығы емханада ол кісіден бөлек ұлы мен келіні қызмет атқарады екен. Екеуінің де медициналық білімі бар. Ұлы алтын инемен емдесе, келіні медбикелік қызмет атқарып, екпе салады.

- Бұл кәсібімді отбасылық емхана десемде болады. Жалғыз өзіме жұмыс істеген ауыр. Сондықтан, ұл – келінімді жаныма алып, көрген – білгенімді, тәжірибемде түйгенімді осы екеуіне үйретіп кеткім келеді, - дейді Құрмаш Өмірбек.

Төрт жылдан астам уақыт қызметінде есте қалған ерекше жағдай, яғни ауыр халде жатып, ауыруынан айығып кеткен емделушілер болды ма деген сұрақ мені қызықтырды. Бұл сауалға ол кісі: « - Әрине, болды. Халықтың алғысын алу мен үшін ең жоғарғы мәртебе. 2015 жылы Аблакетка ауданынан басым ауырды деп бір ер азамат келді. Қалалық емханаларға қаралған, оны, бастың жүйке жүйесіне суық тиген, жағдайы нашар деп үйге шығарып салған екен. Мен бір аптадай жүйке жүйесін емдеп, аяққа тұрғыздым. Кейін шөптік дәрілерді қабылдап, ауыруынан айығып кетті. Келесі Тарғын ауылына барып 15 күн емдеген қыз бала жайлы оқиға есімде ерекше қалды. Дәрігерлер жаман ауру деп үйне шығарып, 1 жылдай уақыт берген екен. Қыз бала қимылдай алмай, тамақты трубкадан ішіп жатты. Мен арнайы сол ауылға барып, барымды салып емдедім. Кейін ауруханаға тексерілуге барғанында жағдайы оңалғанын айтты. Қазіргі таңда қыз баланың дені сау, ел қатарлы өмір сүруде. Міне, осы екі оқиғамды ерекше есіме аламын» - деді. Әсерлі оқиға. Жақсы сөзді жарым ырысқа балайтын қазақ «жаман ауру» деп атын атаудан ат-тонын ала қашатын дертке дауа табып, аяққа тұрғызған Құрмаш Өмірбекті сиқыршы дерсіз.. Бірақ ол кісі кім десек болады? Емші ме, әлде дәрігер ме? Жұмыс орнына қарасам, шағын болса да тап – таза, жарық, медициналық құрал – жабдықтарымен жабдықталған. Емделуге келген емделушілердің де қарасы көп. Барлығымен дерлік сұхбаттасып көрсем, ауруынан жаны қиналып, соңғы үміті осы ем болар деп келіп, беті бері қарап, тәуір бола бастағандарын айтты. Тіпті, бір әйел адам бір көзінің көре алмай қалып, ота жасаса да жағдайы жақсармай, кейін осында келіп бір аптадай емделген соң көзінің көре бастап, енді шөп дәрілерін ішіп жүргенін баяндады. Жұмыстан денсаулық жағдайына байланысты шығып қалған, ол, тексерілулерден кейін жұмысқа шығуға рұқсат бергенін айтып қуанды.



Құрмаш Өмірбек шығыс медицинасы мен халық емін тоғыстырып, шағын емханасында талай адам өмірін құтқарып жүрген емші. Оған келген емделушілердің де саны күн санап артуда. Халықтың алғысын алып жүрген Құрмаш Өмірбек әлі талай адамға қол ұшын беріп, емдегісі келеді. Тек шағын емханасының ағылып келген емделушілерге таршылық еткені болмаса...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет