Туған жерге сағыныш
Заңғар-заңғар тауы бар, өзені бар,
Сынға толы тарихи кезеңі бар.
Туған жерім, киелі топырағым,
Саған деген сағынышты кімдер ұғар?!
Сапар шегіп қадіріңді түсіндім,
Кері қарап, өткеніме күрсіндім.
Сендегі уақыт-алтынменен тең екен,
Сынағынан қалай өтем бұл сынның?
Шуақты күн ызғар төкті қаһарлы,
Сенсіз, міне, сұрықсыз таң атады.
Жүректегі сағыныш-туған жерім,
Өзіңді ойлап әрбір күнім батады.
Алыстасың, жырақсың, шалғайдасың,
Бірақ әркез ойымда, армандасың.
Өзіңдей мамыражай туған жерді,
Қазақтан әр азамат армандасын!
Түн ішіндегі ой
Бүгінгі түн -
Жаз болса да - суықтау,
Суықтау жыр, көңіліме жуықтау.
Сол жандармен жүрегім алшақтады,
Түсінбестік, арамызда сыр ұқпау...
Уақыт па екен бəрін қойған орнына,
Анығырақ біле алмадым оны да.
Көңілімде кедергі толы болса да,
Жүгірем əркез болмашы қиял соңына.
Сағынасың, шыдайсың, айта алмайсың,
Бəрібір де өткенді қайтармайсың.
Баяғыдай сол жанның көңілінде,
Не істесең де қайтадан жайқалмайсың.
Қиял кеңістігі
Тау самалы жан дүниеме енеді,
Қозғалтады уақыт атты кемені.
Таңғажайып дүниемен толыққан
Ертегіде өмір сүргім келеді.
Шын достыққа мендік жүрек сенеді,
Сынамастан жақсы баға береді.
Уолд-Диснейдің Ақ-құбасы секілді
Хайуандармен дос болғым-ақ келеді.
Кейде жаным мұңға батып қамығад,
Бұл жалғанда жалғызсырап жабығад.
Қар ханшасы болғым келед сол кезде
Ұшып жүрер, эльфтерін салып ап.
Қарай берем өмірдің бұл сиқына,
Алармекен шындық шіркін ұмтыла?!
Диснейлендтің Аброрасы секілді
Кеткім келед кей-кезде мен ұйқыға.
Ауыр болсын, ауырды да көтерем,
Сол тағдырмен биіктерге жетер ем.
Алладиннің кілемі мен лампасын
Өзімменен бірге алып кетер ем.
Сан ойларым мені ішімнен түтеді
Бұл арпалыс енді қашан бітеді?!
Барлық әлем теріске шығарса да,
Менің жаным ғажайыпты күтеді.
* * *
Көрейін, яки мен естиін,
Ертерек немес кеш дейін.
Кейде кеш түсініп жатасың,
Құның жоқ екенін бес тиын…
Жетейін биікке жетпейін,
Кетейін алысқа кетпейін.
Мені ойлап алаңдап жүретін
Жандарға шүкірлік етейін.
Достарыңызбен бөлісу: |