Қалымбек Аян Советұлы



бет55/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Ұйқыдағы ару
Қайырлы күн, қызықты әңгіме естісе елегізіп, көңілсізін оқыса көзіне жас алатын мейрімді оқырманым.

Бүгінгі әңгімемді әлемнің емі жоқ ауыруына айналған ауыр ұйқы жайында жазбақшымын. Кішкентай қыздың жұдырықтай жүрегі үшін жұлқынған ауыр тағдырын бірге бөлісіп қайтайық.

Жооо... жоқ, әрі қарай оқуға жасқанбаңыз жүрегі жұмсақ мейрімді жан. Мен сізбен бірге барамын. Жүріңіз ендеше.

Жансая ата-анасының он бес жыл күткен перзенттері. Ол өмір есігін ашысымен ата-анасының көз қуанышына айналып өмірлерін нұрға бөледі. Көптен күткен алтын қыз ақылды да әдемі болып бой жетіп келеді. Ата – анасының жандарына сая болған ақылды қыз бүгінде сегіз жастың есігін ашып үлгерді.

Осы сегіз жылда Жансаяның үйреншікті бір әдеті бар еді. Ол күнде таң сәріден ата-анасын еркелеп оятатын. Қазір сағат тілі таңғы тоғыз жарымды көрсетіп тұр. Жансая ата-анасына еркелеп келетін уақынан жарты сағат асты. Балаларының тәтті ұйқысын бұзғысы келмеген ата-анасы қыздарын күте тұруды жөн санады.

Сағат тілі он бірді көрсетіп үлгерді. Кенет, ана жүрек әлде бір азапты сезінгендей баласының бөлмесіне баспалай басты. Бөлменің есігін ашуға дәті бармаған ана жүрек жылап қоя берді.

Иә, мейрімді жан алдыда әлі талай тауқыметті тағдырлар бар. Жүріңіз Жансаяның анасының азабын бөлісіп қайтайық.

Төсекте талғысып, тыныссыз жатқан жанының саясын көрген ана жүрек қызын қалай ауруханаға жеткізгенін байқамай да қалды. Кеше ғана тәтті қылығымен тәнті етіп жүрген қыздарының қайғысына сене алмаған ата-анасы шарасыз дәрігердің жауабын күтіп тұрды.

Араға уақыт салып дәрігер беті ақ матамен оралған төсекті сүйрей палатадан шықты. Дырылдаған дөңгелектің дыбысы таяған сайын ата-анасы үрейлене бастады. Дәрігер шарасыз тұрған екеудің жанына кілт тоқтап қайғыларына ортақтасып төсекті қалдырып манағы палатаға кіріп кетті.

Он бес жылғы үмітін, сегіз жылғы жарығын ақ матаның астынан көрген ата-ана жылап қоя берді.

Әлқиса. Бұл тек тірілердің тауқыметі ғана. Манағы ақ матаның астындағы әппақ жүрек әлі әлсіз соғып, ауыр ұйқыда жатыр. Жүріңіз сол жаққа барып қайтайық.

Ауыр ұйқыда жатқан Жансая ата-анасының жоқтауын, өзін жерлеуге деген дайындықтарын толық естіп жатты. Алайда, ауырудың ең азаптысы ауыр ұйқы құлағынан басқа жердің жанын алып, тірідей азапқа салып қойды, Жансаяны таныс дауыстар жуындыры, киімін кидірді. Бала жүрек баяғы күніндей кір қолын жуып жатыр деп көңілі орнына түскендец болды.

Кенет, қолы он баланы да оңай көтерердей, жуан дауыстағы ер адам баланы көтеріп, суығы сүйегіңнен өтетін топыраққа апарып қойды. Осы бір сәт сегіз жастағы Жансаяны әлденеше жасқа үлкейткендей бәрін түсіндірген еді.Бетіне ара тұра құйылған топырақтар бала жүректі одан әрмен суындырып, одан әрмен қорқытты.

Енді тыныштық. Манағы бірде қуантып, бірде шошытқан сөздер де естілмейді. Құлақ құрғырдың жер астында пайдасы жоғын бала жүрек түсіндіріп, жүрегінің тоқтауын асыға күтті...



Иә. Оқырманым, емі де белгісі де өзіне ғана аян болатын аянышты ауыру деген осы. Көңіліңізді түсірмеңіз. Бқл да өмір деген жолдың бір баспаса болмайтын жолағы болар. Хош



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет