Қалымбек Аян Советұлы



бет56/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Байланысты:
olender

Таунар Қайратұлы -

1995 жылы 25 - мамырда Алтай аймағы, Қаба ауданында дүниеге келген.

Журналистика мамандығының 4-курс студенті.





Тағдыр тәлкегі
Неше күн күнді түнге жалғап жер мен көкті араластырып жіберердей соққан долы боранның беті қайтса да үскірік аяздың беті қайтар емес. Бейне Сәркісше шақылдап адамның беті болса бетін, қолы болса қолын құлақ-мұрынның қайсы болса да бір тістеп қалғысы келгендей шақ-шақ етеді. Қыс қаһарына мініп тіршілік атаулыға қаталдық танытып бейне әлде бір жан иесінің тағдырымен байланысып жатқандай .

Қаһарлы қыстың қарға адым күні аяқтап, қан қызыл шапағымен құлақтанып барып, таудан ары қарасын батырып үлгірді. Балдырған шағынан бағы қайтып, балдай тәтті ана мейірімінен еншісіз қалып, анасынан ерте айрылған Шалқар «жетім қозы түртіншек емініп жүріп отығар » дегендей «алқаш» болса да аспандай көретін әкесін қара тұтып, жетім бала, жесір әке болып, кейде аш кейде тоқ, иыққа ілер жейде жоқтың күйін кешіп, қалт-құлт өмір кешіп келеді. «Тағдыр басыңа нені салса соны көресің» демекші жетімек сәби Шалқарда тағдырдың өзіне салған қатыгез бұғауына басын игендей көндікпе көмпіс болып та үйлесіп кете барды. Бағанадан бері әр сабақтан берілген тапсырмаларын орындаумен болып күннің батып, қараңғылық басып кеткенін енді сезгендей болды. Үй ішіне зер салып қарап еді ала көлеңкеде бұрыш –бұрыштың барлығы үрейлі үңгірдей сүркейлі сезіледі. Тек қана пеш түбінде қарыны тоқ, қайғысы жоқ, ала мысығы ғана пыр-пыр етіп ұйқы құшағында жатыр. Осылардың барлығын көзімен бір шолып шықты. Кенет Шалқардың жан сезімі селт ете түсті. Күнде мас болса да жығыла сүрініп, үйін тауып келетін әкесінің бүгін осы уақытқа дейін әлі келмегендігі есіне енді түсе кетті. Санасын қорқынышпен үрей билеген сәби шкап та тұрған фонарын алып, екі-ақ аттап далаға шықты , айналаға көз тастап еді, түн құшағында мүлги бастағандай ауыл үйлері қарауытып көрінеді. Анда-санда саршұнақ аязға шыдамағандығы ма әйтеуір әрбір жерде әупілдеп үрген ауыл иттері ғана бұл жерде тіршілік барын білдіріп тұрғандай.



Әкесін тауып әкелуді ойлаған оған бір түрлі батылдық пен батырлық біте қалғандай қолына фонарын ұстап әкесін іздеу үшін ауыл көшесін бойлап, қаңбақтай ұшып келеді. Сүлепеті кеткен сүреңсіз меңіреу ауылдың ішіндегі дүкендерді безек қағып түгелімен аралап шықты.Тіпті әкесінің барып жүретін замандастарының да үйлерін қағыс қалдырмады. Бірақ ешбір тірі пенде көрген де, білген де емес. Мынадай түкірік жерге түспейтін қақаған аязда әкесі далада қалса әке тағдырының соңы немен тынарын Шалқар айтпаса да білетін. Сәби көңіліндегі үрей беймаза жүрекке тыныштық бермеді. Амалсыз үйге қарай бет алды. Үйге таяй бере иесін алыстан таныған ала күшік бұралаңдап келіп, Шалқардың аяғына еркелеп орала кетті. Дәл осы сәт үрейі аз да болса, сейілгендей болды. Бір кезде ала күшік қораның бұрышына қарай шәуілдеп үре жөнелді. Ала күшіктің бұнысы тегін емес екенін сезген Шалқар да жарықты қораның бұрышына қарай түсіріп еді, қырынан бүрсиіп өлген адамдай болып жатқан әлдекімнің сұлық денесін көзі шалды. Шошығаннан баж етті. Кенеттен шыққан ашшы дыбыс енді ғана мүлгіп, ұйқтап бара жатқан табиғатты селт еткізіп, қою қараңғылықты қақ жарды. Ақырын жақындап қарап еді, төбесінен жәй түскендей жүрегі зырқ ете түсті. Бейне кеуде тұсынан әлдебір нәрсе қадалғандай өне бойын суық сезім жанап өтті. «Әке»деп дауыстап жіберді.Өңі ме,түсі ме? Білмей есі шығып, көзінен ыстық жас атып-атып кетті.Одан ары жақындауға қорқынышы қадам бастырмады. Байғұс бала әкесін зұлым тағдырдың тойымсыз құшағына бергісі жоқ. Түсім болса екен дейді. Бірақ көз алдағы сұлық жатқан әке денесінің түсі емес қайта өңі екенін біраздан кейін барып білді. Айнала көзге түртсе көрінбес тастай қараңғы. Бейне табиғатта осы бір бейбақтың ішкі жан дүниесін сезінгендей үнсіздік танытуда. Шыдамы тауысылған бала бір кезде көршісі Қасымның үйіне қарай тұра жүгірді. Жылап кірген Шалқарды көргенде үй іші сасып қалды. Сәбидің жүзіндегі мөлтілдеген ыстық жас бетін жуыпты. Суық пен бірге домбығып, ісіп те кетіпті. Мұны көріп Қасымның жұбайы Айгүл де дегбірсізденіп, «Қарғам,не болды? Айта қойшы»деп бетінен сүйіп ыстық құшағына қысып жылап жіберді. Көп жылдар бойы мейірлі ана құшағын көрмеген бала байғұс өзінің екінші бір ана құшағында тұрғанына анасының мейірлі құшағы есіне түсті ме кім білсін? Бір жағы арқалана, бір жағы қорқыныш қосылған өксікпен Айгүлдің ыстық құшағына онан арман тығыла берді. Бірақ бір дем де ақ есін жиып, апай «әкем анда... деп үй жағын нұсқап, тұтқиыл бір қорқыныштың бетін меңзегендей болды. Бір жамандықтың болғанын сезген Мұрат Шалқардың соңынан тұра жүгірді. Келіп қараса Шалқардың әкесі екен. Басын сүйеп еді. Тірі екен. Шамасы ақ араққа әбден бүгіп, буыннан айырылып, бөтелкені құшақтаған күйі жатса керек. Әкесінің тірі екенін көріп, қуанғанынан құшақтап, жылап ұзақ тұрды. Әдетте “ер адамның діні қатты болады” деген сөз жайында қалды. Әкелі-балалы екеуінің ортасындағы ғажайып сезімге куә болған Қасымның да тебіренгенінен көзінен ыстық жастың қалай шыққанында сезбей қалды. Байғұс бала әкесін ыстық құшағынан ажыратар емес. Құшағын ашса, біржолата айырылып қалатындай сезінді. Бір сәт үнсіздіктен кейін ағайы екеуі әкесін қолтықтап табалдырыққа таяй бергені сол еді. Әкесі сар еткізіп құсып жіберді. Ала күшік жиіркенді ме, иіскеледі де ауыз салмай теріс айналып кетті. Бұны көріп, Шалқар намыстанып-ақ кетті. Әкесін жатқызып, рахмет айтып, Қасымды шығарып сады. Бұл жолы Шалқар әке өміріне арашашы болды. Әкесінің арақтан аузы құрғамайтыны соншалық, табан ет, маңдай терімен тапқан қорадағы азын-аулақ малды да арзан арақтың құрбаны етті. Қарызын сұрап табалдырықты тоздырған дүкеншілер де жетерлік еді. Аяғында ұн шай алайын деп барған Шалқардың қалтасындағы азғантай тиынды да әкесінің қарызына тартып, нәр татпаған күндер де жоқ емес-ті. «Алыстағы туыстан, жақындағы көрші артық» дегендейін осындай қиын қыстауда басына сүйеніш болып, барымен бөлісетін осы көршісі Қасымның отбасы еді.

Кеше түнгі аяз Шалқардың әкесін расын да аямапты. Қу араққа жіпсіз байланған ендігі әке тағдыры болар –болмас бықсып жанып жатқан пеш түбіндегі төсекке жіпсіз таңылмақ. Жасы қырыққа енді ғана қармағын ілген әке, қамшының сабындай қысқа ғұмырында оңбай омақасты. Аңдымай басқан әр қадамы үшін, орыны толмас өкінішке апарып соқты. Бар күшін бойына жиып, ах ұрып, ышқына айғайлап, ағаштың тамырындай арсиған саусақтарымен басын төпештеп, екі көзінен өкініштің ашшы жасы сел боп ақты. Амал қанша, тәніне түскен жараның жанына батып, шыбын жаны шырқырағанда барып, өмірдің баға жетпес байлығын кеш түсінді. Бірақ бәрі де кеш еді.

Еее. Бірде қуаныш қызығымен сүйіндіріп, бірде мұң қайғымен күйіндіріп, өткен жалған дүние ай десеңізші!

Сәбидің басындағы бармақтай бақты коп көрді ме кім білсін? айрандай ұйыған жан ұяның бақытты тағдыры тағдыр тәлкегіне ұшырап, іркіттей іріген жанұяның тағдыры міне осындай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет