242
әбігерге түсіп келеміз. Қазақ тілінде ый/ій тәрізді дауысты+дауыс -
сыз дыбыс тіркесінің жеке дауысты дыбыс бола алмайтыны санамызға
жетпей қойды.
Осы саяси әліпби реформасының жемісін, қайта-қайта қайталай
беруге тура келеді, енді «теріп-жеп» отырмыз. Қазіргі ұрпақты қазақ
тілінде дауысты
«и» дыбысы жоқ деп сендіре алмай отырғанымыз тағы
да сондықтан.
Сонымен, тіркестің бірінші сыңары дауысты «і» дыбысының
жасалымына толық тоқталып жатпаймыз, тек қысқаша анықтамасын
ғана атап өтеміз: тілдің көлденең қалпына қарай –
тіл ортасы,
тілдің тік қалпына қарай –
қысаң, ерін қатысына қарай –
езулік. Сонда
жасалым белгілері:
тіл ортасы, қысаң, езулік болып шығады.
Ал «й» дауыссызына толық тоқталуға тура келеді. Соңғы жылдары
жарық көрген академиялық еңбектерде «й» таңбасымен белгіленіп
жүрген дыбыстың ақиқат мазмұны анықталып берілді: «Й(y) дауыссыз
дыбысы тілшік (тіл ортасы) арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай
тілшік (тіл ортасы) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Й дауыссыз
дыбысы тілшік (тіл ортасы) пен тіл түбінің (таңдайдың) өзара жуысуы
арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай
жуысыңқы дауыссыз дыбыс
болып табылады.
Й дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол
тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай
үнді (тербелімді)
дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері:
тілшік (тіл ортасы), жуысыңқы, үнді
дауыссыз дыбыс». Дауыссыздың ақиқат анықтамасы осы. Ал
Халықаралық Фонетикалық Әліпби (ХФӘ) бойынша оның таңбасы
[y]
болып табылады.
Оның да қазақ тілі дауыссыздарының пішіндемесінде (моделінде)
өзінің орны бар. Модель жоғарыда келтірілді.
Пішіндемеден көрініп тұрғандай,
Достарыңызбен бөлісу: