Бағалау(ағылш. assessment – көлемін анықтау - бұл алынған нәтижелерді белгілі мөлшер немесе үлгімен салыстыру БАҒАЛАУ
Қалыптастырушы бағалау– бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Бұл бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған.
Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді.
Қалыптастырушы бағалау мақсаты– оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету
мұғалім тоқсан барысында өткізеді;
сыныпта күнделікті жұмыста оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді игерудің ағымдағы деңгейін анықтайды;
оқушыларға жаңа тақырыпты оқу барысында ол тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын түсінуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау)
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Қалыптастырушы бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалауды қолдану үшін оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрету керек, сонымен қатар топтық, критериалды бағалау түрлерін қолдануға болады.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Бағалау түрлері:
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Ұмытпа! Қалыптастырушы бағалау нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылмайды! Баға (шартты белгі, штрихтер, т.б. түрінде) мұғалімнің жеке журналына қойылады.
Бөлім/Тақырып 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар Оқу мақсаты: 7.4.1.3 Элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
Бағалау критерийі: Білім алушы • Элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін жіктейді
Тапсырма 1. Төменде көрсетілген суреттерді «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаға» жіктеңіз. Дескриптор: Білім алушы − суреттен элементті көрсетеді;
− суреттен қосылысты көрсетеді;
− суреттен қоспаны көрсетеді.
2. Төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеңіз: кетчуп, күміс, теңіз суы, ауа, оттегі, топырақ, алтын, ас тұзы, көміртек (алмаз), көмірқышқыл газы, кока-кола, қант, цемент, әктас, хлор.