Кейіпкер бойынан асқақ рух пен өрлік аңғарыла ма? Автор тарих өткелдерін, қазақ халқының бейнесін қалай сипаттайды? Ойыңызды дәлелдер арқылы жеткізіңіз.
Дескриптор
Білім алушы
өлең жолдарындағы кейіпкер бейнесін ашады;
дәлелдер келтіреді;
кейіпкер бойындағы асқақ рух пен өрлікті анықтайды.
2-тапсырма Шығарманың өзіңізге ұнаған бөлігін жатқа айтыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
шығарма үзіндісін жатқа айтады;
мәнерлеп айтады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі
Темірден
Соғып шыдам,
Төзімді...
Көріп едім бәрін мен
Ойып алды көзімді.
Қалай жүрмін -
құламай!-
Қазды менің түбімді.
Сөз айтып ем -
Шыдамай!-
Қырқып алды тілімді.
Қай жерде мен тайқып ем?!-
Сынап тағы бағымды -
ойымды мен айтып ем,
отқа салды жанымды.
Кеуіп қалды таңдайым,
Көтеріп ем басымды
Қақ айырылды маңдайым!-...
Дескриптор
Білім алушы
көркемдегіш құралдарды анықтайды;
шығармадағы қолданысына талдау жасайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі
Оқу мақсаты
7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды
Әдеби эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Өлеңде қазақ ұлтына тән қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан? Мысалдар келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы қазақ ұлтына тән құндылықтарды анықтайды;
өз ойын мысалдар келтіре отырып талдайды.
2-тапсырма Өлеңде көрініс тапқан ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып, «Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Оқиға желісін дамытып жазады
Өзіндік көзқарасын білдіреді
Қолдану
Тапсырма
«Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.» Шығармадағы Ерғабыл ақсақалдың жайы сізге қалай әсер етті? Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызына не жатады? Өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, оқиға желісін өзге қырынан дамытып жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________