Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз. Дереккөз: Қыз Жібек. Лиро-эпостық поэма. – Алматы: Мектеп, 2006. («Жетінші сөз» сериясы)
1) Талқы себепшісі – жыр бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) 5 сұрақ құрастырады.
2) Белгілеуші – жырдың қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.
3) Байланыстырушы – оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4) Қорытындылаушы – көтерілген мәселені қорытындылайды.
|