Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет7/14
Дата14.02.2023
өлшемі238,76 Kb.
#67742
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
16 osh b debiet 7-syn az

Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Оқу мақсаты

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Жоғары деңгей дағдылары





Тапсырма

Өлең жолдарындағы автор бейнесіне сипаттама беріңіз. Мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз. Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдаңыз.



Шығармадан үзінді

Автор бейнесін гуманистік тұрғыдан талдау

Менің түйгенім

Мен Қарасай ұлымын,
Нар келдемнің түрімін.
Айтулы ердің бірімін,
Шапырашты батыр ел,
Батыр туған мен едім!
Менменсіген мықтының,
Талайын жеңген ер едім...





Көппін деп айттың Қатаған,
Көптігің сенің қайда бар,
Үш атаның ұлысың,
Қазағымды қаптатсам,
Жұртта қалған күшіктей,
Айдалада ұлырсың!..







Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін,
Шығарма Қатаған үніңді!
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді!








Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды;

  • мысалдар арқылы өз ойын дәлелдейді;

  • көңілге түйгенін жазып, ойын қорытындылайды.






Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Оқу мақсаты

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтаңыз. Кейіпкерлердің қандай типтік образға жататынын зерделей отырып, «1 тезис, 3 дәлел» кестелерін толтырыңыз. Жауабыңызды тезистер мен дәлелдер арқылы жеткізіңіз.
1-кесте

Сүйінбай

Тезис


Дәлелдер

1- дәлел

2 -дәлел

3 -дәлел









2-кесте


Қатаған

Тезис


Дәлелдер

1-дәлел

2 -дәлел

3 -дәлел


















Дескриптор



Білім алушы




  • Сүйінбай мен Қатаған образдарын салыстыра отырып, кестені толтырады;

  • кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды.



Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Оқу мақсаты

7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма эпизодтарын талдайды

  • Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Қолдану



Тапсырма



Сүйінбай мен Қатаған образдарын айтыс эпизодтарынан дәлелдер келтіре отырып, салыстырыңыз. «Салыстырмалы картаны» толтырыңыз.

Сүйінбай

Қатаған

(Сүйінбай бейнесі қалай сипатталған?)

(Қатаған бейнесі қалай сипатталған?)

(айтыс эпизодтарынан дәлелдемелер)



(айтыс эпизодтарынан дәлелдемелер)


Дескриптор

Білім алушы




  • Сүйінбай мен Қатаған бейнесін салыстырады;

  • айтыс эпизодтарынан дәлел келтіреді;

  • шығарма эпизодтарына талдау жасайды.





Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Оқу мақсаты

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ,т.б.) қолданысын талдау





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма



Айтыстағы кейіпкерлердің тілге тиек еткен сөз түйдектерін негізге ала отырып, олардың қолданылу ерекшеліктерін кестеге түсіріңіз.



Кейіпкер

Тақырып

Астарлы сөз

Көркемдегіш құрал түрі

Мәні

Сүйінбай




Айдап келіп берерсің,
Алдыңдағы малыңды.









Он екі ата Жалайыр
Аршынға қолын сермеген,
Маңына дұшпан келмеген.









Қатаған


Маңдайыңды қақ жарып,
Қаныңды судай шашайын









Жетім құрыш қылышпын..
Хандар соққан құрышпын,
Тастан неге қайтайын?!












Дескриптор

Білім алушы




  • көркемдегіш құралдардың түрлерін анықтайды;

  • олардың қолданылу ерекшелігін талдайды.




Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

  • Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар жөнінде мысалдар келтіре отырып, «Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз (көлемі 120-140 сөз).
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Дескриптор

Білім алушы




  • шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды анықтайды;

  • нақты мысалдар келтіріп, шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды;

  • «Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында сөз көлемін ескере отырып, әдеби эссе жазады.



Оқылатын шығарма
тақырыбы Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»



Оқу мақсаты

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманы сюжетіне талдайды

Жоғары деңгей дағдылары











Тапсырма

Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінен берілген үзінділерді топта талдаңыз. «Әдеби шеңберге» қатысыңыз.


1. «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Бір сая бола ма деп шыбын жанға.
Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
Қарғалы деген тасқын бір өзенге.
Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -
Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол пристав жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.


2. Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.


«Әдеби шеңбер»
1. Баяндаушы. Өлең жолдары бойынша түсінгенін баяндау.
2. Байланыстырушы. Тарихи оқиғамен байланыстырып талдау.
3. Талқылаушы. Өлең жолдары бойынша сұрақтар құрастыру.
4. Белгілеуші. Өлең жолдарынан түйінді ойды баяндап тұрған маңызды тұстарын анықтау.





Дескриптор

Білім алушы




  • өлең жолдарын талдайды;

  • шығарманы тарихи оқиғамен сабақтастырады;

  • түйінді ой айтады;

  • негізгі идеяны анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет