Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды
Кейіпкер бейнесін талдайды
Қолдану
Тапсырма
Жыр жолдарын пайдалана отырып, кейіпкер типін жасалу тәсіліне қарай анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
...Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған.
...Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып, бұйырдың
Басын бер деп батырдың -
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
кейіпкерлер типін жасалу тәсіліне қарай анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
Оқу мақсаты
7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Жырдағы автор бейнесін анықтап, талдап жазыңыз.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайындай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлыңдай.
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлындай...
Мен өлсем, құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!
Дескриптор Білім алушы - жырдағы автор бейнесін анықтайды;
- автор бейнесін талдайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»