Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
2-ФО Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану
Тапсырма 
Мәтінді көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. 
Дескриптор 
Білім алушы  

сөйлемдерді қатесіз көшіреді;

тұрлаулы мүшелерді анықтайды. 
Шахтада 
Менің шахтаны көргім келді. Көкем сыйлаған қолшамды алып, шахтаға 
келдім.Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп 
есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор 
ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай тордың есігін жапты. Темір есіктің арғы 
жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.
37 


Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 
Оқу мақсаты 
3.4.2.8 Мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма 
сөйлемдерді ажырату 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінен жайылма сөйлемдерді тауып, жалаң сөйлемге айналдырып жаз. 
 
 
 
Дескриптор 
Білім алушы  

жайылма сөйлемдерді анықтайды

жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазады.
Жаз келді. Демалыс басталды. Әли мен Айя Астанаға келді. Қаланың көрікті 
жерлерін аралады. Оларға Бәйтерек ғимараты өте ұнады. Олар қалада ұзақ 
қыдырды. 
38 


3-
ТОҚСАН 
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну 
Оқу мақсаты 
3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, 
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды 
• 
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет