Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді мұқият тыңда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
• 
Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастыр.
• 
Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз. 
Дескриптор 
Білім алушы  

мәтінге жоспар құрастырады

мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады; 

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

орфографиялық нормаларды сақтап жазады; 

пунктуациялық нормаларды сақтап жазады. 
 
Талғаттың ерлігі 
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға 
шығуға дайын болатын. Талғаттың ұшағы әуеге тез көтерілді. Ұшқыштардың 
қимылын командир жерден бақылап тұр еді. Ол Талғаттың жауға жасаған 
шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң 
жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қаша бастады. Талғат 
Бигельдинов жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындады.
48 


Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету 
Оқу мақсаты 
3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, 
грамматикалық және стилистикалық қателерді 
мұғалімнің көмегімен тауып, түзету 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Тыныс белгілеріне қатысты қателерді анықтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді оқы. Соңғы сөйлемде жіберілген тыныс белгілік қателерді түзетіп, сөйлемді 
көшіріп жаз. 
Дескриптор 
Білім алушы  

сөйлемдегі пунктуациялық қателерді анықтап,түзетеді;

сөйлемді қатесіз көшіріп жазады; 

каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады. 
«
Мүсінші мысық» әңгімесінен үзінді 
Төре ауылы күзекке келгенде сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға 
жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтiн бiр досы бар. Ол төре баласы- Шоқан. 
Шыңғыс Құсмұрын елiне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екi 
бөлмелi кеңсе үйi салынған. Сол үйдiң жазғы, қысқы күзетшiсi - сары баланың 
әке-шешесi. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын 
елеңдете аяңдатып жетiп келдi. Ә дегенде тосырқап қалған сары бала балшықтан 
жасаған ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиiп тұра келдi. 
– 
Ей? Мысық. аман ба! Мына ойыншықты кiм iстедi – деп Шоқан сары балаға 
жылы амандасып - күлiмдей қарады,
49 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет