Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
2-ФО Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 
Оқу мақсаты 
3.4.2.3 
Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, 
етістік) табу 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Сөз таптарын ажыратады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану
Тапсырма 
Мәтінді оқы. Мәтіннен кестенің әр бағанына сәйкес 2 сөз тауып жаз.
Зат есім 
Етістік 
Сын есім 
Сан есім 
Дескриптор 
Білім алушы  

зат есімдерді анықтайды; 

етістіктерді анықтайды; 

сан есімдерді анықтайды; 

сын есімдерді анықтайды. 
Ахмет Байтұрсынов-қазақтың ғалымы, ағартушысы. Ахмет Байтұрсынов
Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын 
ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Ол Ахметті Торғайдағы екі сыныптық 
орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы төрт жылдық 
мектепке оқуға түседі. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. 
52 


 
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 
Оқу мақсаты 
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану
Тапсырма 
Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.
 
 
 
Негізгі сын есімдер 
Туынды сын есімдер 
Дескриптор 
Білім алушы  

негізгі сын есімдерді ажыратады; 

туынды сын есімдерді анықтайды.
Домбыра үйірмесі 
 
Мектепте әртүрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне барып жүрмін. 
Домбыра тарту – үлкен өнер. Домбыра – екі ішекті аспап. Мен осы аспапты тартуды 
үйренгім келеді. Домбыраның даусы майда қоңыр, құлаққа жағымды. Бұл 
қарапайым аспаппен әртүрлі шығармаларды орындауға болады. Үміт апай өте 
өнерлі адам, сондықтан ол домбыра тартуды жақсы үйретеді. Домбыра тілі барлық 
халықтарға ортақ. Ол қуанышты да, мұңды да білдіреді. Ол барлық адамға түсінікті. 
Кейде мен қоңыр даусыммен ән саламын. Менің дарынды домбырашы болғым 
келеді. 
53 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет