Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу



бет28/42
Дата23.10.2023
өлшемі218,64 Kb.
#120647
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі -emirsaba.org

Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу




Оқу мақсаты

2.3.2.1 Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және ас әзірлеу рецептісін жазу








Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Үлгіге сүйеніп хабарландыру жазады.






Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Денсаулық күніне арналған мереке туралы хабарландыру жаз. Мәтін құрауда берілген сұрақтарды пайдалан.
  • Мереке кімге арналады?


  • Қайда өткізіледі?


  • Қашан болады?


  • Кім өткізеді?





Дескриптор




Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес хабарландыру жазады;
- хабарландыруға қойылатын талаптарды сақтайды;
- сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
-сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады.



Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жазба жұмыстар жазу


Оқу мақсаты

2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу





Бағалау критерийі


Білім алушы


Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Мен Қордай ауылында тұрамын. Ауылым таудың бөктерінде орналасқан. Табиғаты сондай керемет!

Көктемде біздің ауылға біраз үй көшіп келді. Оларды ауыл адамдары қуанып қарсы алды. Күн сайын әр үй қонаққа шақырып, ерулік берді. Домбыра тартылды, ән айтылды. Жұрт бір-бірімен әзілдесіп, көңілді отырды. Ауылымызға көшіп келген туыстарды біз осылайша қарсы алдық.



  • Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.


  1. Мәтінде ауыл туралы не айтылған?


  2. Ауылға кімдер көшіп келді?


  3. Ауыл адамдары көшіп келгендерді қалай қарсы алды?




Жоспар:


  1. __________________


  2. __________________


  3. __________________



Тірек сөздер: таудың бөктері, көшіп келу,отбасы, қарсы алу, ерулік беру, қонаққа шақыру, домбыра, ән айту, туыстар, қарсы алу, қуану.


Дескриптор




Білім алушы
- мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
-пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет