Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Мәтінді дауыстап оқы.
Жағыпар мен Жапар көлге күн ұзақ қармақ салып, бірнеше шабақ ұстап алды. Оны өздерінің шелектеріне тазалап салып, астына от жағып пісірді. Сорпаға қосатын не тұз, не пияз, не бұрыш жоқ. Сонда да піскен соң, таза ауада рақаттанып іше бастады. Біріне-бірі:
- Сорпа дәмді болды, - десіп қояды.
Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол әзілдеп:
- Сорпа дәмді болсын, - деді.
- Өзі де дәмді, - деді Жағыпар.
- Аттан түсіп, дәм тат, - деді Жапар.
Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті:
- Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген ас дәмді, сіңімді болады, - деді күліп.
Жағыпар мен Жапар біріне-бірі жымия қарасты.
(Мәдіхат Төрежанов)
Мәтінге ат қой. ______________________________________________
Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
___________________________________________________________________
|