Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға



бет5/39
Дата15.06.2022
өлшемі10,88 Mb.
#36925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
b aza-tl-t1 -2-synyp

Бөлімше 1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту




Оқу мақсаты

2.1.7.1 Сөз ішінде дауысты дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (бүгін-бүгүн, түтін - түтүн, көсеу – көсөу, т.б.)



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейлері



Қолдану

Тапсырма

Өлеңді мұқият тыңда.


Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,


Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
(Міржақып Дулатов)



  • Үлгіге сүйеніп, берілген сөздердің үндесіп айтылуын көрсет.

Үлгі: Бүгін-бүгүн

Сүйетұғын - ____________________________







Күйетұғын - ____________________________



Жүретұғын - ____________________________



Ұйқысын - _____________________________



Бөліп - ________________________________



  • Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесіп айтылуына өзің бірнеше мысал келтір.






Дескриптор Білім алушы

  • берілген сөздерді дыбыс үндестігін сақтай отырып айтады;

  • дауысты дыбыстардың үндесіп айтылуына өздігінен мысал келтіреді.


Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру





Оқу мақсаты

2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру





Бағалау критерийі

Білім алушы

және жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.




Қолқанат

Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен.
Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады.
Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады.
Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
- Қолқанатым менің!- дейді.

Мәтіннің мазмұны бойынша нақты деректерді анықтауға арналған екі сұрақ құрастыр.


1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________


Жұптық жұмыс.
Жұпта бір-біріңе дайындаған сұрақтарға жауап бер.



Дескриптор Білім алушы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет