Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы


Тақырып  Оғыз мемлекеті  Оқу мақсаты



Pdf көрінісі
бет8/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Тақырып 
Оғыз мемлекеті 
Оқу мақсаты
6.3.1.2 VI-
IX 
ғасырлардағы 
мемлекеттердің 
даму 
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын анықтау 
Бағалау критерийі
Білім алушы

Оғыз мемлекетінің саяси жағдайын анықтайды

Оғыз мемлекетінің сыртқы саясатын сипаттайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну 
Тапсырма 
Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.Оғыз мемлекетіндегі ақсүйек – шонжарлардың кеңесі:
А) Құрылтай 
В) Шерби 
С) Қаңқаш 
Д) Ихта 
Е) Сойырғал 
2. Оғыздарды қызықтырған Еуропа мен Азияны байланыстыратын сауда жолдары:
А) Қара теңіз бен Дон 
В) Үстірт пен Еділ бойы 
С) Кавказ бен Қара теңіз 
Д) Орта Азия мен Қытай 
Е) Дон мен Еділ 
3. «Оғызнама» деректеріне қарағанда жабғу өзінің жерін бөлген аймақ саны:
А) 10 
В) 24 
С) 12 
Д) 22 
Е) 15 
4.1041 жылы Хорезмді жаулап алған, Әли ханның мұрагері: 
А) Арслан хан 
В) Рустем 
С) Шахмәлік 
Д) Ұрысбек 
Е) Осман 
5. Оғыздар айырбас сауда жүргізді:
А) Ресей,Сібір 
В) Үндістан, Иран 
С) Орта Азия, Қытай 
Д) Византия, Иран 
Е) Қытай, Иран 
13 


6.Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты дамыған түрі: 
А) Құмыра жасау 
В) Зергерлік бұйымдар жасау 
С) Малдан алынған өнімді өңдеу 
Д) темір ұсталығы 
Е) Егіншілік 
 
2.
Мәтін мен жырдың үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтар бойынша сипаттама жасаңыз. 
 
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы 
оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, 
Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-
экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері 
үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз 
маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен 
одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. 
X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл, бір 
жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, 
екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен 
түсіндіріледі. 
Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 
жылы Хорезмді басып алды. 
Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. 
Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз 
мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» 
деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді. 
«Оғызнама» жырынан үзінді: 
Ей, ұлдарым менің 
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім. 
Талай-талай шайқасты көрдім
Садақ тартып, оқ аттым, 
Дұшпандарымды жылаттым, 
Достарымды күлдірттім. 
Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім. 
Ел – жұртымды сендерге табыс етем. 
1.
Деректе қандай кілт сөздер бар және олар қандай мағынаны білдіреді? 
2.
Автор қандай ой-пікірді білдіргісі келеді? Деректегі ақпаратты жинақтап
тұжырымдаңыз. 
3.
Деректегі ақпараттың құндылығы неде?
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ 
14 


 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет