Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы


Тақырып  Қимақ қағанаты  Оқу мақсаты



Pdf көрінісі
бет10/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
қалыптастырушы бағалау 7б

Тақырып 
Қимақ қағанаты 
Оқу мақсаты
6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара 
экономикалық байланыстарын анықтау 
Бағалау критерийі
Білім алушы

Қимақтардың қала мәдениетінің дамуын сипаттайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну 
Тапсырма

Деректерді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
А-дерек:
Әл-Идриси: «Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік 
қоршалған, 
ішінде 
базарлары, 
ғибадатханалары 
бар 
ірі 
қала».
В-дерек:
Тамим Баһр: «Қимақтарда қала мәдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ 
қағанының қолбасылық ордасының жанында тұратын қала және оның атырабында егін 
егетін отырықшы мекендері бар».
С-дерек:
Әбу Даулап: «Қимақ жазу мәдениеті болды, оларда өздері жазу жазатын қамыс 
өседі».
D-
дерек
: Гардизи: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап қимақтар 
әрқайсысы өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады.
Бұдан әрі Ертіс өзені жатыр. Ол жерден қимақ елі басталады. Өзеннің екі жағалауыңда да 
жайылып жүрген жылқы үйірлері, олар кейде мыңнан екі мыңға дейін жетеді. Бұл 
жылқыларды ұстау қиын. Кейде арқанмен ұстап, үстіне мініп, бас білдіреді. Сонда, ғана 
қолға үйренеді. Ертіс үлкен өзен, бір жағында тұрған адам, арғы жағадағы адамды тани 
алмайды...Өзеннің суы қап-қара. Ертістен өтсең қимақтардың шатырларына барасың... 
Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Түйелері болмайды. Егер саудагер 
түйе алып келе қалса, ол түйе бір жылдан артық тұра алмайды. Себебі шөптің тұзы жоқ. 
Егер біреу тұз алып келетін болса, ол үшін бұлғының терісін алады. Жазда бұлар бие сүтін 
ішеді, оны "қымыз" деп атайды. Қысқа қойдың, жылқының, сиырдың етін кептіріп сақтап, 
сүр етіп жейді. Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста 
жылқыларын алыстағы жер асты суы сақталатын жерге айдап барады. Ол Оқ-таг деп 
аталады... Ағаштан жасалған астауға су сақтайды. Қар қалың жауғанда осы суды ішеді
өйткені қалың қар жылқының суатқа түсуіне жол бермейді. Қимақтар бұлғын мен мумарды 
аулайды» 
1.
Берілген деректерді кім, қашан, неге, кімге арнап жазғандығын анықтаңыз.
2.
Деректерде кездесетін жер-су аттарын жасыл түсті (мәтінді түрлі түстермен
белгілеуші) хайлайтермен белгілеңіз.
3.
Қимақтардың шаруашылығы, тұрмысы мен қолөнері сипатталатын ақпаратты сары
түсті хайлайтермен белгілеңіз.
4.
Рухани мәдениеті сипатталатын ақпаратты күнгірт түсті хайлайтермен белгілеңіз.
5.
Деректердегі түсініксіз ақпаратты/сөздерді қызыл түсті хайлайтермен белгілеңіз.
6.
Анықтап, белгілеген ақпараттар бойынша 2 қорытынды шығарыңыз.
17 


Дескриптор
Білім алушы 

берілген деректерді кім, қашан, неге, кімге арнап жазғандығын 
анықтайды; 

деректерде кездесетін жер-су аттарын жасыл түсті хайлайтермен 
(мәтінді түрлі түстермен белгілеуші) белгілейді; 

Қимақтардың 
шаруашылығы, 
тұрмысы 
мен 
қолөнері 
сипатталатын ақпаратты сары түсті хайлайтермен белгілейді; 

рухани мәдениеті сипатталатын ақпаратты күнгірт түсті 
хайлайтермен белгілейді; 

деректердегі түсініксіз ақпаратты/сөздерді қызыл түсті
хайлайтермен белгілейді; 

белгілеген ақпараттар бойынша 2 қорытынды шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет