Бағалау критерийі Білім алушы
• Түзулердің параллельдігін дәлелдейді
• Түзулердің параллельдік белгілерін қолданып, есептер
шығарады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Есепті шығарыңыз:
Суретте AB=BC, EC=ED болса, AB мен ED түзулерінің параллельдігін дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін пайдаланады;
вертикаль бұрыштардың теңдігін қолданады;
ішкі айқыш бұрыштардың теңдігін пайдаланады;
түзулердің параллельдігін дәлелдейді.
КР түзуі АВ түзуін К нүктесінде, ал СD түзуін Р нүктесінде қияды. Егер ∠AKP = 900 және ∠KPC = 900 болса, онда АВ мен СD түзулері параллель бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Дескриптор Білім алушы
2-тапсырма
Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда шыққан бұрыштардың бірі 770. Қалған бұрыштарды табыңыз. (Сызбасын салып көрсетіңіз).
Дескриптор Білім алушы
сызбасын салады;
түзулердің параллельдік белгілерін қолданады;
қалған бұрыштардың мәндерін табады.
Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы ішкі тұстас бұрыштарының айырмасы 400.
Осы бұрыштарды табыңыз.
Дескриптор Білім алушы
ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 екенін пайдаланады;
теңдеулер жүйесін құрады;
теңдеулер жүйесін шешеді;
бұрыштардың мәндерін табады.
Суреттегі e және d түзулері параллель бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Дескриптор Білім алушы
вертикаль / айқыш / тұстас бұрыштардың қасиетін пайдаланады;
сыбайлас / вертикаль бұрыштардың қасиетін қолданады;
параллель түзулерді көрсетеді;
өз жауабын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |