Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 7-сынып Құрметті мұғалім!


Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»



бет2/17
Дата18.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#94193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
fo geometriya 7kl kaz

Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»


Оқу мақсаты 7.1.1.1 планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте,
түзу
7.1.1.2 нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын
білу және қолдану


Бағалау критерийі Білім алушы

• Негізгі фигураларды сызба бойынша анықтайды


• Нүктелер мен түзулердің өзара орналасуын


анықтайды

• Есеп шарты бойынша сызбаны орындайды




Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану


1-тапсырма
Әр геометриялық фигура үшін дұрыс белгілеуді пайдаланып олар бейнеленген сурет номерлерін теріп жазыңыз:



№1 сурет.

№2 сурет.

№3 сурет.

№4 сурет.




№5 сурет.

№6 сурет.

№7 сурет.

№8 сурет.

Нүкте: суреттер № _________________


Түзулер: суреттер №___________________


Дескриптор Білім алушы



  • нүктелер дұрыс белгіленген суреттерді көрсетеді;

  • түзулер дұрыс белгіленген суреттерді көрсетеді.

2-тапсырма



  1. А, В және С нүктелерін олар арқылы түзу жүргізе алатындай етіп салыңыз. Осы түзуді қалай атауға болады? Барлық жағдайларды жазып көрсетіңіз.




  1. Түзу бойынан K, M және N нүктелерін мына шарттар орындалатындай етіп белгілеңіз: K және M нүктелері N нүктесінің бір жағында жататындай, ал K және N нүктелері M нүктесінің бір жағында жататындай.



Дескриптор Білім алушы



  • берілген үш нүктені бір түзу бойында жататындай етіп салады;

  • түзу атауының барлық жағдайларын жазады;

  • есеп шарты бойынша нүктелердің түзудегі орналасу ретін анықтайды.

4


3-тапсырма
m және n түзулері С нүктесінде қиылысады, ал С дан өзге Н нүктесі m түзуінде жатыр. Н нүктесі n түзуінде жата ма?


Дескриптор Білім алушы



  • m және n қиылысатын екі түзуді жүргізеді;




  • С қиылысу нүктесін белгілейді;

  • шартты қанағаттандыратын Н нүктесін бейнелейді;

  • Н нүктесінің тиістілігін анықтайды.

5


Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»


Оқу мақсаты 7.1.1.5 кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық
анықтамаларын білу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Геометриялық фигураларды анықтайды




Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі


1-тапсырма
Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз:


Тұжырым

Бұрыш дегеніміз бір нүктеден шығатын екі кесіндімен жасалған геометриялық фигура


Жарты жазықтық – түзудің бір жақ бетінде орналасқан жазықтық бөлігі
Үшбұрыш түзулермен қосылған үш нүктеден тұратын фигура Түзудің нүктемен шектелген бөлігі сәуле деп аталады Кесінді – ең қарапайым геометриялық фигура Кесінді – екі нүктемен шектелген түзу бөлігі

Нүктелер латын алфавитінің кіші әріптерімен, ал түзулер үлкен әріптерімен белгіленеді.


Сәуленің екі шеті болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет