Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет61/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

 
 
Дәріс № 11. Жеке гормондардың сипаттамасы 
Дәрістің жоспары: 
11.1. Гипофиз бөлімдерінің гормондары. 
11.2. Гипофиздің ортаңғы және артқы бөлімдерінің гормондары. 
11.3. Эпифиз, айырша безі және қалқансерік бездерінің гормондары. 
11.4. Қалқанша бездің гормондары. 
11.5. Ұйқы безінің гормондары. 
11.6. Бүйрекүсті бездердің гормондары. Глюкокортикоидтар. 
11.7. Бүйрекүсті бездерінің гормондары. Минералокортикоидтар. 
11.8. Бүйрекүсті безінің милы қабатының гормондары. 
11.9. Жыныстық гормондар. 
11.10. Плацента (бала жолдасы) гормондары. Тіндік гормондар. 
11.1. Гипофиз бөлімдерінің гормондары 
Ішкі сөлініс бездерінің ішінде гипофиз ерекше орын алады. Оны орталық 
без деп те атайды. Себебі, оның троптық гормондары басқа сөлініс 
бездерінің қызметтерін реттейді. Гипофиз мидың түп жағындағы түрік 
ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы 
бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – 
меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады. 
Гипофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофизде бөлінетін гормондар екі 
топқа жатады: эффекторлық (соматотропин және пролактин) және троптық 
(бағыттаушы) гормондар (ТТГ- тиреотропин, АКТГ – адренокортикотропин, 
ГТГ –гонадотропин). 
Аденогипофиздің эффекторлық гормондары:
1. Өсу гормоны (СТГ – соматотропин) дене (бой) ұзындығын реттеуге 
қатысады. Бұл гормонның мұндай қасиеті организмдегі ақуыздардың түзілуі 
мен алмасуын күшейтуіне байланысты. Соматотропиннің әсерінен қол мен 
аяқтың ұзын сүйектерінің эпифизарлық шеміршектерінің өсуі күшейеді, бұл 
сүйектер ұзындығының ұлғаюына келтіреді. Сонымен қатар, соматотропин 
азот тепе-теңдігін өзгертіп, организмдегі азот мөлшерін көбейтеді, кальций, 
фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, гликогеннің ыдырауын 
(гликогенолиз) тездетеді. Аденогипофиздің гормон шығару қызметі 
төмендегенде (гипофункция), әсіресе соматотропиннің жеткіліксіздігі, адам 
бойының өспей қалуына келтіреді. Мұндай өзгерісті гипофиздік ергежейлі 
(нанизм) деп атайды. Соматотропин шектен тыс көп болса (гиперфункция), 
әсіресе балалық шақта, адамның бойы тез өсіп 200-250 см дейін жетуі 
мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигантизм) дейді. Ал мұндай жағдай 
ересек адамда болса, ол акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің 
өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, жағы, ерні, мұрыны, саусақтары) өседі. 
2. Пролактин – сүт безінің қызметін қолдап, сүттің шығуын үдетеді. Оның 
сүт бездеріне әсері аналық гормондардың (эстроген, прогестерон) әсерінен 


кейін байқалады. Эстрогендер сүт безінің өзектерінің дамуына, ал 
прогестерон оның альвеолаларының жетілуіне келтіреді. Босанған әйелде 
пролактиннің бөлінуі күшейіп, емшектен сүт көп шығады (лактация), сүттің 
сапасы, майлылығы, дәмі артады. Сонымен қатар, пролактин сары дененің 
ұзақ уақыт қызмет атқаруын және ондағы прогестерон гормонының бөлінуін 
қолдайды (лютеотроптық әсері). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет