Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Гипофиз гормондарының түзілуінің гипоталамуспен реттелуі



Pdf көрінісі
бет64/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Гипофиз гормондарының түзілуінің гипоталамуспен реттелуі 
Гипоталамустың нейрондарында нейросекрет түзіледі. Гипофиздің 
алдыңғы бөлігінің гормондарының түзілуіне келтіретін нейросекрет өнімдері 
либериндер, ал оларды тежейтін өнімдер – статиндер деп аталады. Бұл 
заттар гипофиздің алдыңғы бөлігіне қан тамырлары арқылы келеді. Сөйтіп, 
гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының түзілуі кері байланыс 
принципі бойынша жасалады. Аденогипофиздің бағыттаушы (троптық) 
қызметі мен шеткі ішкі сөлініс бездерінің арасында екі жақты қатынас бар: 
троптық гормондар шеткі сөлініс бездері қызметін белсендіреді, ал олар 
өздерінің әрекеттік жағдайына байланысты троптық гормондардың 
өндірілуіне әсер етеді. Мұндай аденогипофиздің екі жақты байланысы 
қалқанша без, жыныстық бездер және бүйрекүсті бездерінің араларында 
болады. Бұл байланыстарды «плюс-минус» өзара әрекеттесу деп атайды. 
Мысалы, троптық гормондар шеткі сөлініс бездерінің қызметін қолдап
күшейтеді («плюс»), ал шеткі бездердің гормондары, керісінше, гипофиздің 
алдыңғы бөлігінің гормондарының өндірілуі мен бөлінуін басып төмендетеді 
(«минус» әсері). Осындай кері байланыс гипоталамус пен аденогипофиздің 
араларында да байқалады. Қандағы гипофиз гормондарының мөлшері 
көбейгенде, гипоталамустың нейросекрециясы төмендеп тежеледі. 
Вегетативтік 
жүйке 
жүйесінің 
симпатикалық 
бөлімі 
троптық 
гормондардың түзілуін күшейтеді, ал парасимпатикалық – тежейді. 


11.3. Эпифиз, айырша безі және қалқансерік бездерінің гормондары 
Эпифиз төрт төмпешіктің алдыңғы дөңесінің үстінде орналасқан. Бездің 
салмағы 100-180 мг шамасында, оның қызметі мен маңызы осы уақытқа 
дейін жеткіліксіз зерттелген. Қазіргі кезде эпифиз тіндерінен бірнеше 
биологиялық белсенді заттар – мелатонин, серотонин, гистамин
гломерулотропин т.б. бөлетіні анықталған.
Мелатонин – пигменттік алмасуды реттеуге қатысады, терінің 
жасушаларын (меланоциттерді) түссіздендіреді. Гипоталамус арқылы әсер 
етіп жыныс бездерінің қызметін тежейді: жас организмде жыныстық жетілуі 
мен ересектерде гонадотропиннің әсері тежеледі. Сондықтан эпифиздің 
қызметі күшейгенде (гиперфункция) ерте жыныстық даму, ал қызметі 
жетілмегенде (гипофункция) семіру және гипогенитализм құбылысы 
байқалады. 
Гломерулотропин – бүйрекүсті безінің қыртысындағы альдостерон 
гормонының сөлінісін жігерлендіреді (стимуляция). 
Соңғы кездегі зерттеулермен эпифиздің организмдегі биологиялық 
«сағат» ролін атқаратындығы, жылу реттеуге қатысы, су мене тұздың 
алмасуына қатынасы, басқа ішкі сөлініс бездерге әсерлері анықталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет