Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Қисса-Жүсіп» (ХІІІ  ғ.)  жəне  «Жүсіп-Зылиха» (ХХ  ғ



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
«Қисса-Жүсіп» (ХІІІ  ғ.)  жəне  «Жүсіп-Зылиха» (ХХ  ғ. 
басы) нұсқасы. 
Қазақ  арасында  «Жүсіп-Зылиха»  деген  атпен  белгілі  бол-
ған  бұл  сюжеттің  негізін  ежелгі  мифтерден,  Таурат  пен  Ін-
жіл,  Құран  оқиғаларынан  алып,  алғаш  түрік  əдебиетінде 
ХІІІ ғасырда (1212-1233 жылдар арасы) тірілткен адам – Əли. 
Одан  кейінгі  ХV  ғасырда  «Иусуф  уа  Зулайха»  атты  поэма 
жазған  Дүрбек,  өзін  осы  сюжетті  түрік  тілінде  бірінші  жаз-
ған  кісімін  деп  білген  (Дүрбек., 1959-22-23). Науаиды  зерт-
теуші  ғалымдар  оның  ақындар  антологиясындағы  үш  жүз 
отыз  алты  ақын  өмірінен  келтірген  деректерінің  ішінде 
«Қисса  Жүсіптің»  туындыгері  Əли  туралы  ештеңе  айтыл-
майтынын  көрсетеді  (Джавад  Алмаз., 1960-2). Олай  болса, 
бұл  шығарма  Дүрбек  пен  Науаи  өмір  сүрген  ортаға  белгісіз 
деген сөз.
Ал, «Қисса  Жүсіпті»  көбірек  зерттеген  татар  ғалымдары 
Тагиржанов  Г.,  Джавад  Алмаз,  Усманов  М.,  Хисамов  Н.Ш. 
бұл  ескерткішті  ежелгі  Бұлғар  бойынікі  деген  дəлелдер  кел-
тіруге тырысады. (Тагирджанов Г., 1970; Усманов М.А., 1972; 
Хисамов  Н.Ш., 1979). Одан  бұрынырақтағы  орыс  түрко-
логтары  Самойлович  А.Н.,  Бертельс  Е.Э.,  Броккельман  К., 
Э.Нəжіп  сияқты  ғалымдар  бірі – Кіші  Азияда,  бірі – Орта 
Азияда,  бірі – Еділ  бойында  туған  дейді.  Орта  Азияда  туды 
деуіне  себеп  болған  нəрсе – Əли  қиссасының  сопылық 
көзқарастары  тұрғысынан  Ахмет  Йассауи  «Хикметтеріне» 
ұқсастығы болатын (Тюркологический ... 1972).
Біз неміс ғалымы К.Броккельман айтқан, бұл қиссада оғыз 
тілінің элементтері көптiгiн тілге тиек ете отырып, оны Бұл-
ғар  ескерткіші  дегеннен  гөрі,  оғыздардың  ежелден  мекені 
Сыр  бойы  екенін  ескеріп,  осы  өңірде  туған  қисса  деген  пі-
кірге  келеміз.  Бұл  қиссаның  қазақ  арасында  кең  тарағанын 
ХХ  ғасыр  басындағы  Жүсіпбек  Шайхұсламұлы,  Құлмұхам-
мед  Байуғлы  нұсқаларының  жазылуынан  аңғаруға  болады 
(Қыраубаева А., 1988-59-60). «Қисса Жүсіптің» Йассауи шы-


119
118
ғармаларының  дəстүрін  жалғастырғаны  жөнінде  Қожа-тү-
рік  Анкарадан  шыққан  «Түрік  əдебиеті  тарихы» (1964) ең-
бегінде: «Йассауидің  діни  шығармаларында  қалыптасқан 
түрік  төрттағандары  үлгісінде  өлеңмен  жазылған  Əли  ро-
маны қандай тамаша!» – деп тамсанады. 
Əлидің «Қисса-Жүсібі» қарапайым, түсініктілігімен ерек-
шеленеді.  Өйткені,  онда  ежелгі  «Иосиф»  мифтерінен  (ол 
ту ралы бірінші тарауда айтып өткенбіз) Иосиф пен Потифар-
дың  жұбайының  оқиғасы  ғана  бөлек  алынып,  басқаларын 
осы фабулалық желінің айналасына жинақтаған. Сөйте тұра, 
өзіне  дейін  Фирдоуси,  Ансари  жазған  парсы  поэзиясының 
ықпалына  берілмей,  түрік  өлеңінің  үлгісімен,  төрт  жолды 
өлең  түрімен  шығарады.  Тағы  бір  ерекшелігі – түрік  фольк-
лорын  пайдаланады.  Осылардың  өзі  Əли  шығармашылы-
ғынан  түрік  Оянушылығының  көріністері  байқалатынды-
ғының  куəсі  деуге  болады.  Осы  тұста  Е.Э.Бертельстің  мына 
пікірін келтіре кеткен жөн:
«Əли  парсылық  туындыгерлердің  ізімен  кеткен  жоқ.  Өз 
халқының  өлең  үрдісін  сақтап  отырып,  шығармасын  төрт-
таған  түрінде  ааба  схемасымен  жазып  шыққан.  Бұл  өлең 
түрі  бірқатар  түркі  халықтарында  қазіргі  күнде  де  қолданы-
лады (Бертельс Е.Э., 1939. №9). 
«Қисса-Жүсіптің»  көшірмелері  Берлин,  Дрезден,  Ленин-
град,  Қазан  қалаларында  сақтаулы.  Қазан  кітапханаларынан 
жəне  жеке  адамдардан  жүзге  жуық  көшірмелері  табылған 
(Джавад  Алмаз, 1960). Бірнеше  рет  кітап  болып  басылған. 
Бұл  қиссаның  қазіргі  қазақ  тілінде  белгілі  қиссашыл  ақын 
Жүсіпбек қиссасын қатар ала отырып қарастырдық. 
Жүсіп пайғамбар оқиғасын парсы-түрік тілдерінде көпте-
ген  ақындар  жазды.  Оның  түпкі  нұсқасы,  əрине,  Құранның 
12-сүресі  жəне  Фирдоуси  жырлаған  «Жүсіп-Зылиха».  Бірақ 
Əли,  Жəми,  Дүрбек – үшеуі  сүйенген  бір  ортақ  негіз  ХІ 
ғасырда  өмір  сүрген  Герат  ғалымы  Абдаллах  Ансаридің 
(1006-1088)  прозалық  сюжеті  екені  анықталып  отыр.  Оны 
алғаш  салыстырып  зерттеген  Е.Э.Бертельстің  шəкірті  өзбек 
ғалымы  Э.Р.Рустамов (1966), татар  ғалымы  Н.Ш.Хисамов 
(1979)  болды.  Ал  Фирдоуси  «Жүсіп-Зылихасын»  жазғанда 
ІХ  ғасырда  өмір  сүрген  Табаридің  Құран  тефсірін  қарағаны 
мəлім.  Рабғузидің  «Қисас-ул  əнбиасындағы» «Қисса-Жүсі-
бі»  Ансаридің  ғазал  аралас  келіп  отыратын  прозалық  шы-
ғармасы «Анис Мүридин уа шамс ал-маджалисіне» «Мүрид-
тер  досы  жəне  мəжілістер  күні»)  сүйеніп  жазылған  деген 
пікір бар. 
Əли  бұл  шығармасын  араб-парсы  тіліндегі  кітаптардан 
алған-дығын өзі де көрсеткен: 
Исуф саучы қиссасын қылдұқ ғайан,
Ғараб ғажам діл етдінче қылдұқ байан. 
(Қисса  мəтіні  Қазан  баспасынан  түсірілген  микрофильм-
нен  жəне  Хисамов  Н.Ш.  ұсынған  нұсқалардан  алынды.  Ау-
дармасын өзіміз жасадық). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет