Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет44/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
«Қыпша қыз бен Қасым» (Бейжин баспасы). Бұл қиссада 
атақты  бір  патшаның  жалғыз  ұлы  алыс  сапарда  қайтыс 
болғаны,  оған  жолдасы  қылып  қосып  жіберген  Қасымның 
оқиғалары  əңгіме  болады.  Сандық  тауып  алып,  ішінен  сұлу 
қыз  шығуы,  Қасымға  қосылып,  одан  баласы  өлген  патшаға 
баруы  баяндалады.  Қыпша  қыз: «Патша  сөзіңе  сенбей, 
қаһарланып  басыңды  кесер,  сақтық  үшін  он  мың  əскер  ала 
жүрелік», – дейді.  Қасым  мен  Қыпша  қосынымен  патшаға 
барады.  Қыпша  қыз  көп  қосынымен  елдің  шетінде  қалып, 
Қасым  аз  əскермен  ордаға  кіреді.  Қасым  патшаға  бастан 
кешкеннің  бəрін  айтады.  Ал,  патша  бұған  сенбей,  зынданға 
тастамақ болады. Қыпша қалың қолмен орданы басып алып, 
патшаны  өлтіреді.  Таққа  Қасым  отырады.  Сөйтіп,  Қасым 
екі  елге  де  əділ  патша  болғаны  айтылады.  Оқиға  қазақ  өмір 
тіршілігіне жақындай түскен. 
«Мың  бір  түн»  желілерінде  жиі  кездесетін  сюжеттің  бірі 
адамның  аңға,  құсқа,  маймылға  айналуы.  Аңға  айналған 
адамдар  өзінің  адамдық  ой-санасын  сақтайды,  адамша  ой-
лайды.  Адамды  аңға  айналдыратындар,  көбіне,  əйел  кейіп-
керлер. Олардың құралы – су. Суды дуа оқып, шашады.
«Мың  бір  түнде»  Нұғманды  дуахант  əйелі  итке  айналды-
рып  жібереді.  Барлық  ит  жабылып  қуған  соң,  ет  шапқыш-
тың  үйінің  жанында  тастаған  сүйек-саяғымен  күн  көреді, 
наубайшының  наубайханасын  қориды.  Бір  күні  нан  сатып 
алған  əйелдің  берген  ақшасының  ішінен  жалған  теңгені 
тұмсығымен  бөлек  шығарып,  абырой  алған  соң,  иттің  осы 
қасиетін  естіген  бір  əйел,  оны  үйіне  ертіп  əкеліп,  адам  еке-
нін  сезіп,  қайтадан  дуа  оқыған  суды  шашып,  қалпына 
түсіреді.  
Қазақ  ертегілері  мен  аңыздарында  бұл  сюжеттің  көпте-
ген  нұсқалары  бар.  Кете  Жүсіп  (Ешниязов) «Сұрмерген» 
атты  дастан  жазған.  Бұл  таза  қиссалық  шарттардан  арыла 
түсіп,  аралық  дастанға  айнала  бастаған  түрі  болғанымен, 
негізі  «Мың  бір  түннен»  алынып,  оқиға  қазақ  өмір  тірші-
лігіне жақындай түскен.
«Сұрмергенде»  Ақбай  деген  жігітті  алғалы  жүрген  қа-
лыңдығы  итке  айналдырады.  Оны  іске  асыратын  тылсым 
– Сүлейменнің жүзігі. Ақбай енді қала өміріне тəн кейіпкер-
лер  ет  шапқыш,  наубайшылар  емес,  дала  өмірінің  шынайы 
өміріне  сай,  дəулетті  біреудің  үйінің  желкесіне  жатып  ала-
ды.  Қойына  шапқан  екі  қасқырды  өлтіріп,  абырой  алады. 


241
240
Иттің  забтығын  айтып,  аузын  жия  бергенше,  үйіне  қонақ 
келіп,  күйеудегі  қызының  ауру  екенін,  бақсы  əкесінің  үйін-
дегі итін алып кел дегенін баяндайды. Сөйтіп, итті жетектеп 
алып келеді.
Барды да босағаға байлап қойды,
Еркіме жіберместен олай-бұлай.
Бір бүркіт сол уақытта келді аспаннан,
Екпіні дарияны етіп ылай.
Сол қыздың кеудесіне мініп алып,
Өкпесін суырмаққа дегізді: «Ойбай!»
Мен барып алқымынан ала кеттім,
«Тəуекел, көрейін», – деп, берсе абырой.
Жалынды сонда маған сол қарақұс,
Бұл істі істеппін деп абайламай.
(Бұл  қарақұс  бейнесінде  келген  ауру  болатын).  Ақбай 
қарақұсты  аяп  босатады.  Сөйтіп,  қыз  ауруынан  жазылған 
соң,  Ақбай  баяғы  қалыңдығының  жайын  білмекке  тағы  ба-
рады. Қалыңдығы қайтадан торғайға айналдырады. 
Торғай-Ақбайды  балалар  ұстап  алып,  əбден  азаптайды. 
Бір  күні  бір  қайыршы  кемпір  балалардан  торғайды  сұрап 
алып,  үйіне  əкеліп  бағып,  қанатының  астына  қолын  тығып 
көріп:
Бұл етің ұшуыңа енді жарар,
Сен – қара ит, мен қарақұс болған кезім.
Өмірден емес еді ұмытылар,
Сондағы қара құсың – осы кемпір,
Ойыңнан бұл уақытта шыққан шығар, – дейді.
Кемпірдің  ақылымен,  Ақбай  қалыңдығының  үйіне  үшін-
ші  рет  келеді.  Кіре  салысымен,  қалыңдығының  бұрымының 
астынан  жүзікті  тауып  алып: «Шошқа  бол,  шошқа  бол!» 
–  дегенде,  бірі – қабан,  бірі – мегежін  болып  үйден  шыға 
жөнеледі.  Туындыгер  бұл  жерде  қазақ  жерінде  кездесетін 
аңдарды  алады.  Қазақ  оқырманы  үшін,  маймылға  не  бұзауға 
айналғаннан  гөрі  ит,  торғай,  қабан  шындыққа  жанасымды 
болатынын  сəтті  ойластырған.  Оқиғасын  өте  қызықты  етіп, 
жұмбақтай қиыстырып, əсерлі жазған. 
«Адамның  əйелдің  кесірінен  итке  айналу»  желісі  Мей-
рам  Жан айдарұлының (1895 ж.) «Дала  уəлаяты»  газетінде 
жарияланған  «Мың  бір  түннің  хикаясы»  атты  дастанында 
да берілген (Қисса... 1986-318).
Бұзылған бұл замана ақыр екен,
Бишара қатынға ерген пақыр екен.
Бір күні аңдаусызда кіріп келсем,
Бассалып бір қара құл жатыр екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет