Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет42/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
«Кесік  бас» («Кесілген  бас»). «Кесік  басты»  Олжабай  ақын 
жазған. 
Иранда Судан деген уəлəятта Сағит атты хан күлəпсанмен 
(қотыр)  ауырып,  ат  жетер  жерден  емшілер  іздейді.  Юнан 
жұртында Добан деген емші бар еді. 
Добан  ханның  сау  кезінде  немен  айналысып,  неге  қы-
зыққанын  сұрап  біледі.  Сөйтсе,  хан  нөмірленген  допты 
таяқтың ұшымен ұратын «лата» деген ойынды жақсы көреді 
екен. 
Добан  ханның  қолына  сүйріктей  таяқ  беріп: «Осымен 
допты ұрыңыз», – дейді. Хан болдырғанша доп ұрады, содан 
үйіне əкеліп, тойғанша тамақ ішкізіп, орап төсекке жатқыза-
ды.  Дəрінің  уыты  денеге  жайылған  соң,  хан  қара  терге  тү-
сіп,  тырп  етпей  ұйықтайды.  Ертеңіне  қараса,  қотыры  сыпы-
рылып түсіп қалған екен. 
Сағит  ханның  Добанға  риза  болып,  оның  дəрежесін  кө-
теруі  уəзірлеріне  ұнамайды.  Залымдықпен  екі  араға  от  жа-
ғуға  тырысады: «Юнан  ханы  бізбен  қас,  Добанды  əдейі 
жіберіп,  еліңді  бағындырудың  айласын  ойлап  отыр», – дей-
ді.  Хан: «Қайтіп  мен  жақсылығын  ұмытамын,  дұшпандық-
тың  бір  белгісі  білінген  жоқ», – дейді.  Уəзірлері  алдап,  До-
банды өлтірмекке көндіреді. 
Ханның  уəзірлерінің  қастандығын  сезген  Добан,  алып 
кетуге  жендеттер  келген  соң: «Менің  бір  ғылымнан  жиған 
кітабым бар еді. Өзім өлсем де, сол кітабым артымда қалып, 
ханға қызмет етсін, кітабымды алып келейік, басымды кесіп 
алған соң, кесік басым мəн-жайын түсіндіреді», – дейді. 
Добан айтты:
«Алдында мынау леген,
Ішінде мақтасы бар дəрімен.
Басымды бір-ақ шауып, қан ағызбай,
Мақта үстіне отырғыз сақтықпенен.
Хан  кітапты  қолына  алған  соң,  Добанның  басын  шауып 
алып,  легенге  салады.  Дəрінің  күшімен  кесілген  бас  көзін 
ашып,  ханға  алдындағы  кітабының  бетін  парақтап,  алтын-
шы бетін ашуды тапсырады:


231
230
Кітапты аша бастады хан қуанып,
Ашқан сайын бармағын жалап алып.
Жаламаса қағазы ашылмайтын,
Жабысып тұрған қағаз қоюланып.
Бір-бірлей алтыншы бет тауып ашты,
Түсі бұзылып, патшаның өңі қашты.
Адырайған ажалдың суреті бар,
Түрінен қорыққаннан жаман састы.
Хан сол бетімен шалқасынан түсіп, жан тапсырды. Добан 
қағаздың  əр  бетіне  у  жағып  қойған  екен,  бармағын  жалаған 
сайын  у  денесіне  толық  тараған  екен.  Добанның  кесік  басы 
сақ-сақ күледі. 
Дастанның соңында:
Ханның жауыз бейіліне кім сүйінер,
Жақсылыққа жамандық қылған адам.
Түбінде өз қылғанын өзі көрер, – деп аяқтайды.
Ең  əуелі,  Олжабай  ақын  «Кесік  баста» «Мың  бір  түн-
нің»  бас  жағындағы: «Парсы  жері  мен  Руян  жерінде  бір 
патша  болыпты.  Атын  Мəлік-Юнан  дейді  екен.  Оның  дене-
сіне  көптен  жазылмай  жүрген  бір  жара  болыпты», – деген-
дегі  кейбір  қисынсыздықты  жөнге  салады.  Дұрысы – 
ауырған парсы патшасы да (Олжабайда – Сағит патша), оны 
емдеп  жазған  тəуіпте – Юнаннан.  Өйткені,  Юнан  (Грекия) 
ежелден  оқу-білімнің  туы  тігілген  ел  болатын.  Оны  Олжа-
бай өте қисынды айтады:
Əуелден Юнан деген білімді ел,
Аплотон, Лұқман, Хакім, Аристотель.
Сократ, Қайумұрас, Солон Хакім,
Осылар Юнан жұрттан шыққан деп біл.
Бұл  жерде  Фирдоуси  «Шаһнамасындағы»  Қайумарс  қате 
кіргізілген  болуы  керек.  Себебі,  ол  ежелгі  миф  кейіпкері – 
Гайа  Мартан  (Авестада),  Фирдоусиде – адамдарды  үңгірден 
далаға  шығарып,  тамақты  пісіріп  ішуді  үйреткен  адам. 
Сондықтан, ол Юнандық деп айтылмайды.
«Кесік  баста» «Мың  бір  түндегіден»  гөрі  емшінің  емдеу 
тəсілін  сенімді  бере  алған. «Мың  бір  түнде»  патшаға  құр 
дағараны  қақтырып,  терлету  арқылы  емдесе, «Кесік  баста» 
оны  лата  ойынымен  ауыстырып,  таяқтың  ұшына  дəрі  жақ-
қанын айтады. 
«Кесік бас» оқиғаны қысқартып, патшаның ғибратты əңгі-
месі  жəне  уəзірдің  əңгімесін  алып  тастап,  артық  жерлері-
нен  арылтып,  əдемі  түйіндейді.  Бірақ, «Мың  бір  түнде»  ға-
лым  Руян  (Добан)  өлмейді.  Шыдамсыздықтан  патша  кітап 
бетін  ертерек  ашып  көрмекші  болып,  уланып  өледі.  Ал, 
«Кесік  бас»  оқырманның  аяушылық  сезімін  арттырып,  əсер-
лі ету мақсатында екеуін де өлтіреді.
«Атымтай  Жомарт»  əңгімесі  «Мың  бір  түннің»  өте  бір 
сүйкімді  оқиғаларының  біріне  жатады.  Онда:  Арабтың  бір 
патшасы  Зұлқырах-Мəлік-Хамир  жолаушылап  жүріп,  Атым-
тай  Жомарттың  сүйегі  жатқан  таудың  етегінде  сылдырап 
ағып  жатқан  бұлақтың  басына  қонады. «Бұл  кісіні  жомарт 
дейтіні  қайда?  Моланың  қасына  келіп  түнеп,  аштан-аш 
жатырмыз», – дейді.  Сөйтіп,  Атымтай  Жомартты  күлкі  қы-
лып,  ұйықтап  кетеді  де,  бір  уақытта  орнынан  ұшып  тұрып: 
«Менің түйемді əкеліп сойыңдар!» – деп айқайлайды.
Патшаның  бұйрығын  тез  орындап,  керуеншілер  кəуапқа 
тойған  соң  серіктері  мəнісін  сұрайды.  Сонда  патша: «Түсім-
де:  қылышын  жалаңаштап,  бір  қолымен  жағамды  ұстап 
тұрып: «Жомарт  болған  кісі  бірінен  алып,  біріне  береді.  Қа-
сындағы  кісілерге  қонақасың – сенің  түйең!» – деп  қылыш-


233
232
пен  шауып  жібереді,  енді  ол  түйе  бəрібір  өледі,  сосын 
сойғыздым», – дейді.
Ертеңінде  жолға  түскен  жолаушылардың  алдынан  бір  жі-
гіт шығып: – Мен Атымтай Жомарттың баласы едім. Түсіме 
əкем  еніп: «Балам,  мен  басыма  қонып  жатқан  бір  топ  араб-
қа  Мəлік-Хамирдің  түйесін  сойысқа  бердім.  Соған  түйе 
апарып  бер!» – деген  еді,  мына  түйе – сіздікі, – деп  түйесін 
көлденең тартады (Мың бір түн. 2-155-157). 
Атымтай  (Хатымтай)  жайындағы  əңгімелердің  төркіні 
исламға дейін-ақ тараған (Герхардт М., 1984-310).
Атымтай  əңгімесі  қисса  түрінде  қазақ  арасына  кең  та-
раған.  Соның  бірі – Кашафуддин  Шаһмарданұлының 1897 
жылы  Қазан  қаласынан  басылып  шыққан  «Қисса  Атымтай 
Жомарт» (орыс əрпімен қайта жарияланбаған). 
Онда:  Рум  патшасы  Атымтайдың  мырзалығын  есітіп, 
сынау  үшін  ең  бір  жүйрік  жорғасын  сұратып,  кісі  жібереді. 
Атымтай  қонақасыға  жылқы  сойып,  қарсы  алады.  Ертеңіне 
қонағының  жұмысын  сұрай  отырып,  өкініш  білдіреді: «Сіз 
сұрап  келген  жорғаны  бауыздайтын  қойым  болмай  қалған, 
кеше қонақасыға сойып жіберіп едім», – дейді.
Сол  заманда  тағы  бір  əкім  қанша  мырза  болса  да,  Атым-
тай  тірі  тұрғанда  оған  жете  алмайтынын  біліп,  өлтіруге  кісі 
жібереді.  Ол  Атымтайдың  ауылын  іздеп  келсе,  алдынан  бір 
сүйкімді  кісі  жолығып,  қонақ  етеді.  Əбден  риза  болған  қо-
нақ  онымен  дос  болып,  келген  себебін  сыр  қылып  айтады. 
Сонда  Атымтай: «Іздеп  келген  кісің  мен  екен.  Міне,  басым. 
Туыстарым келіп қалмай тұрғанда, тездетіп шап та, патшаңа 
алып  бар», – дейді.  Мұны  естіген  патша,  əлгі  жендетін  көп 
ақша  беріп,  Атымтайға  қайта  жіберіп,  Атымтайдың  шексіз 
жомарттығын мойындайтын болған екен. 
Кашафуддин соңында:
Кардашлар, мұны жазған Кашафуддин;
«Қарқаралы мұғалім деп айтады», – деп
Ұстазы – Маржани Шаһабуддин, – деп жазады. 
Өкінішке  орай,  қисса  аса  ақындық  шеберліктен  тумаған. 
Тілі таза қазақша, жатық емес. Ұйқасы əлсіздеу.
«Атымтай  Жомарттың»  бұдан  басқа  да  баспа  жəне  қол-
жазба  нұсқалары  бар  (Дастандар. 1990-313). «Хатымтай-
Жомарт» (1848) туындыгері  белгісіз, «Дастан  Хатымтай» 
(1891-1892)  туындыгері  белгісіз,  Нұрбаев  Есжан  Сарым-
байұлының  «Хикаят  дастан  Хатымтай» (1913), Шəді  ақын-
ның  «Хатымтай  хикаясы» (Тəшкент, 1914). Қолжазба  нұс-
қалары: «Атымтай  Жомарт» (Құсниев  Мұрат  жинаған.ҚР 
ҰҒА-ның  М.Əуезов  институтының  қорында, 355-папка), 
«Атымтай  Жомарт» (Көлдейбекұлы  Ерімбет  шайыр. 481-
папка).  Ерімбет  шайыр (1849-1912) – Сыр  сүлейлерінің  бірі, 
қазалылық ақын. 
Ерімбет  шайырдың  «Атымтай  Жомарты» – көркем  тіл-
мен əдемі жазылған дастан:
Бұл сөзді өлең қылған еш адам жоқ,
Қиссаның көріп едім бір талайын, – дейді.
Оқиғаның  жалпы  сұлбасы  Кашафуддин  қиссасына  ұқсас, 
екеуі  де  түпнұсқа  ретінде  «Қиссас-ул  əнбияны»  пайда-
ланған.  Бірінші  бөлімінде  Атымтайды  сынамаққа  Шам 
патшасы: «Қара көз, қызыл түсті жүз нар берсін», – деп сəлем 
айтады:
«Ол уақытта қыздан қымбат бір қызыл нар,
Сауданың əр уақытта заманы бар».
Атымтай жарты ақшасын қарызға алып, əрең жинап бере-
ді.  Мұны  көріп,  сақилығына  риза  болған  Шам  патшасы  жүз 
нарға  асыл  дүние  теңдеп,  Атымтайға  қайта-қайтарып,  дос 
болыпты. 


235
234
Екінші  бөлімде  Рум  патшасы  тұлпар  сұратады.  Бұл  жағы 
Кашафуддинмен  бірдей  болғандықтан,  қайталамаймыз.  Оқи-
ғаның  бұл  тұстары  ғұндардың  Мөде  батыры  жайындағы 
аңыз жүйесіне ұқсас екенін көреміз.
Үшінші  бөлімдегі  Иаман  патша  оқиғасы  да  Кашафуддин 
қиссасына ұқсас.
Атымтай өлген соң, орнында қалған інісі: «Мен де Атым-
тай  боламын», – деп  тыраштанғанымен,  мұратына  жете  ал-
май,  кедейленіп  қалады.  Соған  қарағанда,  мырзалықтың  да 
жөні  мен  жүйесі  бар.  Айналып  келгенде,  оған  да  ақыл  ке-
рек. Оны дастанда анасының сөзімен аңғартады:
Дастан соңы əдеттегідей, ғибратты сөздермен аяқталады:
Қайыр қыл тіршілікте сақи ерлер,
Артында із қалғандай болып мəлім.
Опасыз сұм дүниеге сену қиын,
Қашқанмен, құтылмағың жоқ əрдайым.
Қырық жыл Қорқыт қашып құтылған жоқ,
Бір күні табылады жатар жайың.
Атымтай  сюжеттерінің  тағы  бірі – Жүсіпбек  Шайхұс-
ламұлының «Қасым-Жомарт» дастаны. Қазаннан 1896 жылы 
басылған  бұл  нұсқа, 1990 жылы  қайталап  жарық  көрді. 
(Дастандар. 1990-241). Бағдатта  һарон  Рашид  патша  өзінің 
данышпан  уəзірі  Жағыпардан  (кейде  Фазыл  деп  атайды): 
«Жомарттық,  əділдігім  бірдей,  менен  өтер  кім  бар?» – де-
генде уəзірі Басрада Қасым атты бір жігіт барын айтады:
Күнде мың қой сояды қарны ашқа,
Береді тонын шешіп жалаңашқа.
Жаяуға ат береді кімсің демей,
Тірі адам ондай болмас қарындасқа.
Патша  ашуланып,  уəзірін  зынданға  салып  тастайды  да, 
өзі  Қасымды  өз  көзімен  көру  үшін  Басраға  аттанып  кетеді. 
Келген  соң  мұның  патша  екенін  танып,  Қасым  сарайын-
дағы  түрлі  ғажайыптарды  көрсетеді:  бір  құтыны  қағып-қа-
ғып  жібергенде,  хош  иіс  шығады.  Кетерінде  патшаға  ал-
тынды  ері  бар  жүйрік  ат  мінгізеді.  Патша: «Бұл  Қасым 
мақтаншақ  қой,  жомарт  болса  біреуін  берер  еді,  көрсетіп 
алып  кетті  бəрін  тамам», – деген  ойда  қалады.  Үйіне  қай-
тып  келсе,  өзі  көрген  нəрсенің  бəрі  есігінің  алдында  тұр 
екен.  Бұған  қайран  қалған  патшаға  Қасым  өз  басынан  өт-
кен оқиғасын баяндайды:
Бұрын  байдың  баласы  болғанын,  əкесі  өлген  соң,  бар 
малын  шашып,  кедейленгенін,  төрт  қабат  биік  сарайдағы 
Дүрдана  қызды  айтады.  Бұл  тұста  Жүсіпбек  «Қыз  Жібек-
ше» толғанады:
Жоғары алтын əйнектен,
Қыз жан-жаққа қарады.
Нəзік белі бұралып,
Аққудай мойнын тарады.
Екі көзі жалтылдап,
Нар кескен асыл қанжардай,
Ішімді жарып барады.
Бұдан  кейін  патша  қызы  Мəзбураның,  базардағы  шал-
дың  оқиғасы  келеді. «Мың  бір  түнде»  жиі  кездесетін 
ашынасынан  қорлық  көрген  қыз  оқиғасы  əңгімені  қызықты 
ету  үшін  қосылған  басы  артық  сюжет.  Базарда  бір  шал  Қа-
сымды  ұнатып,  бала  қылып  алады.  Сау-саламат  Бағдатқа 
көшіп  барып,  тамаша  өмір  сүреді.  Бір  күні  жанынан,  үміт 
үзген соң Қасымды шақырып алып:


237
236
– Айтайын, – деді, балам, бір насихат,
Тыңда менің сөзімді бек қабағат.
Жер астында менің бір қазынамның
Ұшқынындай бұл тұрған мал мен мүлкəт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет