Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет45/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
* * *
Ісіне Тəңірім қылған амал бар ма,
Мен шықтым қара ит болып үйден үріп, – дейді.
Бірақ  мұнда  оқиға  шолақ  қайырылып,  қасапшының  қы-
зы  дуахант  болып  шығады  да,  адамға  айналып,  сол  қызға 
үйленеді.  Ары  қарай  «Мың  бір  түннің» «Киік  жетектеген 
жігіт» атты бөлімі кіргізілген.
«Мың  бір  түндегі»  өсиет-өнегелік  сюжеттердің  мақсаты 
– адамшылық, ахлақ тəрбиесін көтеру. «Есек пен өгіз», «Ұры 
мен  маймыл», «Диірменші  мен  əйелі»,  т.б.  əңгімелер  ақыл-
нақыл мағынасын түрлендіреді. 
«Ақылды  қыз,  ақылды  ана,  ақылды  уəзірлер»  бейнесі  де 
осы  мақсатқа  жетелейді.  Ақылды  қызға  таң  қалған  Халифа 
һарон Рашид:


243
242
– Сен қаладағы қандай үйдің қызысың? – десе, қыз:
–  Ауыл  кісісі  үйір  үйдің  қызымын,  төбесі  биік  үйдің 
қызымын, – дейді.
Халифа одан қала ұлығының қызы екенін біле қояды.
– Өзің кімсің? – дейді қыз.
–  Мен  биік  ағаштың  қаттысымын,  үлкен  жемістің  тəтті-
сімін, – дейді Халиф.
Қыз: – Олай болса, сіз Халифа һарон Рашид екенсіз, – дей-
ді. (“Мың бір түн”. 3-403).
Түгел  дерлік  қиссаларда  не  басында,  не  аяғында  бұл 
қиссадан  ғибрат  қандай  екенін  түйіндей  кетуді  қиссашыл 
ақындар ұмытпайды:
Əлеумет, мұнда қандай ғибрат бар,
Дүние – сарай, адам – керуен, бір қазақ бал.
Базарлы күн өткен соң бал іздесең,
Сен де ана хан сияқты адыра қал. 
(«Мұңсыз жан») 
Мағынасы – қартайған  ханның  қызды  алмақшы  болға-
нын құп тамау.
Осындай  ғибратты  дастанның  бірі – «Мұңсыз  жан» 
(Олжабай).  Бұл  дастанның  мағынасы – дүниеде  мұңсыз 
жан болмайды, армансыз адам жоқ. Дүние – жалған. 
Түркістанда ересен байлыққа ие болған бір патша:
«Үш  сөзімді  шешкен  жанға  мың  алтын  беремін», – деп 
жар салады.
«Не нəрсе тəтті ішінде ең тəттісі,
Не нəрсе қатты ішінде ең қаттысы.
Ауырдың ең ауыры қандай нəрсе?»
Шарт қылып ханның айтқан жауабы осы. 
Сол  жиынға  барған  бір  шал  естігенін  үйіндегі  он  жасар 
қызына  айтып  келеді.  Қыз  əкесін  жұмсап,  ханға  жұмбағы-
ның шешуі былай дейді:
Тəтті нəрсе – сүйікті алған жарың,
Қатты нəрсе – жоқтықта тартқан зарың.
Ауырдың ең ауыры – қылған уағда,
Таба алмасам, мойнымда – əкем қаным.
Патша  қызды  алдырып  себебін  сұрағанда  қыз: “Əке-
шешемнің  ай  мен  күні  болсам  да,  жатарда  арасына  жатып, 
таңертең  шетте  қаламын.  Жар  тəтті  екенін  сонан  білдім”, 
– депті.
Қатты нəрсе – мұқтаждық, жоқтық қатты,
Ер көңілді əкеме қонақ келсе, 
Қонақасы бере алмай терлер қатты, – дейді.
Ақылды  қызды  ұнатып  қалған  патша 10 жасар  қызды 
алмаққа  көңілі  кетеді.  Қыз  патшаға: «Қалың  малыма  он 
бағлан  қозы  берсін,  жиырма  қайратты  бөрі,  отыз  жолбарыс, 
қырық  арыстан,  елу  түлкі,  алпыс  арқар,  жетпіс  шідер 
берсін.  Сексен  пұт  қаны  кепкен  жүрек,  тоқсан  пұт  қуарған 
қу  сүйек  жəне  берсін.  Бір  шал  мен  кемпірді  хан  мен 
ханшадай  киіндіріп  əкелсін.  Некемді  мұңсыз  жанға  қидыр-
сын», – дейді.
Патша  бір  мұңсыз  жанды  іздеп  табады.  Ол  он  жасар  қыз 
жұмбағын былай шешеді:
Он қозы деген сөзі – он жасар қыз.
Бармаймын дегені ғой сендей жанға.
Жиырма жаста адамзат қасқырға ұқсар,
Отыз жаста – жолбарыс күші тасар.


245
244
Қырықта арыстандай айбатты болып,
Елу жаста түлкідей айла тосар, – 
деп санамалайды.
Бұл  тұста  ақын  ежелгі  əдебиеттен – жыраулық  поэзия-
ға  мирас  болған,  адамның  жасын  санамалап,  бейнелі  түрде 
суреттеу  дəстүрін  қолданады.  Қазақ  əдебиетіндегі  шығыс-
тық  өркениеттің  құяр  арнасы – Баласағұни  тұр.  Арғы-бер-
гі ойшылдардың ой сабақтастығының негізі сонда.
Баласағұни: 
Асқан адам қырықтың қырқасынан,
Айырылар жастық шақ сырласынан.
Елу жасым мені де құрсауға алып,
Қарға түстес басымды қырау шалды.
Алды қарттық, бергенін жігіттіктің,
Саған да келер кəрің тігіп бір күн.
Кісенсіз-ақ шалынып жүре алмаймын,
Көзім нұрлы түнерді көре алмаймын, –
деген  ғой.  Сонымен,  мұңсыз  жанның  өзінің  де  адам  сенбес 
мұңы бар екен.
Мұңсыз  жан  қолына  өткір  қылышын  алып  отырып,  өз 
мұңын айтады. Қоңырау қағып, «екі бала, бір қатын, бір жас 
жігітті»  алдырады.  Əйел  өзінің  əйелі  екен,  бірақ  екі  бала 
қасындағы жас жігіттен туған:
Бір күні көп нөкермен сейіл еттім,
Қызыл арман түлкіні қуып кеттім.
Ат жығылып, қаруым жазым тиіп, 
Жараланып «ерлікті» мен жоқ еттім.
Қатын тұрды мені қимай, мен оны қимай,
Екі əйелдей бос жүрдік неше жылдай.
Қатын мені өлтір деп қолқа салды,
Жастықтың зорлауына шыдай алмай.
«Ішкі сырым – мынадай, мен де сорлы, мұңсыз жан қайда 
болмақ,  ойла  жаным», – дейді.  Содан  дүние  жалған  екенін 
екеуі де ұғып, тəж-тақтарын тастап, Құдай жолын іздеп, кезіп 
өледі.
«Адамның  бұлбұлы»  атанған  Əсеттің  «Мың  бір  түн» 
сюжеті  бойынша  жасалған  «Қызыл  табан  ағаш  ат»  дастаны-
мен  салыстыра  қарағанымызда,  төмендегі  жайларды  бай-
қадық.  Əуелі,  Əсет  дастанның  басын  дəстүрлі  жаймен, 
дүниеге  бала  келуімен  бастайды. «Мың  бір  түнде»  үш 
қыз  жəне  бір  ұлы  бар  екенін  айтса,  Əсет  қыздары  ту-
ралы,  жанды  сағат – тауыс  туралы  айтпайды.  Ол  оқиғаны 
шашы-ратпауға байланысты болса керек. 
Əсетте ағаш ат резинкеден жасалады. 
Бұл Əсет талай сөзді қисса еткен,
Көз майының түбіне жазу жеткен.
Айырылып жалғызынан патша тұрсын,
Сөйлейін ер Хасеннен ұшып кеткен.
Əсеттің  қаһарманы  басы  құс,  кеудесі  адамдары  бар, 
жезтырнақ, маймыл, жын-перісі бар елді көреді. Ол «Мың бір 
түнде» жоқ. Бұл да əсерлілікті ойлау мақсатынан туса керек. 
Сондай-ақ, қыз сарайы туралы:
Қазақ үйше жасатылған,
Ақ торғын түңлігі бар аспандасқан, – 
дейді. (Найманбаев  Ə., 1967–147). Қыздың  аты  нақтыланып, 
Нұргүлғасыл болып жырланады.


247
246
«Мың  бір  түнде»  ағаш  атты  жасаған  ғалым  зынданда  өледі. 
Ал, Əсет:
Зынданда жатыр екен баяғы ұста,
Өнері зиян болған қапылыста.
Қаріпке қате болған жазасы үшін,
Бір ханның елін берді бұл байғұсқа, – дейді.
Əсеттің «Ағаш аты» – «Мың бір түннің» аттас сюжетінің 
жалпы  ойын  алып,  оған  тың  жағдаяттар  қоса  отырып, 
нəзирашылдықпен жазылған дастан демекшіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет