239
238
Дандан байқатпай келіп, кəнизектердің қазанына ұйықта-
татын дəрі салады. Мұны сезген Нəркес, егер жақтырмаған
жігіт болса, өлтірейін деп қылышын қолға алып отырады.
Данданды көрген соң, екеуі құшақтасып, мауқын басады.
Ертеңіне Дандан Нəркесті еліне алып кетпек болып жүр-
генде, суға шомылған қызды бір құс келіп іліп алады. Бұл Қап
тауының ар жағындағы перілер елінің патшасының баласы
екен, қызға ғашық болып алып кетеді. Патша бір көгершінін
ұшырып: “Кімнің басына қонса, қызды іздеуге сол барады”,
– дейді. Көгершін Данданға қонады. Олар жолай диюдың
сиқырын жазып жіберетін шыбық пен жапырақ алады. Оны-
мен бір құстың сынған қанатын жазып, сол құсқа мініп, жол-
да бір ысқырғаны Машрық пен Мағрыпқа жететін айда-
һарды өлтіреді. Диюдың еліне келіп, мұнара басында отыр-
ған Мəлике бануға жолығады. Мəлике Нəркес қызды қа-
маған есікті көрсетеді. Мəликенің көмегімен Нəркес қызды
Азрақа диюдан босатып, еліне келеді.
Бұл да бір ұзақ қисса, «Мың бір түндегі» ақылман уəзір
Данданды кейіпкер етіп, бірнеше хикаяларынан біріктіріп
шығарған. Аса көркем деуге келіңкіремейді, біршама қы-
зықты жазған.
Достарыңызбен бөлісу: