Ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ - ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектер үшін. Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.
Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау — 10.03-10.05.
Тестілеу — 20.06 - 01.07.
Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.
Апелляция: қарастырылған.
ҰБТ форматы: 5 пән (3міндетті + 2 таңдауы бойынша).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)
Жоғары балл саны: 140 Шектідеңгей балы: 50 Бейіндіпәндертаңдайтынмамандыққабайланыстытаңдалады Шектібалдыалмағанжағдайда, ақылынегіздеоқуғатүсуүшінтестілеудіқайтатапсыруқарастырылған (тамыз 2018). ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің ЖОБАСЫ ҰБТ мен Кешенді тестілеудің жаңа форматы бойынша мектеп түлектері 5 пәннен тест тапсырады. Олардың 3-еуі барлық жоғары білім мамандықтарына түсу үшін міндетті пәндер болып табылады, ал қалған 2 пән әрбір нақты мамандықтарға сәйкес болады (бейіндік пәндер).
ҰБТ немесе Кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайындық барысында байқау-сынақтарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады.
Таныстыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің жобасын ұсынамыз. Сіз жоғары білім мамандықтарының ішінен кез-келген мамандықты таңдап, соған сәйкес тестілеуден өтуге арналған бейіндік пәндерді таба аласыз.
ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы, математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).