Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
62
қандай тәтті! Оның өлімнен күштілігінің өзі сонда ғой, қара жерге кіргеніңше сол
үшін алысып өтесің! Үрім-бұтағым деп алысасың» кенет есіне Шыңғысханның
ескі өсиеті түсті. Шыңғысханның жер-жиһанға аты жаңа тарап, қырықтан асып
бара жатқан кезі екен, жанында бір топ нояны бар аң аулап келе жатыпты. Кенет
жас ноян Сүбітай баһадур: «Тақсыр хан, қараңызшы!» деп оң жақтарындағы биік
жартастың етегін көрсетіпті.
Биік құз, етегі қалың көгал шөп, ортасында селдір
құрақты бұрала сылдырап аққан күміс бұлақ. Осы бұлақтан су ішіп бір топ киік
тұр. Жел қарсы жақтан болғандықтан киіктер Шыңғысхан тобының сыбдырын
естір емес. Ханның оң жағында келе жатқан ноян иығынан садағын жұлып алып,
киіктің шеткі марқа қошқарын іліп түспекші болып, көздей бастады. Бірақ
Шыңғысхан «тұра тұр!»
деп қолын көтеріп, садағын тартқызбай қойды. Ханның
қырағы көзі дәл осы сәтте басқа бір кереметті шалып қалған. Ол алдыңғы жағына
ентелей қарады. Сөйткенше болған жоқ, нояндар киіктердің ар жағындағы көлден
шығып, шың түбімен өрмелей келе жатқан ұзындығы бес құлаштай қара шұбар
жыланды көрді. Әлгі ноян енді садағын киіктерге қарай ақырын жылжи таяған әп
жы-
ланға көздей бастап еді, Шыңғысхан қолын көтеріп тағы атқызбай қойды. Киіктер
өздеріне жақын қалған ажалды сезді ме, кенет құлақтарын едірейтіп жан-
жақтарына елеңдей қарады да, айдаһарды көріп ата жөнелді. Бірақ олар тым кеш
қимылдады, әп жылан лақтырған бүйендей кенет жуан шұбар денесін сопаң
еткізіп бір ытқытты. Сол сәтте шеткі жас киік «бақ» ете қалды. Жыланның орала
түскен балуан денесінің бір сығуынан киік қалмады.
Екінші рет бақыруға да
жарамады, жас сүйегі сытыр-сытыр сынып, заматта жан берді. Енді жылан
жазылған арқандай бес құлаш денесін созып жіберді де арандай аузын ашып,
киікті жұтпақ болып ыңғайлана берді. Жаңағы ноян үшінші рет садағын кезенді.
Шыңғысхан бұ жолы да оны тоқтатты. Жылан киіктің бас жағынан шығып енді
жұта берем деген кезде, кенет «шаңқ» еткен дауыс шықты.
Қайдан келгені
белгісіз, кереге қанат ақ иық қыран көктен түскен тастай жарқ етіп айдаһардың
үстіне құлады. Екі алып алай-түлей жұлысты да қалды. Қайсысының қыран,
қайсысының жылан екенін білу қиын, бірі қара шұбар, бірі тарғыл жүнді таудың
ақ
иығы.
Тек
бірін-бірі
құшақтай
жұлқыласқан,
жанта-
ласқан, жартас етегінде шыр-көбелек айналып домалаған, будақталған түйін ғана
көрінеді. Көктен түскен қыран, сірә, қанжардай тырнақтарын жыланның ең жанды
жерлерінен салған болуы керек, анау оны қанша орап алып сығып құртам десе де
болмады. Сүт пісердей алысқаннан кейін айдаһар иірілген денесін дірілдей созып,
кенет сылқ етіп құлап түсті. Бүркіт айдаһардың шу дегеннен-ақ бір аяғымен көк
желкесінен ап, екінші аяғын омыртқа тұсынан сап, артына қайырып өлтіргенін
нояндар енді көрді. Адамның басы мен аяғын ұстап артына қайырып, омыртқасын
сындырып өлтіретін нағыз Шыңғыс жаналғышы дерсің! Қыран жыланның басын
денесіне дарытпапты. Ананың тек ирелеңдеген бөксе жағы ғана қыранға жабыса
беріпті. Қанжардай өткір сояу тырнақтар қойсын ба, көк желкеден түсіп, тамағына
дейін бүріп, айдаһарды әрі тұншықтырып, әрі арқа сүйегін күйретіп жіберіпті.
Ақ иық айдаһарды
өлтіргеннен кейін, нояндар енді оны жас бағлан киіктің
етімен тояттанар деп ойлады. Жоқ, олай болмады. Бүркіт киік етіне көз де
салмады. Әлі жаны шығып бітпей, ақырын ғана діріл қағып жатқан әп жыланның
денесіне қанжардай сояу тырнақтарын салып жіберіп, әп-сәтте күлпаршасын
шығарды да бөлшектенген етімен қомағайлана тояттана бастады. Әбден тойып