Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет36/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
71 
кезде тым суырыла шығып жүргені да осыдан... Мауреннахр мен Қорасаннан 
әскер алдыруға уақыт тығыз... Не істеу керек». 
Бұлар Ақжол бидің қазасына арнап тіккен ауылға таяп қалды. Кеңгірдің
жазғытұрым тасығанынан пайда болатын қара қамысты Қарасуды жағалай, 
қарабастырық пен ат құйрығын найзаға байлап босағаға іліп қойған бұл ауылдың 
қаралы жағдайын көрсеткен жүзге таяу ақбоз үй тұр. Сол ақ боз үйлердің төрінде, 
топ аққудың ортасына ұшып келген қара бүркіттей он алты қанат, шымқай қара 
қой жүнінен бастырған сұсты қара орда ерекше көзге түседі. Шаңырағына 
байланған Арғын руының көз таңбасы салынған сала құлаш құйрықты қара 
жалау... Қара орданың түрі тым сұсты, бүкіл Арғын руының айбары тәрізді. 
Әрине, Ақжол өліміне бүкіл елдің осыншама көңілін аударған Жәнібек пен Керей 
сұлтандар. Қолының қанжар сабына қалай барғанын Әбілқайыр білмей қалды. 
Бірақ сол сәтте-ақ қолын кейін тартып алды. «Менің өзімнен өзім қобалжып келе 
жатқанымды ешкім байқай қоймады ма екен?» — деп енді ол түріне жайбарақат 
пішін беріп жан-жағына көз тастады. Жоқ ешкім көрмеген екен, жұрттың бәрінің 
көзі қаһарлы қаралы үйде... дегенмен, не істеу керек? Бұндай айқаста қандай тәсіл, 
қандай дұрыс жол бар? Баяғы бір күпті сұрақ оның ойына қайта келді. Хан ойына 
жауап іздеп тұнжырай берген кезде кенет, «Ой бауырымдап!» ауылға қарай ат 
қойған топ жігіттің даусы селк еткізіп, ойын бөліп жіберді. 
Қазалы ауылға таяғанда «Ой, бауырымдап!» ат қою қазақ руларының сан 
заманнан келе жатқан көне дәстүрі. Бұл дәстүрді тек Шыңғыс тұқымы ғана 
қолданбайтын. Сонау Монғол жерінен келген Шыңғыстың бар ұрпағын, нөкер, 
нояндарын өзі тіліне, өз ғұрпына көшіріп алған қазақ елі сұлтан тұқымының бұл 
әдеттен бас тартуын дұрыс-бұрыс деп көңіл қоймайтын. Ал, Шыңғыс тұқымы хан 
басымен, жай қазақтай өлік шыққан үйге «ой, бауырымдап!» далбақтай шаба 
жөнелуді өздеріне лайық көрмеген. Осы себептен де Әбілқайыр тобы қаралы 
ауылға үрдіс аяңмен таяп келе жатқан. Кенет «Ой, бауырымдаған!» дауыс шықты, 
хан соңындағы жауынгерлер мен нөкерлерінің бір қанаты опырыла шапты. Бұлар 
Арғын, Найман тәрізді қазақ руларының жігіттері еді. Хан оларға «кейін қайт!» 
деп ақырмағанмен, тобының рұқсатсыз бұлай бөлінуін жақсы ырымға санаған 
жоқ. Түйілген қабағы түйіле түсті. «Хан Ордасына бір қауіп жақындап келе 
жатқан тәрізді. Өзіңді безенген садақтай дайын ұстаған жөн». Әбілқайыр тобы 
қара орданың сыртына келіп түсті. Сұлтандарға арнап тартылған кермеге аттарын 
байлады. 
Басында қошқар мүйіз етіп ойған алтын тәжі, тор көз жеңіл қорасан сауыт 
сыртынан киген алтын зерлі, Герат шеберлері тоқыған қызғылт торқа шапаны күн 
сәулесіне малынып, Әбілқайыр қара орданың есігін ашты. Төр алдында басына 
қара құндыз бөрік, үстіне жағасын қара құндызбен көмкерген қара мақпал қаралы 
шапан киген, алтын белбеулі Керей мен Жәнібек сұлтан отыр. Қастарында қазақ 
руларының он бестей атақты би, батыр, жыраулары. Орданың сол жағында өлік. 
Өліктің 
бас 
жағында 
баласы 
қаза 
болғаннан 
бері 
ша- 
былған қурай тәрізді кеуіп, қаусап қалған Қотан жырау, қобызын күңіренте 
көзінен жасы парлап, даусы шығар-шықпас боп сарнайды. Үйге кірген ханды 
көріп, қайғылы қабақтарын ашпай, Жәнібек пен Керей баяу жылжып орталарынан 
орын берді. Хан нөкерлері де үйдегілермен үнсіз амандасты да, дәрежелеріне 
қарай тиісті орындарына отырды. Хан келді деп жалғызынан айрылып тұл қалған 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
72 
Қотан жырау толғауын тоқтатқан жоқ. Көрші үйлерден әйелдердің зарлы 
жоқтаулары да адамның жүрегін тырнап естіліп жатты. 
Хан жайласып отырғаннан кейін ғана қара орданың ішіне көз сала бастады. 
Орданың сырты қандай қара болса, іші де сондай қан жылаған қара екен. Алтын, 
күміспен зерлеген қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара шаңырақтан 
жерге салбыраған қара шуда жіптен өрген шашақты тұжырма. Үй іші адамның 
зәресін алып, құтын қашырғандай... Әбілқайыр енді сол жақта, қара мақпалдан 
оюлап өрнек салынған ақ кигіздің үстінде жатқан өлікке қарады. Ақжолдың 
денесіне көзі түсер-түспестен селк етіп шошып кетті. Табытта қопарылған түйе 
тастай боп дөңкиіп Ақжолдың денесі жатыр, басы жоқ. Алып денеден қан ұйып 
қара күреңденіп кеткен, тек мойын омыртқасы көрінеді. Тас жүрек мызғымас ер 
болсаң да мына суреттен жан түршігерлік? Мына жырда басы болған, ал мына 
тұсы тымақ киетін жері еді дегендей, өліктің мойынынан бір жарым қарыс- 
тай жоғары Ақжолдың көк тысты құндыз тымағын қойыпты. Бүкіл қара бояу- 
лы үй ішінде тек түсі өзгеше осы тымақ қана. Жайшылықта жігіттің көркі болар 
әдемі қымбат тымақ, мойынмен екеуінің арасында бұрын бас болғанын әдейі 
көрсетіп, адам құтын бұрынғысынан да ала түскен. Әбілқайырдың бойы дірілдеп 
кетті. Хан әбігерін Жәнібек пен Керей бірдей сезді, бірақ оны басып тіс жармады. 
Әбілқайыр көзін өліктен аударып кереге тұсына қарады. Өліктің бас жағында 
керегеде ілулі, өлер күні кимеген, Ақжолдың болат сауыты мен іші қалың кигізбен 
әдіптенген кіші-гірім қара қазандай көк құрыш дулығасы ілінген. Кеуде тұсына 
бидің той-думанға деген қара камшат ішігі мен қайқы бас саптама үргеніш етігі. 
Аяқ жағында өлер күні тағы үйде қалған батпан қара шоқпары мен бидің өзінен 
басқа тірі жан алмайтын қайың садағы. «Осы заттары сол күні Ақжол бимен бірге 
болса, Қобыланды батыр бұны өлтіре алмас еді» деп ескертіп өлік басына әдейі 
қойғандай. 
Жырау сыбырлай зарлайды: 
«Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным! 
Сексен асып таяғанда тоқсанға 
Тұра алмастай үзілді ме жұлының! 
Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы ұлының! 
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, 
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!» 
Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау ұзақ сарнады. Біресе өзі тоқтап, кәрі 
қобызын аңыратты. Әлден уақытта қарт жырау «Аһ» ұрып әзер тоқтады. 
Сол уақытта барып сыбызғыдан шыққан, құлаққа жағымды қоңыр күйдей 
қоңырқай дауыспен әбдіразақ Нахичевани-дәруіш құран оқи жөнелді. Аятын бұ да 
ұзақ оқыды. 
Құран оқылып біткеннен кейін, Әбілқайыр талғамды сөзбен көңіл айтты. 
Хан сөзі бітісімен, Қыпшақтың сүбе биінің бірі, топ жарған шешен Құба би: 
— Қара бетпін, ағайын, — деді. — Ат үстінде аяулы ұлыңды өлтіріп, елге 
қарар емес, жерге қарар жайым бар. Кессең бас, алсаң жан мінекей, құнын беруге 
дайынмын. Құн алынғанмен Дайырқожа би қайтып келер ме? — деді Керей 
күрсініп. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет