Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
114
Хан сүреде тұрған гауһар тас орнатылған алтын тәжін киді де, қолына асыл
тастардан безелген күміс асасын ұстап кеңес сарайына қарай беттеді. Бас найп
Қастек би мен ауыз үйде күтіп тұрған басқа паруалар
1
үн-түнсіз соңынан ере
берді.
Хан кеңес сарайына кіріп келгенде, үйдегі әмір, сұлтан, бек, хакімдер тегіс
түрегеліп, иіліп сәлем берді.
— Арсыңдар ма, бек-задалар? — деп хан есік алдында сәл кідірді.
— Барсыз ба, хан иеміз? — деп үйдегілер басын бұрынғыдан да ие түсті.
— Құп келіпсіздер, асыл бауырлар, — деді хан төрдегі өз орнына бара жатып,
— отырыңыздар.
Хан алтын зерлі барқытпен безенген кеңес сарайының төргі жағындағы күміс
сәкіге барып отырды. Хан отырғаннан кейін, өзге жұрт та дәрежесіне қарай
орналаса бастады. Үй іші толған ақ сәлделі, көк шапанды, көк сәлделі, ақ шапанды
софы, хакім, әмір, даруғалар мен күміс, алтын кіселі, кең қоныш етікті, бұлғын
тымақты, сусар бөрікті Дулат, Үйсін, Жалайыр, Найман билерімен лық толы.
Жағатай ордасында Маймене, Майсары дәстүрі жоқ. Хан жеке отырады. Одан
төмендеу тек бас наип қана орналасады. Өзге жұрт өзінің шен-шекпеніне қарай
орын алады. Алдыңғы жағында ханға жақын, Қашқар, Ақсу, Тұрфан, Жаңғы
секілді үлкен әмірліктің хакімдері, олардан сәл кейініректеу Моғолстан
хандығының тірегі Үйсін, Жалайыр, Дулат, Найман, Керей, Қаңлы тәрізді қазақ
руларының белгілі ру бастықтары, билері, батырлары, бұлардан соң барып,
Шолақ, Қорған, Жаркент тәрізді шет қалалардың әкімдері, діни адамдар, софы,
ишан, мүриттер...
Исан-Бұғы бірден сөзге кірісті. Ол Моғолстанның солтүстігінен Ойрат,
күншығысынан Қытай, оңтүстігінен әбусейіт пен Жұныс сұлтанның шабуылға
шықпақ боп жатқанын айта келіп, хан кеңесінің шешіміне екі жарғы қойды.
— Бірінші айтарым, — деді ол, — бүкіл Моғолстан боп әскер жинап жауға
қарсы шығамыз ба? әлде әр хакім, әр әмір өз қаласын, өз ұлысын қорғай ма?
Осыны шешіңдер.
Екінші айтарым, қазіргі жағдайда Моғолстан мединесін бекінісі нашар
Алмалыққа қалдырамыз ба, әлде жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына қайта
көшіреміз бе, соны шешіңдер.
Түскелі тұрған ауыртпалық иықтарынан жаншып жібергендей, үйде отыр-
ғандар мықшия жерге қарай қалды. Бәрінде де үн жоқ. Уайс ханнан бері
әрқайсысы өзіне жеке отау тігіп, бүкіл Моғолстанды талан-тараж етіп меншіктеніп
алған Моғол әмірлері енді қалың ойға кетті. Бастарын біріктіріп жауға қарсы
шығар болса қандай пайда-зиянға қаларларын есепке алды. Хан қойған сұрақтарға
тікелей жауап беруге әрқайсысы өз жағдайын ойлап қиналды. Егер бастары
қосылмаса, бүкіл хандықтарынан айрылатыны бұл сәтте ешқайсының жанын
күйдірер емес. Қазаны басқаның жаны басқа, бәрінің де ойлағаны өз пайдасы, өз
қамы. Бұлар түбі әскер жиналатын болса, қайтсем өз ұлысымды, өз қаламды күшті
қалпында сақтаймын, қайтсем кісіні аз берем, әскерге керек қаржы-қаражатты аз
төлеймін деп толғануда... «Ал өз қаламды, өз ұлысымды жеке қорғаймын десем,
одан қандай зиян көремін? Жұныс пен әбусейітке қарсыласуға күшім жетпей-ақ
қойсын, Уайстың қай баласына бағынсам да маған бәрібір емес пе? Мүмкін
1
П а р у а — көне түркі тілі, хан соңындағы адамдар.
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
115
жауласпай-ақ Жұныс жағына шыға салғаным тиімді болар?» Қытай мен Ойраттан
бәлендей қауіптің дәл бүгінгі күні жоқ екенін бұлар да жақсы біледі. Өйткені
оларға қарсы қазақтың жауынгер рулары тұр. Осы себептен «ортақ өгізден, оңаша
бұзау артық» деп әдеттеніп қалған Моғол әмірлері әлі үн-түнсіз... Ел қамын ойлап
қиналып отырғандай құр жерді шұқи береді. Қайтсек хандығымызды жаудан аман
алып қаламыз деп ешкім мүнәзараға
1
барар емес.
Исан-Бұғы түбі өздері оралар деп Моғол әмірлерін беттеріне қоя берген
қатесін енді ұқты. Ел басқарам деген адамға ең алдымен ел бірлігін ұстай білу
керек. Ел бірлігі деген ұғым сол елді басқаратын сұлтан, хакім, әмір, би, батырлар
бірлігі деген ұғым. Бұны бабасы Шыңғысхан өзінің атақты Ясысында жақсы
айтқан. Сол Шыңғыстың ақылын неге алмаған? Жиырма бес жыл хан асасы
қолында тұрғанда, бірігуге көнбеген әмірлерді неге түйреп-түйреп тастамаған?
Енді міне, қиын кезең туып еді, артына қарай жүзген шаян тәрізді, біреуі алға
шығатын емес. Мұндай жұртпен Моғолстанды қалай жаудан қорғап қаларсың!
Жұрт үні жуырда шықпаған соң, Мір Сейтәлі әмір қабағын шытты.
— Хан ием, — деді ол сәл ашулы үнмен тыныштықты бұзып, — айтқан сөзіңіз
мына пенделеріңізге әзірейілдің гүрзісіндей қатты тиіп отыр. Ақылға салуға аз
уақыт мұршат беріңіз.
— Болсын.
Дәл осы сәтте үйге қияқ мұртты, шоқша сақалды, ұйғырша киінген дәйекші
кірді.
— Хан ием, теріскей жақтан шабарман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен
тұтғақ
2
бастығы сізге жібермепті.
— Айтары құпия ма екен?
— Жоқ, хабарым хан кеңесінің де құлағына жетсе екен дейді.
— Кірсін.
Үйге «ассалаумағалейком» деп басын иіп, тобылғы қамшысын кеудесіне ұстап,
қоңыр жүзін жел сорған қаба сақалды, түйе жүн шекпенді, белінде күміс кіселі
жалпақ белбеуі бар, кең қоныш етікті, орта бойлы адам енді. Ол сәлем беріп, есік
алдында ханға кішіпейілдік ишарат көрсетіп, бір тізерлеп отыра қалды. Шаң
шалған жүзінен алыстан келген жолаушы екені бірден көрініп тұр.
— Қай рудансың? — деді хан ананың сәлемін алып болғаннан кейін.
— Дулатпын. Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырзаның шабарманымын.
— Сөйле! Не айтайын деп едің?
— Сүйіндік хакім хабарымды ұлы мәртебелі Исан-Бұғы ханға тез жеткіз деді.
Байтақ жеріңіздің теріскей шетіне Барақ хан мен Болат сұлтанның балалары
Жәнібек пен Керей ерткен қалың ел келіп тұр. Дені Арғын, Уақ, Найман, Керей,
аздаған Қоңырат, Алшын да бар. Әбілқайыр ханмен келісе алмай көшіпті. Қоныс
сұрайды. Жәнібек пен Керей сұлтан өзге жұртын Талас өзенінің арғы бетіне
қалдырып, өздері бес жүз сойылды салт атты нөкерлерімен төте жолмен сіздің
мединеңізге келе жатыр. Мен күні бұрын хабар бергелі жеттім.
Хан көзінде кенет қуаныш ұшқыны жарқ етіп тұтанды да, сол сәтте ғайып
болды.
— Жәнібек пен Керей сұлтан қай мезгілдерде жетер екен?
1
М ү н ә з а р а — көне түркі тілі, талас, өзара шешім табу.
2
Т ұ т ғ ақ — көне түркі тілі, түнгі күзетші тобы.
|