Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет108/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 87 
Сөз басында кездескен «ғәйн» (ғэйн-е 
му'джәмә) дыбысы т‰сіп, ықшамдалып 
қолданылады: 
Арабтың ғәйн қазақ тіліндегі «ғ» фонема-
сынан өзгешеліктері бар. Қазақ тіліндегі «ғ» 
фонемасы тіл арты, фрикатив (ызың), ұяң 
дыбыс. Ал арабтың ғәйн дыбысы - көмей 
дауыссызы, бұл өзі айтылуы жағынан араб 
тіліндегі қиын дыбыстардың бірі. Бұл дыбыс 
сәл кекештеніп, көмей арқылы айтылады. 
Араб тілінің бұл дыбысы арқылы келетін 
сөздер қазақ тілінде ғ дыбысымен айтылады. 
Себебі бұл дыбыс екеуінің бір болмаса да, бір-
біріне жақындығы бар. Ғ дыбысынан бастала-
тын қазақ сөздері жоқ. Мұндай сөздер, негізі-
нен, араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Егер 
ғ дыбысы бар сөздер болса, олар т‰ркі тілде-
рінде сөздің соңында, сөз ішінде ғана кезде-
седі. Араб, парсы тілдерінен енген ғ дыбысы 
бар сөздер өз тілдерінде жұмсақтау айтылса, 
біздің қазақ тілінде қатаңдау айтылады. 
Мысалы, ғәзәл - ғазел (лирикалық сарындағы 
өлең), ғәйбәт - ғайбат, ғайеб - ғайып болу де-
ген сөздерге назар аударсақ, екі тілдегі өзге-
шеліктерін байқауға болады. Ал өзге т‰ркі 
тілдерінен (оғыз, қарлұк) қыпшақ тобындағы 
т‰ркі тілдерінің (бұған казақ тілі де енеді) бір 
ерекшелігі: мұнда көмей дауыссызы «ғ» кейде 
«у» ‰нді дыбысына сәйкес келіп отырады. Мә-
селен, өзбек тілінде «соғ», ал қазақ тілінде 
«сау», өзбекше «туғ», қазақша «ту» (тұу), өз-
бекше «буғоз», қазақша «буаз».
Сөз ортасында кездескен «ғәйн» дыбысы-
ның ықшамдалуы: 
Мағлұмат – мәлімет, тағылым – тәлім, мағ-
лұм – мәлім, мағзұм – мәзім, тағзым – тәжім,
т.б.
Сөз басында кездесетін ха дыбысына қа-
тысты өзгерістер (ха-и муһмәлә немесе ха-и 
хутти)
Арабтың ха дыбысы – қатаң, ызың дыбыс. 
Бұл дыбысты айтқанда жұтқыншақ арқылы 
‰зілмелі болып естіледі. Бұл дауыссыз, ызың 
фонема сыбырлап қана айтылады. Жасалу 
орны жағынан х дауыссыз дыбысы ғ ғэйн 
дауысты дыбысына толық сәйкес келеді, х 
дыбысы қазақтың төл сөзінде м‰лдем кездес-
пейді. Бұл дыбыс тек араб сөздерінде ғана 
болады. Егер араб тілінде сөз ха-и хуттиден 
басталса, онда сөз қазақ тіліне ауысқан сәтте 
бұл дыбыс т‰сіп қалады да, сөз төмендегідей 
дыбыстардан басталады:
1)  «а» - хафез-абыз, хәлал-адал, хиле-ай-
ла, хәйван-айуан, хәқк-ақ, әділ, хәқиқәт-ақи-
қат, хәлва-алуа, харам- арам.
2) «ә» - хәдд-әдді, хаджәт-әжет, хазер-әзір, 
хакем-әкім, хал-әл, хәрәкәт-әрекет, хәрф-әріп, 
әріптес. 
3) «‰» - хокм-‰кім, хокумәт-‰кімет. 
Сөз басындағы «джим» дыбысының ық-
шамдалып, өзгеріске ұшырауы: 
Кірме сөздердің құрамындағы дж аффри-
каты тіл алды аффрикаты болып саналады. 
Бұл дыбыс дербес фонема т‰рінде қазақ әдеби 
тілінде кездеспейді. Мұны айту ‰шін қазақша 
«д» және «ж» дыбыстарын қосып, дауысты 
‰зілмелі етпей айту керек. Тиісті лексикалық 
элементтерімен бірге қазақ тіліне ауысқан соң 
арабша қатаң айтылатын «джим» дыбысы 
қазақша ұяң айтылатын болды: джәза - жаза, 
джәзире-жазира, джәма'әт - жамағат, 
джәназе - жаназа, джәфа - жапа, джәраһәт- 
жарақат, джоузә — жауза дыбысына айна-
лып кетеді.
Сөз басындағы «й» дыбысының ықшам-
далып өзгеріске ұшырауы: 
Й дыбысына басталатын араб-парсы сөз-
дері қазақ тілінде ж фонемасымен айтылады. 
«й» дыбысынан басталатын араб-парсы сөз-
дері қазақ тіліне ауысқанда «ж» фонемасы 
арқылы беріледі. Т‰ркі тілдерінің ішінде қып-
шақ тобына жататын қазақ тілінің осы бір
фонетикалык ерекшелігін көне дәуірдің та-
рихи ескерткіштері де толық дәлелдейді. Бұл 
жөнінде кезінде С. Е. Малов өте-мөте қызық-
ты деректер
келтіріп, келелі пікірлер айтқан 
болатын. 
Йәздан – жазған, йар – жар, йаран – 
жаран, йегана – жегене, йеке – жеке, йек-ба-
йек – жекпе-жек, йексен – жексен, йека-йек – 
жекпе-жек, йек шәмбе – жексенбі т.б. Сөз 
соңында й дыбысына аяқталған сөздердің ж 
дыбысына алмасуы біздің тілімізде кездес-
пейді.
Сөз басындағы –вав дыбысының ‰немделуі 
Вәба – оба, вәбал – обал, вақеґа – оқиға, 
вәфа – опа, вәфат болу – опта болу, вәтан – 
отан секілді араб тілінен енген сөздер ық-
шамдалып, ‰немделу процесін өткізген.
Сөз соңында қосарланып келетін дыбыс-
тардың ықшамдалуы 
Т дыбысының ықшамдалуы: дәрәхт – 
дарақ, дуст – дос, раст – рас, мәст – мас, до-
рост – дұрыс, беһешт – бейіш.
Тіліміздегі кірме сөздердің араб-парсы 
тілінен енген элементтерін қамтитын тілдік 
бірліктердің ықшамдалып, өз заңдылықтары-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет