Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 89
сөз соңындағы морфемалардың т‰сіріліп, ор-
нына өзге морфеманың келуі арқылы ықшам-
далу:
учәске (участок); сөз басындағы дауыс-
сыз дыбыстардың ықшамдалуы:
әшмөшке
(восьмушка); сөз ортасындағы дауысты ды-
быстардың ‰немделуі:
пртокол (протокол);
бұдан өзге құрамында
көптік жалғауының да
қазақ тіліне енген соң т‰сіп қалу жағдайлары
кездеседі:
кәмпит (конфеты), калош (га-
лоши), шахмат (шахматы)
Фонетист ғалым С.Мырзабековтің кірме
сөздерді өз тіліміздің заңдарына лайықтап
енгізу керек деген пікірінің жаны бар. Уни-
верситетті ‰нбөрсөт, институтты ‰нст‰т деп
айту қажеттігін айтады [8,76 б.].
Кірме сөз-
дердің қазақ тілінің сингармонизм заңына
сәйкес айтылып, жазылу керектігін кезінде
Х. Досмұхамедұлы өзінің «Қазақ-қырғыз ті-
ліндегі сингармонизм»
деген мақаласында
айтқан болатын.
Тіліміздегі барлық морфологиялық (мор-
фонологиялық) ‰немдеулер, ең бірінші, сөй-
леу әрекетінде пайда болады да,
біртіндеп
жазуда қолданыла келе тұрақталып, қалып-
тасады. Уақыт өте келе олардың ықшамдалған
іздері жойылып (жойылмайтын
жайттар да
кездеседі), жаңа тілдік бірлік ретінде өмір с‰-
реді. Уақыт ағымында орын алған тілдік өз-
герістер адамзат баласына байқалмай өте
береді. Тек біраз
уақыт өткен соң ғана оның
өзгерісі байқалады. Демек, тілдік өзгерістер-
дің пайда болып, қалыптасуында, тұрақталуын-
да уақыт факторының атқарар қызметі ерекше.
_____________
1 Айдаров Ғ. Көне т‰ркі жазба ескерткіштерінің тілі.–
Алматы: Мектеп, 1971.-128б.
2 Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лек-
сика, фонетика. - Алматы: Мектеп, 1962. -118 б.
3 Р‰стемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы
кірме сөздері. – Алматы: Ғылым, 1982. – 82 б.
4 Қазақ грамматикасы (фонетика,
сөзжасам, морфо-
логия, синтакcис). – Астана, 2002. - 46 б.
5 Валиханов Ч.Ч. Сочинение. СПб., 1904. - 179 с.
6 Языки народов СССР. Том второй. Тюркские языки.
М.: Наука, 1966. -14 б.
7 Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лекси-
кологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. –148 б.
8 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс ж‰йесі. –
Алматы: Сөздік-Словарь, 1999, -76 б.
Достарыңызбен бөлісу: