Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет109/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   446
88 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
на сәйкес икемделеді. Осының нәтижесінде 
араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер ғана 
емес, өзге орыс, моңғол тілдерінен ауысқан 
сөздер де тіліміздің ішкі заңдылықтарына 
с‰йенеді.
ХІІ-ХІ‡ ғасырларда т‰ркі (қазақ) тіліне 
моңғол тілінен кірме сөздердің енуін екі т‰рлі 
жағдайда қарастыруға болады: 
Біріншіден, моңғол шапқыншылығынан 
кейін екіжақты байланыс орнап, өмір с‰ру 
жағдайы мен қоғамының ұқсастығынан туын-
даған кірме сөздер;
Екіншіден, монғолдармен тегі бір санала-
тын жоңғар тілінен енген сөздер де тілімізде 
кездеседі. Бұл Х‡-Х‡ІІІ ғасырлар аралығын 
қамтиды. Ұлыс, нөкер, жасақ, ноян, құрылтай, 
аймақ, жарлық, Тарбағатай, Қандағатай, 
Толағай, Қатонқарағай, Долаңқара, Мұқыр, 
Қорғалжын, Қордай, Нарынқол деген сөздер – 
моңғол тілінен енген сөздер. Бірақ бірде бір 
ғылыми еңбекте бұл тілдік бірліктердің ық-
шамдалғаны жөнінде ешқандай деректер жоқ. 
Сонымен қатар зерттеуші Ш.Уәлихановтың 
айтуы бойынша, қай тілден қай тілге енгені 
белгісіз екі тілге де ортақ сөздер кездеседі 
деген пікір келтіреді [5, 179 б.]. 
Әсіресе, мал шаруашылығымен айналыс-
қан екі елдің мал атауларында ұқсастық бай-
қалады. Ш.Уәлихановтың дәйектемелері бойын-
ша, қой (қон), қойшы (қончын), құнан (хунан) 
құнажын (гунжын), дөнежін (дөнөжин), барс 
(барс), домбыра (домбор), көкпенкөк (хов-
көк), к‰рең (хурэн) т.б.
Біздің ойымызша, қой, қон деген сөздер 
моңғол шапқыншылығына дейін де қолда-
нылған. Оған дәлел – М.Қашқаридың сөздігін-
де қон – қой деген сөздердің кездесуі. Т‰ркі 
батыс және шығыс т‰ркілер деп бөлінуінің 
өзі тілдің екіге жарылып, дыбыстық сәйкес-
тіктер, өзгерістер арқылы қолданылуына дә-
лел бола алады. Қон, қой деген екі т‰рлі 
вариантының болуы да осыған дәлел. Сол 
себепті қой, қон сөздері т‰ркі сөздері деуге 
толық негіз бар. Моңғол тілі мен т‰ркі тіл-
дерінің т‰п негізін Н.Ф.Катанов, Г.Д.Санжеев 
сынды ғалымдар бір деп қарайды. Бұл тіл-
дердің бір бұтақтан тарағанын көне Алтай 
дәуіріндегі т‰ркі-монғол бірлестігінде деп 
т‰сіндіреді [6, 14 б.]. 
Орыс тілінен енген сөздердің ықшамдалуы 
Қазақ-орыс байланыстары аймақтық жағы-
нан қатар отырған екі елдің тілдік қарым-
қатынастарының да болғандығын көрсетеді. 
Қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөздер-
дің Қазан төңкерісіне дейін енгендері ұлттық 
тіліміздің емле заңдылықтарына сай өзгеріп 
жазылған. Ал кирилл әліпбиіне көшкен соң 
орыс тілінен енген сөздер сол жазылған к‰йін-
де оқылып, өзгеріс азая т‰скен.
Тұрмыс қажетін өтеуге қатысты сөздердің 
ықшамдалуы: сиса (ситец), калош (галоши), 
әшмөшке (восьмушка), өшірет, шірет (оче-
редь), пар (пара), божы (вожжи), кәмпит 
(конфеты), ізвес (известь). 
Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөз-
дердің ықшамдалуы: ояз (уезд), мінәпас (ма-
нифест), болыс (волость), старшын (стар-
шина), губерне (губерния), кантор (контора), 
сиез (съезд), пртокол (протокол). 
Ғылым мен мәдениетке, техникаға қатыс-
ты ықшамдалған сөздер: пабрік (фабрика), 
минөт (минута), кәзет (газета), пәнер (фане-
ра), мәнер (манера).
Қоныс аударуға қатысты ықшамдалған 
сөздер: учаске (участок).
Жоғарыдағы Қазан төңкерісіне дейін енген 
сөздер ғана тіліміздің ішкі заңдарына лайықты 
өзгеріп, төл тіліміздің даму ж‰йесіне лайықты 
өзгерген. Ал Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиевтің 
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен 
фразеологиясы» атты еңбегіндегі жеке-жеке 
кірме сөздерге берілген сипаттамада тек Қазан 
төңкерісіне дейін енген сөздердің өзгеріске ие 
болғанын, ал одан кейінгі ауысқан сөздердің 
орыс тілінде қалай жазылса, біздің тілімізге де 
дәл сол қалпында енгенін көреміз. Бұған 
«Қазан революциясынан кейін енген сөздер» 
деген тараушалар куә. Сонымен қатар кейін 
енген орыс тілінің элементтері аударылып 
берілу жағдайлары кездеседі [7, 148 б.] . 
Орыс тілінен енген сөздерді ықшамдалу, 
дыбыстардың т‰су жағдайына байланысты 
төмендегіше бөлуге болады: ь белгісінің т‰суі 
арқылы ықшамдалу: болыс (волость), өшірет, 
шірет (очередь); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет