Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет111/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   446
С. A. Оданова 
ФОНЕТИЧЕСКИЕ ИЗМЕНЕНИЯ ЗВУКОВ ЗАИМСТВОВАННЫХ СЛОВ 
В статье рассматриваются закономерности фонетических изменений звуков заимствованных слов из 
арабского, персидского, монгольского и русского языков. 
S. A. Odanova 
PHONETIC CHANGES OF SOUNDS OF BORROWED WORDS 
The article considers the laws of phonetic changes of sounds of borrowed words from Arabic, Persian, Mongol and 
Russian languages 
 
 
Б. А. Омарова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. 
 
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ЕСІМДІКТІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР
 
 
Қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдер мәсе-
лесін арнайы көтеріп, осы салаға ғылыми 
қауымның назарын аударған алғашқы зерттеу-
шілердің бірі – Т.Сайрамбаев. Оның жетекші-
лігімен осы тақырып аясында «Қазіргі қазақ 
тіліндегі есімді сөйлемдер», «Есімді құрмалас 
сөйлемдер, олардың т‰рлері, қалыптасуы» 
және «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есім- 
ді сөйлемдер» атты ‰ш кандидаттық диссер-
тация қорғалды. Сондай-ақ Т.Сайрамбаевтың
өзінің шәкірті К.Оңалбаевамен бірігіп жазған
«Есімдер синтаксисінің кейбір мәселелері»
атты ғылыми еңбегі де осынау аса өзекті проб-
леманы қозғайды.
Осы еңбектерде басқа сөз таптарымен қа-
тар есімді сөйлем құрауда есімдіктердің де 
маңызды рөл атқаратындығы тілге тиек еті-
леді. Жалпы есімдіктердің сөйлемде қызмет 
ету қабілетінің өте зор екендігін негізге ала 
отырып, авторлар бұл сөз табының ойды тия-
нақтап, «өз бастауыштарымен жақ, сан жағы-
нан предикаттық байланыста тұрып», басқа 


90 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
сөз таптарынан еш кем т‰спейтінін ерекше 
атап өтеді. Осы орайда, олар былай дейді:
«Қайта зат есім, сын есім, сан есімдерге қара-
ғанда бастауыштың мәнін айқындауда бұл сөз 
табы ерекше. Осы ерекшелік оның есімді сөй-
лем жасаудағы семантикалық жағынан бай 
екенін көрсетеді»[1].
Яғни, есімдікті есімді сөйлемдердің семан-
тикалық мәні айрықша екендігі дау тудырмаса 
керек. Жоғарыдағы авторлар жалпы сөйлем-
нің семантикасын айқындауда да осындай 
сөйлемдерді зерттеу объектісіне айналдыру-
дың маңыздылығын негізге алады. Сөйтіп, 
осы бағытта әлі де болса шешімін таппай ж‰р-
ген мәселелердің бірқатарын алға тартады. 
Солардың бірі – хакім Абайдың қара сөзде-
ріндегі есімді сөйлемдер мәселесі. Оларға 
шолу жасау барысында есімді сөйлемдердің 
ішінде есімдікті сөйлемдердің әлдеқайда мо-
лырақ екендігі анықталыпты. Және де бұл 
мәселе авторлар тарапынан келешектегі зерт-
теу жұмыстарына бағыт ретінде ұсыны-
лады[1].
Әрине, Абай тілі – мол кеніш, таусылмас 
қазына. Оны тіл білімінің қай саласы тұрғы-
сынан зерттесек те, артық емес. Абай тілінің 
синтаксисі бұл – қазақ тіл білімінің ‰лкен бір 
арнасы. Осы арнаның алғашқы ғылыми ірге-
тасын қалап, болашақ зерттеушілерге даңғыл 
жол ашып берген ұлы ғалым – профессор 
Т.Сайрамбаев. Осынау қасиетті жолды одан 
әрі дамытуға теңіздің тамшысындай болса да 
‰лес қосу – біздің міндетіміз. Сондықтан да 
осы мақсатта Абайдың қара сөздеріндегі 
есімдікті сөйлемдерді негізгі объекті ретінде 
ала отырып, олардың тұлғалық және семан-
тикалық ерекшеліктерін арнайы қарастыруды 
жөн көрдік. 
Абайдың қара сөздеріне көз ж‰гірте оты-
рып, ондағы есімді сөйлемдердің негізін сіл-
теу, жіктеу, сұрау, өздік, белгісіздік есімдік-
тері құрайтынын байқадық. Олардың ішінде 
әлдеқайда жиі кездесетіндері – сілтеу және 
сұрау есімдіктері де, қалғандары сирек қол-
данысқа т‰седі.
Енді осы есімдіктердің әрқайсысына жеке-
жеке тоқталып өтсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет