Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 101 лысшының кірпішіндей берік қаланған да
отырған». ( 7. 5.)
Қандай да бір жазушы болмасын оның
шығармашылығына қойылатын басты талап-
тардың бірі – сөз саптау тұрғысынан, тілдік
материалдарды пайдалану тұрғысынан өзгеге
ұқсамайтын ерекшелігінің болуы. Мұның өзі
жазушының сөз қолданысына, жекелеген сөз-
дерді жаңа қырынан өз мақсатында байыпты
қолдануына, сөздерді сөйлете білуіне, сөзбен
жанды сурет сала білуіне, сөз мағынасын жаңа
қырынан жарқырата қолдана білуіне алып ке-
ліп саяды. Бұл туралы жазушы Ғ. М‰сірепов-
тің өзі былай дейді: «Сөз сөзге жарығын
т‰сіріп тұрады, көлеңкесін де т‰сіріп тұрады.
Біріне-бірі жарығын т‰сіріп тұратын сөздер-
ден құралған сөйлем айтайын деген ойды
оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше
ескеретін бір нәрсе – әр сөздің ой мен сезімге
бірдей дөп тиіп жатуы, ең ‰лкен арман
осында. Біріне-бірі көлеңкесін т‰сіріп тұратын
сөздер өз мағынасын дәл баспай, екі оқты бо-
лып, ауытқып шығады» (8. 53.) Жалпы, жазу-
шы шығармадағы тілдің қызметін, орнын, құ-
діретін, қасиетін ерекше бағалаған. Қазақ әде-
биетінің тарихында тек жазушы ретінде ғана
емес, драматург, сценарист, аудармашы, тіл
жанашыры ретінде де танылған қаламгер.
Оның тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тілді байыту
туралы ойлары мен құнды пікірлері б‰гінгі
к‰нге дейін өз құндылығын жоймаған сал-
мақты д‰ниелер. Ол терминдер, жаңа сөздер,
сөздің т‰рленуі туралы өз пікірлерін ашық
айтудан жалықпаған. Жас буын қаламгерлерге
ғана емес, өзі құралпы, қаламының қарымы
қатайған қаламгерлердің өзіне де әдеби тілдің
қуатты көздері интернационализм, архаизм,
неологизм, кәсіби, термин сөздер екенін, олар-
дан ‰рікпей өз шығармаларында батыл қол-
дану керек екендігін батыл ескертіп отырған.
«Көркем әдебиетте, - дейді жазушы, - әр-
бір сөздің тұрпаты сақталуға тиісті. Тілге бай,
тілі жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз
тауып, сонысымен бай, сонысымен көркем-
дікке жетпейді. Халықтың тіл байлығында бар
сөздерді дұрыс тұрпатымен пайдаланып, сол
қордан алынған сөздерден жаңа теңеулер,
жаңа бейнелеулер жасау арқылы тілге бай,
тілге шебер деп аталады» (8. 90.) Қандай әде-
биеттің болмасын негізгі бастауы жалпы
халықтық тіл байлығы екендігі өзгермейтін,
тұрақталып қалған пікір екені даусыз. Деген-
мен, жеке бір жазушы халық тілін т‰бегейлі
байыта алмасы да анық. Халықтың тілін байы-
туға, көркем әдеби тілдің қорын молайтуға
«жазушылықты мұрат еткен адамның қай-
қайсысы да ‰лес қосуы тиіс.»
Белгілі сөз шебері, аса көрнекті жазушы
Ғабит М‰сіреповтің шығармашылығы әде-
биет тарихы тұрғысынан, әдеби-көркемдік
шығармашылық тұрғысынан көптеген әде-
биетші ғалымдардың зерттеу нысаны болған-
мен, лингвистикалық бағытта жазушының
кейбір жеке шығармалары ғана әр қырынан
зерттеліп, ғалымдардың шағын ғылыми мақа-
лаларына негіз болды. Жазушының шығарма-
шылығына арналған лингвистикалық ж‰йелі
зерттеу еңбегі жоқ. Бұл ретте көз тоқтатып,
көңілге т‰йер еңбектер санаулы ғана. Олар:
Б. Шалабаевтың «Ғ. М‰сіреповтің «Оянған
өлке» романындағы кейбір синтаксистік құ-
рылымдардың көркемдік-стильдік қызметі»,
«Ғ. М‰сіреповтің «Оянған өлке» романындағы
комикалық жасаудың кейбір тілдік тәсілдері»
туралы еңбектері (9.); профессор, ғалым
М. Серғалиевтің «Ғ. М‰сіреповтің әңгімеле-
ріндегі қайталамалардың стильдік қызметі»
(10. 134-144.); Е. Жұбановтың «Ғабит М‰сірепов
тілінің кейбір стильдік ерекшеліктері» (11.)
сияқты ғылыми-зерттеу мақалалары. Осы
мақалалардың өзі де осы еңбекті жазуымызға
оң ықпал еткенін айта кеткен жөн болар.
Егер осы ғылыми мақалаларға шолу жа-
сап, таратып айтар болсақ, ғалым Б. Шалабаев
Ғ. М‰сіреповтің «Оянған өлке» романындағы
авторлық ‰ннің берілу жолдары туралы, автор
‰ні мен кейіпкер сөзінің арақатынасы, өзара
байланысы туралы, романды оқу барысында
оқырманын еріксіз жетелейтін роман тіліндегі
ритмикалық ‰йлесімділік пен саздылық, ай-
тылу әуенінің ерекшелігі туралы, автордың
оларды беру тәсілі, юмор мен сарказмның
жасалуындағы комиканың рөлі, оны жасаудың
кейбір тілдік тәсілдері туралы нақты тілдік
материалдардың негізінде салмақты ойлар
айтып, ғылыми тұжырымдар жасайды. Сон-
дай-ақ ғалым Б. Шалабаев жазушы сөйлем-
деріндегі синтаксистік қайталамалар мен
лексикалық қайталамалардың ырғақтылыққа
ықпалы туралы айта келіп, эпифора мен ана-
фораның прозадағы көрінісінде назардан тыс
қалдырмайды.
Қазақ тіл білімінде стиль туралы, әдеби
тілдің көркемдігі туралы, тіл тазалығы туралы
салмақты ойларымен белгілі ғалым М. Сер-
ғалиев ғалымдар арасында поэзияда ғана