Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет135/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   446
108 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Анықтауыш пен анықталатын сөздің ара-
сына өзге м‰шелердің келтірілуі де инвер-
сияға жатады.
Қайраты бір кісінің,
Берекеті бар ісінің.
Жақсының жақсы білер сымбатын,
Жамандар қайдан білсін асыл менен қым-
батын.
Алдыңғы сөйлемде ісінің деген анық-
тауыш берекеті деген анықтауыш сөзден кейін 
тармақ соңында тұр. Екінші сөйлемде де жақ-
сының деген анықтауыш пен сымбатын сөздің 
ортасында басқа сөз тұр.
Мақал-мәтелдерде құрама баяндауыштар-
дың негізгі есім сөздерінің көмекші етістік-
термен орын алмастыруы кездеседі. Бұл орын 
ауысу көбінесе ұйқас пен ырғақ мотивінен 
туады.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Жол ‰стіне құдық қаз да, ағаш ек,
Көлеңкелеп суын ішкен көрмес жек.
Міне, бұлардың бәрі – бір тармақ ішіндегі 
инверсия т‰рлері.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысын 
зерттеген проф. Р. Сыздықова инверсиялар-
дың тармақ ішінде және тармақ арасында 
жасалатындығын көрсеткен болатын (2, 116). 
Инверсияның келесі т‰рінде тармақтар 
арасында жасалатындары жатады. Мақал-мә-
телдерде құрмалас сөйлем компоненттерінің 
әдеттегі орындарынан ауыстырылып берілуі 
де – мақал табиғатына тән белгі. Мұны ту-
дыратын да ұйқас пен ырғақ, екіншісі – бел-
гілі бір стильдік мақсаттың көзделуі.
Бірінші жолда сөйлемнің тұрлаулы м‰ше- 
лерден тұратын негізгі бөлігі беріледі, екінші 
жолға бағыныңқы сөйлем орналасады.
Шәкірті зейінді келеді,
Ұстазы, бейілді келеді. 
Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.
Мақал-мәтелдердегі егіз тармақтарда не-
месе екі құрмалас сөйлемнен құрмаласқан 
к‰рделі құрмалас сөйлемдерде логикалық ой 
екпіні алдыңғы тармаққа т‰седі. Алдыңғы тар-
мақтарда халықтың кейінгілерге айтпақ ойы 
беріледі. Сөйтіп, мақал-мәтелдеде инверсия-
ның ең жиі қолданылатын жерлері – бастауыш 
пен баяндауыштың орын алмастыруы. Анық-
тауыштың анықталушы м‰шемен орын алмас-
тыруы сирек кездеседі. Тұрлаусыз м‰шелердің
өздеріне қатысты сөзбен орын алмастырып 
келуі және көмекші етістікпен келген тіркес 
компоненттерінің орын алмастыруы көбінесе 
ұйқас пен ырғақ мотивінен туады. Ал, анық-
тауыш пен анықталушыларды бір-бірінен
алшақтатып, тармақаралық инверсия жасау, 
яғни құрмалас сөйлем компоненттерінің орын 
ауысуы – ырғақ, ұйқаспен қатар, стильдік мақ-
сатты да көздей орындалады. Ол мақсат көбі-
несе белгілі бір м‰шеге немесе сөйлем бөлігіне 
ерекше екпін т‰сіруде, ерекше назар аудар-
туда болады.
______________ 
1. А.Н.Кононов. Грамматика современного турецкого 
литературного языка. Москва., 1956 
2. Р. Сыздықова. Абай өлеңдерінің синтаксистік құры-
лысы. Алматы, 1970. 
3. Гапаров С. Синтаксический строй киргизских по-
словиц и поговорок АКД. Фрунзе, 1983 
4. Аталар сөзі. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер. 
Алматы, 1989. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет