қарқ-қарқ к‰ліп қолын бір сілтеді
(С. Мұратбеков). Тоқа да, Сәмбет те екеуі бірдей бұған жалт қараған (С. Мұртабеков). Жынды Қара деген жігіті қазақ пен сарттың айтысқанын айтып, қонақтарды ду к‰лдірді (Ж. Аймауытов). Келтірілген сөйлемдердегі еліктеуіш сөз-
дер адам эмоциясын дыбысқа және бейнеге
қарай білдіру қызметін атқарып тұр. Елік-
теуіштердің затты, заттың санын, сынын, қи-
мылды, қимылдың сынын білдіретін сөздер-
мен салыстырғандағы басты ерекшелігі адам-
ның сезім м‰шелерінің реакциясы нәтиже-
сінде пайда болады, яғни дыбысты естудің,
бейнені көрудің, дәмді сезудің адам сана-
сында қорытылуы. Бұл – еліктеуіштерді сөз
табы ретінде танудағы басты ұстаным. Бірінші
сөйлемдегі қарқ-қарқ еліктеуіші Ноянның
к‰лкісінің нәтижесінде естілген дыбыстың
атын аңғартып, соған сәйкес сол т‰сініктің
атауы бола алып, к‰лкі эмоциясына байла-
нысты естілетін көптеген реңктің бірін біл-
діріп тұр. Ал екінші сөйлемдегі жалт елік-
теуіші дыбысты емес, Тоқа мен Сәмбет бұған
қараған кездегі көріністі, сол көріністің бей-
несін білдіреді. Жалтеліктеуіші көзбен көру
қабілеті арқылы қабылданған көріністің бей-
несінің атауы қызметін атқарып тұр. Жалт еліктеуіші іс-әрекеттің сыртқы көрінісінің
бейнесін ғана емес, сонымен бірге оның шап-
шаң болғандығын, яғни айтылған сөздің, я
болмаса жасалған басқа да іс-әрекеттің Тоқа
мен Сәмбетке қатты әсер еткендігін де біл-
діреді. Оған толық талдау жасау ‰шін аталған
сөйлемді оны қоршаған тілдік бірліктерімен
бірге микромәтін ретінде алып қарастыру ке-
рек.
Еліктеуіштердің ең ‰лкен ерекшелігі көп
жағдайда олар арқылы эмоцияның жағымды, я
жағымсыз екендігі, сонымен қатар эмоцияның
деңгейі бірден белгілі болуы. Мысалы,
Қалаша әдемі киінген сұлу келіншек