Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет138/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   446
ақсия 
к‰ліп бұған қарап келе жатыр (С. Мұратбеков). 
Сөйлемде к‰лу эмотив-етістігімен тіркес-
кен ақсия еліктеуіші бірден бірнеше қызмет 
атқарып тұр. Олар: эмоцияның (к‰лу) бейнесі; 


110 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
сол эмоция кезіндегі адамның бет-әлпетінің 
бейнесі; эмоцияның деңгейінің орта деңгейден 
жоғарылығы, яғни жай к‰ліп қана немесе 
жымиып қана келе жатқан жоқ, ақсия к‰ліп 
келеді, яғни, қуаныш ‰стіндегі адамның бей-
несі; сонымен қатар ақсия к‰лу –жағымды 
эмоцияның бейнесі.
Еліктеуіштер бейнелі сөздердің қайнар 
көзі. Хабарлау, ақпарат беру мақсатында 
қолданылатын етістіктердің орнына еліктеуіш 
негізді, я болмаса еліктеуішпен тіркесу ар-
қылы жасалған етістіктерді қолдану сөйлем-
нің эмоционалды-экспрессивтік бояуын к‰-
шейтеді. Мысалы,
Әжемнің тыныс алуы сиреп, ауыр бір ал-
қынысқа айналды. Оң қолының білегінен ұс-
тап отырған Әсембайдың әйелі: «Әже-
тайым-моу!..»,- деп булығып 
еңіреп жіберді
(С. Мұратбеков).
Осындағы дыбыстық еліктеуіш негіз бо-
лып тұрған еңіреп жіберді тілдік бірлігі жы-
лады етістігінің орнына, сөйлемнің эмоцио-
налдылығын к‰шейту, ойды бейнелі жеткізу 
мақсатында қолданылған. Басқа етістіктермен 
салыстырғанда еліктеуіш негізден болған 
етістіктердің экспрессивтілік қасиеті басым
эмоциялық бояуы қанық болатындығы белгілі. 
Эмоцияны білдіру, бейнелеу мақсатында 
жұмсалатын еліктеуіш сөздер эмоциялық про-
цесті, адамның жағымды, жағымсыз бейнесі 
мен к‰йін сипаттайды. Олардың сөйлемде 
қандай м‰ше қызметін атқаруы қандай сөз-
дермен тіркесуіне байланысты. Эмоцияны 
еліктеуіштер арқылы білдіру мақсатында 
жұмсалған кезде оның етістіктермен жиі тір-
кесетіні, негізінен баяндауыш қызметін атқа-
ратыны байқалады. Еліктеуіштер негізгі етіс-
тіктермен де, көмекші етістіктермен де тірке-
седі. Көмекші етістікпен тіркескен кезде оның 
қай формада тұруына байланысты, сол құ-
рамға кіріп, к‰рделі бір м‰ше болады. Мысалы, 
– Өй, сендер өзі тура әңгімеге көшпей, бос 
сөзге айналып кеттіңдер ғой, – деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет