118 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 басына ‰лкен қауіп төніп тұрғаны анық (Т‰р-
кістан, 1999). Осы мысалдардан метафо-
ралы мағыналы біріккен атаулардың айту-
шының белгілі бір мақсатына сай қолданы-
лады.
Метафора белгіленген категориялық шекті
бұзушы болғандықтан, дайын бейне өзге ны-
санның қасиетін сипаттайды. Метафоралы ма-
ғыналы атаулардың жасалуына негіз болатын
сөздің коннотациялы мағынасының бір семасы
немесе семалар бірлестігі мағыналық өзгеріс-
ке ұйытқы болады. Жоғарыда келтірілген тіл-
дік деректен алғашқы бейнеден қажетті мағына
«қардың ұзақ жатуы», «уайымға салыну» мағы-
налары немесе ақпараттары алынып өзге құ-
рылымға өтіп отырғаны байқалады. Метафо-
ралануға тілдік таңбаның астарындағы білім
қорындағы айтушының мақсатына қарай қа-
жетті ақпараттары, семалары алынып, таңба-
ның мағынасының ауысуына әкелген.
Метафорадағы бейнелілік аталымдардың
мағыналарын анық т‰сінуге, уәждемелелік
белгілерін, уәжділігін айқындауға жағдай жа-
сайды. Ұқсастық әрекетінің негізінде туын-
дайтын сөздердің бейнелілік қасиеті олардың
аталымға қарай икемделуінде бірте-бірте сол-
ғын тартады. Бейнелілік олардың ішкі мағы-
налық құрылымында сақталады. Бейнелілік
атаудың заттық, нысандық қасиетіне жақын
болғандықтан, сөздің таңбалық, тілдік сипа-
тының артуы оны бірте-бірте кейінге ысы-
рады. Ал метафоралардың адамның белгілі бір
прагматикалық мақсатына байланысты көңіл-
к‰йін білдіруде сөздің бейнелі қолданысы
қажетті әдіс ретінде жұмсалады.
Метафоралау - сөзжасамдық ‰лгілер тә-
різді лексикалық қорды толтырушы әдіс. Бі-
рақ ол сөзжасамдық ‰лгі сияқты айқын да қа-
рапайым емес. Метафора - таныммен байла-
нысты к‰рделі құбылыс. Тура мағыналы сөз-
дерді бейнелі қолдану, олардың мағыналық,
қолданыстық өрісіндегі бір белгілерді атау
беруші нысан бейнесімен ұқсату, теңестіру
арқылы атау жасауда адамның ассоциациялы
ойлауы басты қызмет атқарады.
Ассоциация психологтардың тұжырым-
дамасында ойлау ‰рдісінің ажырамас бір бө-
лігі ретінде танылады. Қоршаған орта зат-
тары мен құбылыстарысанада өзарабайланыс-
тылығымен сақталады. Осы байланыстар не-
гізінде ұқсастықтар мен өзгешеліктер айқын-
далады.
Ассоциациялы ойлау да жалпы ойлау ‰р-
дісінің бір т‰рі ретінде анализ, синтез және
жалпылаудан тұрады. Анализ - бұл нысанның
белгілі бір қасиетін, элементін, сипатын бөл-
шектеп айқындау әрекеті деп танылады. Яғни
анализде бір заттың белгілі бір қасиеті маңыз-
ды болып, ол алғы шепке тартылады. Ал
синтезде элементтер бір ортақ белгілерімен
біріктіріледі. Психологияда анализ бен синтез
ойлауда бір-бірімен байланыста әрекет етеді.
Әсіресе, ұқсатуда санада алдымен синтездеу,
яғни белгілі бір нысандарды бірқатарда қа-
былдау болады, сонан соң анализ, яғни салыс-
тыра отырып олардың ортақ немесе ерекше
қасиеттері айқындалады. Бұл салыстыру жал-
пылауға әкеледі. Ал жалпылау олардың ұқсас
белгілеріне немесе ерекше белгілеріне қарай
ж‰ргізілуі м‰мкін. Мысалы, г‰лдерді т‰сіне
қарай ортақ бір топқа біріктіруіміз м‰мкін.
Осындай біріктіру терең анализ емес ‰стірт
анализдің нәтижесі болғандықтан ешқандай
құндылығы болмайды.
Метафоралану ұқсату заңдылығы арқылы
ж‰зеге асырылатыны туралы ғалымдар пікірі
бір жерден шығады. Тек ұқсастықтың сипаты
біркелкі бола бермейтіні туралы да ғылыми
еңбектерде ескеріледі. Ұқсастық заңдылығы
метафоралауда қалай көрінеді, атау жасауда
ұқсастық қалай назарға ілігеді деген сұрақтар
туады. Сөзқосым атауларының семантикасын
қарастырғанда олардың барлығында ұқсату
айқын көріне бермейді. Дегенмен, ұқсату,
яғни аналогия метафораланудағы басты психо-
логиялықәрекетретіндетанылады. Тілдік алғы-
шарттар тілдің таңбалық сипатының бейне-
лілік тудырудағы маңызына байланысты.
Яғни, тілдегі тура мағыналы атаудың сыртқы
таңбалық, ішкі мағыналық құрылымы негі-
зінде ауыспалы мағына туындайды. Әрине,
бұл алғышарттар сөз мағынасының дамуы
сияқты к‰рделі мәселені жан-жақты сипаттап
бере алмайды. Ауыспалы мағынаны тура
мағына негізінде туындайды деген қарапайым
қағидамен т‰сіндіру жеткіліксіз. В.К.Хар-
ченко тілдік бірліктердің мағына өзгерістігін
тұрпат (форма), мазмұн және қолданылым
‰штігінде т‰сіндіруде кезігетін кедергілердің
себебін былай деп көрсетеді: «Біріншіден,
сөздің тұрпатының материалдық жағын ғана
қабылдау, яғни сөзді графикалық және ды-
быстық кешен ретінде ғана тану. Екіншіден,
мағынаның функционалдық сипатына назар
аудармау. ‡шіншіден, сөзді морфологиялық,