Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет162/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 127 
дың ішіндегі -сыз, -сіз; -дай, -дей, -тай, -тей 
жұрнақтары арқылы жасалғандардың ғана 
етістіктермен көбірек тіркесетіндігін көрсе-
теді. Тілімізде -дай, -дей жұрнақтары арқылы 
жасалған қатыстық сын есімдерде ұқсату,
салыстыру мәні бар сын есімдер алынады. 
Енді осы жұрнақтың қатысуымен жасалатын 
қатыстық сын есім мен етістіктердің тірке-
сіміне мысал келтірсек: 
Келсаптай тұзды 
т‰йген бас ағарған, 
Т‰здегі қу бастайын жақ қуарған. 
Бетіне ел көшкендей с‰рлеу т‰сіп, 
Шөлдегі шыңыраудай көз суалған 
(І.Жанс‰гіров). 
Өлең мәтініндгі келсаптай,  қу бастайын, 
ел көшкендей, шыңыраудай сияқты сын есім 
сөздер етістіктермен әр т‰рлі позициялық 
жағдаятта тіркесімділікке т‰сіп кейіпкер тұл-
ғасын анықтап, портретін сомдауда шашы 
ағарған басын тұз т‰йген келсаппен, бетінің 
ажымын көшкен елдің с‰рлеу ізімен, суалған 
көзін шөлдегі шыңыраумен тілдік санадағы 
салыстыру, теңеу, ұқсастыру әдістері арқылы
ассоциациялық байланысқа т‰сіріп, өлең мә-
тінінің семантикалық тұтастығын қалыптас-
тырған.
Қорыта айтқанда, мазмұндық-құрылым
ж‰йесінің көп сатылы, көп қырлы болып ке-
луіне байланысты өлең мәтіннің семантика-
сындағы тіркесімділік мәселесі к‰рделі де 
қиын, қиыры да мол құбылыс қатарына жа-
тады. Сондықтан тіркесімділік мәселесі сөз-
дің өзге сөздермен синтаксистік байланысқа 
т‰сіп әр алуан семантикалық қатынасқа т‰су
қабілеттілігін танытатындықтан өлең мәті-
нінің теориялық қағидаттарымен ұштасты-
рыла қарастыруды қажет етеді. 
_______________ 
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1964. – 183 б.
2. Кацнельсон С.Д. Общее и типологическое языко-
знание. – Л.: Наука, 1986. – 300 с. 
3. Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – 
Алматы: Мектеп, 1980. - 176 б. 
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – 
Алматы: Ғылым, 1999. - 582 б. 
5. Санжеев Г.Д. Сравнительная грамматика монголь-
ских языков. Глагол. –М.: Из-во вост. Лит-ры, 1963. -266 с. 
6. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтак-
сисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б. 
7. Жолшаева М.С. Қазақ тіліндегі сын есімдердің ва-
ленттілігі. – Алматы: Толғанай Т, 2007. - 175 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет