Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет164/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   446
лизм, комсомол, совхоз, колхоз сөздері бір 
к‰н-де көнерген сөздердің қоржынына кетті; 
2) Историзм сөздердің жаңа сөздерге айналу 
құбылысы. Орыс тілінің өзінде историзге ай-
налған гимназия, лицей сөздері неологизмге 
ауысты; 3) Ғылым мен техника саласындағы 
жаңа сөздер нақты зат атаулары болғандықтан 
тұрақты; 4) Соңғы 20 жылдың көлемінде қа-
зақ тіліне енген жаңа сөздердің қоғамдық- 
саяси сипаттан гөрі әлеуметтік-экономикалық 
басымдықты иеленуі. Бұл тұрақты құбылысқа 
айналып барады. 
«Жаңа сөздердің көп болуы тіл байлығы-
мызды молайтады» деген қасаң пікірді алас-
тататын к‰н жеткен секілді. Басқа тілден өз 
‰лгісімен келген жаңа сөздер ана тіліміздің 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 129 
заңдылығына көндіге қоймайды. Сондықтан 
олардың төл тіліміздегі баламасын табуға 
әрекет жасаймыз. Бұны қазақ тіліндегі зерт-
теулерде калька тәсілімен сөзбе-сөз аудару 
жолы ретінде береді.Аударма ешқашан жаңа 
сөз ұғымын қабылдамайды.Себебі жаңа сөздің 
дәл мағынасын беретін сөз өз қорымызда 
болса, жаңа зат пен жаңа құбылыстың да 
өзімізде бұрыннан болғандығын айғақтайды.
Біз жаңа сөздерді мағыналық жақындығы, 
‰йлесімділігі сай келетін балама сөздермен 
ауыстырып ж‰рміз. Негізінде, Р.А.Будагов-
тың: жалпы тілдік неологизмдер – неологизм 
сөздер және неологизм мағына болып екіге 
бөлінеді,- деуі неологизмдерді салаға бөліп 
қарастырудың тиімділігіне жөн сілтейтін се-
кілді. Сондықтан біздің ұсынымыз – неологизм-
дерді төмендегідей ‰лгіде қарастырып, талдау: 
Неологизмдер 
 
 
Жаңа сөздер мен жаңа сөз қолданыстар-
дың басты айырмашылығы мағынасы мен т‰р-
тұлғасында (формасында). Жаңа сөздің мағы-
насы да, т‰р-тұлғасы да жаңа. Жаңа сөз қол-
данысқа келгенде бұл екі белгіні қатар айта 
алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз – жаңа 
сөз бен жаңа сөз қолданыстың бір ұғымды 
бермейтіндігін айқындау. 
Жаңа сөз қолданыстар – неологизмнің бір 
тармағы. Жаңа сөз қолданыстар қазақ тіл білі-
мінде жеке сала ретінде зерттеу нысанына ай-
налған емес. Алғаш рет А.Алдашеваның «Қа-
зіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қолданыстар» 
тақырыбындағы кандидаттық диссертация-
сында жаңа сөз қолданыстарға анықтама 
беріледі: ...Неологизмді, оккозиональды сөз-
дерді, жеке авторлық сөздерді, потенциальды 
сөздердің бәрін біріктіріп, «лексикалық жаңа 
қолданыстар» дейміз/6/. Бұл пікір бойынша 
неологизм деген жалпы ұғым жаңа қолданыс-
тар терминінің аясына кіреді. Ш.Бәйтікованың
пікірі бойынша: неологизмдер – тілімізде бұ-
рын болмаған, жаңадан пайда болған сөздер. 
Мысалы: өнеркәсіп, бесжылдық, ұшқыш, трак-
торшы, шекарашы. Ал неологизм мағына – 
тілімізде бұрыннан бар сөздер. Бірақ бұрынғы 
мағынасының ‰стіне жаңа мағына қосылған 
не мағынасы жаңарған сөздер. Мысалы: құн, 
тап, партия,жарыс, еңбек, жоба, сын, к‰рес, 
м‰ше, жоспар. Көріп отырғанымыздай, неоло-
гизм сөздер мен неологизм мағынаның мысал-
дары аралас ұсынылған. Жаңа қолданыс – 
тілдің ішкі заңдылығынан туындайтын құбы-
лыс. Тілдік амал-тәсілдерді қолдану арқылы 
өзімізде бар сөздерді жаңа сөздердің орнына 
қою – жаңа қолданыс ‰дерісі. Тілімізде бұрын 
болмаған қазақша сөз ойлап табу – нәтиже
бермейтін әрекет. Оның ‰стіне жаңа қолда-
нысқа т‰скен байырғы сөздердің жаңаша
сипаты т‰пкі мағынасынан алшақтамайды. 
Тек мағыналық ұлғаю немесе тарылу құбылы- 
сын ғана байқаймыз. Мысалы: тілімізде жиі
қолданылып ж‰рген мұражай, кеден, бағдар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет