Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет161/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   446
ленттілік теориясымен сабақтастықта қа-
растырылады. Валенттілік терминінің енуі
жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылда-
рының аяғындағы С.Д. Кацнельсонның еңбек-
терінен бастау алады. Тілде толық мағыналы 
сөз тек белгілі бір синтаксистік жағдайда ғана 
өзінің толыққанды мағыналық қырын көрсете 


126 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
алатындығын баса айта келе, С.Д. Кацнель-
сон: «Это свойство слова, определенным об-
разом реализоваться в предложении, высту-
пать в определенные комбинации с другими 
словами можно было бы назвать его синтак-
сической валентностью [2,126], – деп жазады.
Бұл теорияны одан әрі дамытушы Л. Теньер 
валенттілік терминін тек етістік сөз табына 
қатысты қолданады. Кейінгі жылдары зерттеу 
нысаны ретінде өзге сөз таптары алынған 
Ю.Д. Апресян, В.Г. Адмони, М.Д. Степанова, 
Н.Д. Шмелев, Н.И. Степаненколардың еңбек-
терінде әрі қарай тереңдетіліп қарастырылды.
Валенттілік теориясы жөнінде М. Оразов: 
«Валенттілік теориясы бойынша сөздер екінші 
бір сөзбен байланысқанда белгілі бір мағы-
налық және тұлғалық сыбайластығы жағынан
ғана байланысады» – дей келе, сөздердің тұл-
ғалық жақтан байланысуын сыртқы валент-
тілік деп атайды және олардың мағыналық 
жағынан да байланыста болуы керектігін 
ескертеді [3,24]. Сондай-ақ, семантикалық 
валенттіліктің жеке кездеспей, синтаксистік 
валенттіліктің ішкі мазмұны ретінде ғана өмір 
с‰ретіндігі семантика теориясында әр қыры-
нан сөз болып ж‰р.
Валенттілік 
мәселесіне 
байланысты
Қ. Жұбановтың айтқан мына бір пікірі назар 
аудартады: «Грамматиканың мақсаты жалғыз-
ақ сөздің қандай мағыналары болатындығын 
баяндау ғана емес, қандай формаларға қандай 
мағыналар сәйкес келетінін баяндап, дұрысы, 
қандай мағына шығуы ‰шін сөзді қалайша 
құрастыру керек екендігін баяндау» [4,241]. 
Сонымен, валенттілік деп сөздердің бір-бірі-
мен мағыналық және синтаксистік жағынан 
‰йлесімді келуін айтамыз.
Етістіктер ойды т‰сінікті, тиянақты жет-
кізуде басты тәсіл болып табылады да, сөйлем 
соңында, кейде сөйлем ішінде басқа сөздерді 
өздеріне бағындырып, басыңқы қызметте әр 
құрамда келе береді. Бұл жөнінде Г.Д. Санжеев: 
«Глагол – это существо многорукое, которое 
одно только и может организовать в единое 
целое все возможные формы соединений слов 
предложения, словосочетания, фразеологи-
ческие единицы» [5, с.6-7], – деп көрсетеді. 
Шын мәнінде, етістіктердің өзге сөздермен 
тіркесу аясы кең, барлық сөз табымен кеңінен 
тіркеске т‰седі.
Жалпы сөз тіркестері туралы еңбектерде 
етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар-
лары ретінде зат есім, сын есім, сан есім, есім-
дік, ‰стеу, еліктеуіш және етістік сөз таптары 
аталып ж‰р.
Профессор Т. Сайрамбаев сөз тіркесте-
рінің аясын құрайтын сөз таптарын мынадай 
‰ш бағытта қарастыруды ұсынады: 
1) Әр сөз табының негізінде қалыптасқан 
сөз тіркестері; 
2) Бір сөз табының негізінде қалыптасқан 
сөз тіркестері; 
3) Бір сөздің қайталануы негізінде жасал-
ған сөз тіркестері [6, 108 б.]. 
Поэзия тілінде заттың атауға қатысы, сыны, 
сапасы, қимылы сияқты семантикалық қаты-
насты білдіруде есімше тұлғалы сөздердің 
жұмсалуы молынан кездеседі. 
Мәселен есімше тұлғалы сөздер өлең мәті-
нінде есімдермен де, етістіктермен тіркесімді-
лікке т‰сіп, семантикалық тіркес құрауда 
уақыт пен кеңістік қатынасындағы атрибут-
тық мәнге ие болып, мәтінді ұйымдастырушы 
тірек сөз қызметінде жиі жұмсалады.
Тұяқ та жоқ тігерге дым қалмаған, 
Жау жалмаған, жабысып, құм жалмаған, 
Сырлар бар - ау қойнында, туған далам
Ақтарылған қанынан қазағыңның,
Құзғыны да Құдайдың құр қалмаған..... 
(М.Мақатаев) 
Көмекші етістіктер мен есімше тұлғалары-
ның басыңқы сыңарда жалпы, жалқы, деректі, 
дерексіз ұғымдағы есім сөздермен т‰йдектеліп 
келуі поэтикалық өлең мәтініндегі семанти-
калық тіркесімділіктің бір ‰лгісі болып табы-
лады. Мысалы,
......Ақын деген лапылдаған өрт екен, 
Жанып өту ақындардың - серті екен 
(М.Мақатаев.) 
«Қазақ тіліндегі сын есімдердің валент-
тілігі» 
деп 
аталатын 
монографиясында
М.С. Жолшаева сын есімдердің тіркесімділік 
аясын қарастыра келіп, сын есімнің етістікпен 
тіркесін екі топқа бөліп қарастыру керек екен-
дігін тілге тиек етеді. Оның себебін етістіктің 
басыңқы сыңарда келіп жұмсалуының өзіндік 
ерекшеліктерімен байланыстырады. «Ол мына 
мәселемен байланысты: біріншіден, етістіктің 
олармен тіркесі таза қимылдық мәнге ие бол-
са, екіншіден, етістіктің есімше мен қимыл 
есімінің заттанып келуі арқылы байланысады 
[7,123 б.].
Қатыстық сын есімдердің арнайы жұрнақ-
тар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатыны 
белгілі. М. Балақаев, Р. Әмір сынды ғалымдар 
қатыстық сын есімдер жасаушы қосымшалар- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет