Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет227/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 179 
нысу формасында жұмсалатындығы сияқты 
терминологиялық сөздер де сөз санына қарай 
олардың өзара белгілі бір байланысу фор-
масында қалыптасады. Сонда олар екі немесе 
көп сөзді болғанымен, олардың арасында 
белгілі бір немесе бірнеше байланысу форма-
ларының негізінде қалыптасады. Мұндай 
терминдік сөздердің де сыңарлары молайған 
сайын олардағы байланысу формалары да, 
оларды байланыстыратын дәнекерлер де мо-
лая т‰седі», – деп терминдердің екі т‰рлі бай-
ланысу формаларын көрсетеді. Олар: қиыса 
байланысқан терминді сөз тіркестері және 
қабыса байланысқан терминдер. Демек, қазақ 
тіліндегі тіркесті терминдер қиыса және қа-
быса байланысу арқылы жасалады деген сөз 
2, 131.
Сондай-ақ термин жасап қалыптастыруда 
сирек те болса қос сөздер арқылы жасалған 
терминдердің де өзіндік ‰лесі бар. Мысалы, 
көші-қон, сату-сатып алу, әкімшілік-аумақ-
тық терминдерін осылардың қатарына жат-
қыза мыз. Қысқару тәсілі ішкі терминжасам 
көздерінің бірі болып еспетеледі. Мысалы, 
тіліміздегі соңғы кезде қалыптасқан қойнау-
қат (пласты), талшықтас (асбет), тауша-
быр (битум), шабыршықтас (асфальт) сияқ-
ты ұғымдарды келтіруге болады. Бұдан бай-
қайтынымыз, буын арқылы қысқарту тәсілі-
мен қажеттілікке орай біршама терминдерді 
жасап, қалыптастыруға болады. 
Терминологиядағы аударма мәселесінің 
өзекті болып отырғандыңы мәлім. Аударма 
тіл-тілдің барлығында да тілдік тәсіл. Кез-
келген тіл қажеттілігіне қарай аударма жасау-
ға баратындығы даусыз. Ал аударма мазмұн-
ды не мағынаны дәл беруді қажет етеді. Бұл 
ең бірінші кезекте аудармаға қойылатын тіл-
дік талап. Аударманың терминологияға қатыс-
ты ерекшеліктерін қарастыра келіп, ғалым
А. Алдашева өз еңбегінде аударма мен каль-
каны бірін-бірі толықтыратын тәсілдер ретін-
де қарайды. Бұл негізді деп санаған дұрыс. 
Өйткені, терминдерді аудару барысында осы 
екі тәсілдің де қолданылатыны белгілі. Қалай 
болғанда да, аударманың терминологиядағы 
тиімділігі теориялық тұрғыдан да, практика-
лық тұрғыдан да дәлелденіп ж‰р 
3, 141.
Ең алдымен терминдердің арасындағы 
байланыстың болуы керектігін, барлық тіл-
дердегі ғылыми атаулардың ортақтығы жө-
ніндегі пікірлерді сараптай келсек, ғылым са-
ласында т‰сіністіктің болуы міндетті, бірақ 
ортақ атаулар болу керек деген тіл заңдылығы 
еш жерде жоқ. Онымен бірге «ортақ» деп 
айдар тағып, термин жасушы тілдер өз тілінің 
негізінде немесе өз тілдеріне жақын тілдердің
сөзі негізінде жасайды.
Ал осы ‰рдіске қоса қытай тілімен тығыз 
байланысты тағы бір тартымды да, дәлелді 
мәселеге тоқтала кеткен орынды. Ол қытай 
еліндегі қандас қазақ бауырларымыздың қазақ 
тіліндегі сөзжасам ж‰йесі, яғни бізбен салыс-
тырғандағы қытайдағы қазақтардың сөздік 
қолданысы туралы. Олармен ауызекі тілдесу 
барысында кейбір бізге тосындау болса да, 
байыппен қараған адамға ұғынықты, кәдімгі 
қазақтың тілі арқылы, оның сөздік қоры ар-
қылы жасалған орынды да сәтті қолданыс-
тары бар екендігін байқадық. 
Мысалы, қазір ұялы телефон (сотовый 
телефон) деген жаңа сөз қолданысы бар. Ал 
қытайлық қазақтар осы сөзді қол телефон деп 
қолданады екен. Әрине, қол телефон деген 
қолданыс сотовый телефон деген ұғымның 
толық мағынасын ашып көрсете алмайды. 
Тіпті тура аудармаға да жатпайды. Бірақ, тура 
аударма болмаса да, көпшілікке т‰сінікті, 
мағынасын жеткізе алатын ұғынықты аудар-
ма. Қол телефон деп айта салғанға да жеңіл, 
қалыптастыруға да қиындық туғызбайды, әрі 
термин сөзді қолданушылар ‰шін сөздің мағы-
насы мен ұғымы да т‰сінікті болған болар еді. 
Бұл сияқты қытайдағы қазақтар тілінде кез-
десетін терминдерге тілші Қ. Ғабитханұлы ба-
зар заңы – нарық заңы, жарна – акция, жар-
нагер, –акционер, бәсеке – аукцион, танысқы 
– визитка, төрешілдік – бюрократия, ‰кімет-
сіздік – анархизм сияқты көптеген қисынды 
терминдерді қазақ тіліндегі баламаларымен 
салыстыра көрсетеді [4, 48-51]. 
Сонымен, аударманың өнімді тәсілдері- 
нің бірі екендігі белгілі терминолог-ғалым
Ө. Айтбаевтың еңбегінде атап өтілген.
Әйтпесе, аталған ойларға дәлел ретінде 
соңғы кезеңде қалыптасқан тістелгіш, ине 
сауыт, оқырман, әсірелеу, кішірейту, қаржы, 
құқық, заңгер, қорғаушы, айыптаушы, ‰нем, 
‰немшілдік, ем, емхана, мағыналас сөздер
несие, қор, сазгер сияқты әр салаға қатысты
толып жатқан терминдерді, олардың термино-
логиялық өрістердегі қолданысын мысалға 
келтіруге болады. 
Жинақтай келгенде, аударма – терминжа-
сам шығармашылығында қазақ тілінің м‰м-
кіндіктерінің, термин жасуашы тәсілдерінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет