Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет244/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   446
A. Khasenova examines the features of complex sentences in the Kazakh language, composed by the 
model 
«қимыл есімі+шылау»
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ТІЛ-ҚҰРАЛДЫҢ ТҰЛҒА ТОЛЕРАНТТЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
С. А. Асанбаева, 
ф.ғ.к., доцент, ҚазМемҚызПУ, Алматы, Қазақстан, aseka_7070@mail.ru 
ТІЛ ЖӘНЕ ӨМІР САЛАЛАРЫ, ЖАРНАМА САЛАСЫНДА ТІЛДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты. 
Тіл табиғаты, әлеуметтік қызметі деген мәсе-
лелер – социолингвистика ғылымының өзекті 
мәселелерінің бірі. ТМД елдерінде, Қазақ-
станда бұл мәселе арнайы зерттеле бастаға-
нына 50 шақты жылдай болды. Тілдің қоғам-
дық қызметі оның өмір салаларында қолда-
нылу деңгейі жайлы мәселелер жөнінде әлі де 
болса пікірталастар баршылық. Айталық, тіл-
дің өмір салаларындағы қызмет санын анық-
тауда социолингвист ғалымдарымыз әр т‰рлі 
пікір білдіруде. Мысалы, Ю.Д.Дешериев мұны 
жиырма екіге бөлсе, Ә.О.Орыспаев 13 негізгі 
сала мен 65 қосымша саланы атайды. Б.Ха-
санов қазақ тілінің Қазақстанда қоғамдық өмір-
дің 15 негізгі, 57 қосалқы саласында (под-
сфера), барлығы 72 салада қолданылатынын 
көрсетті. Соның бірі – жарнама.
Өмірдің әрбір саласында адамдар м‰ддесі 
мен қызметіне, әлеуметтік жағдайына тіл де 
ерекшеленіп, таңдалып қолданылады. Сол 
сияқты қазақ тілінің де жарнама саласындағы 
қолданылу жиілігі мен қоғамдық қызметінің 
көлемін анықтау – бұл зерттеудің маңызды бір 
бөлігі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесін то-
лығымен атқаруы ‰шін оның жарнама сала-
сында кеңінен қолданылып, өрісін кеңейту 
өзекті мәселе екені белгілі.
Қазақ тілі азды-көпті жарнама саласында 
қолданыла бастады. Бірақ бұл көпшілік көңі-
лінен шықпай отыр. Мемлекеттік тілде беріл-
ген қайсыбір жарнаманы алсақ та, талғамсыз, 
қазақ тілінің әдеби нормаларына қайшы
келетін, не болмаса орыс тілінен қалай болса, 
солай аударылған жарнамаларға кез боламыз.
Оның ‰стіне кейбір коммерциялық құрылым-
дардың шетел атрибутикасына тым әуестенуі 
шет тілдердегі көрнекі ақпараттың жиілеп 
кетуіне соқтыруда. Мәселен, “Adіdas”, “Anuar 
shop”, “Raіmbek Food”, “audіo vіdeo CD”, “Bu-
sіness Dos LTD”, “Bіngo”және әрт‰рлі ойын-
сауық орындарындағы ойын т‰рлерінің атау-
лары т.б. Сол сияқты даңғылдар мен көше-
лердің бойы толған “Marlboro”, “Rotmans”, 
“Lucky Strіke”, “Camel”, “Kent” т.б. 
Мұның өзі жарнама саласында қазақ тілі-
нің өз дәрежесінде қолданылмай, кедергілерге 
ұшырап отыр деген сөз. Сондықтан мемлекет-
тік тілдің жарнама саласында қолданылу дең-
гейін анықтап, оның ғылыми негізделген теті-
гін жасау қажет.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл қызметін өз 
дәрежесінде атқарып, оның жарнама сала-
сында еркін жұмсалуы ‰шін қазіргі жағдайда 
тіл мамандары социолингвистикаға бетбұрыс 
жасап, мәселенің мән-жайын жақсы меңгере 
алуы тиіс. Мемлекеттік тілдің жарнама сала-
сында қолданылуы жөніндегі т‰рлі сын- 
пікірлерді, айтыстарды тоқтатып, жарнама тілі 
ретінде қалыптасуына жағдай жасап, басшы-
лыққа алатын арнайы заңды к‰шейтпесе, Қа-
зақстанда жарнама мәселесі дұрыс шешімін 
таппайды.
Қазақ тілі – ресми т‰рде мемлекеттік қам-
қорлыққа алынып, мәртебе берілген тіл. Сон-
дықтан ол өміріміздің кез-келген саласында 
еркін қолданылуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет