190 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
Зерттеу жұмысымызда қимыл есімді са-
бақтас құрмалас сөйлемнің жасалу формала-
рын шығарып,
мысал арқылы дәлелдеуге ты-
рыстық. Жұмысымызды қорытындылай келе,
қимыл есімді «сабақтас құрмалас сөйлемдер»
атты тақырыпта ж‰ргізген зерттеуіміз негізін-
де мынадай тұжырым жасай аламыз:
Біріншіден, қимыл есімдері бұрын тек сөз
тіркесіне қатысты болса, енді олар сабақтас
құрмалас сөйлемге де қатысты.
Қимыл есім-
дері де бағыныңқы сыңардың баяндауышы
қызметінде шылаулармен т‰йдектеліп, ішін-
ара өзі (тек
– ыс, - іс, - с тұлғасы) жұмсала
алады.
Екіншіден, оларды сабақтас құрмалас сөй-
лемдердің жай сөйлемдерін байланыстырушы
форма ретінде жеке бөліп қарастыру қажет.
Себебі, оның өзіне тән жасалу формалары бар.
Олардың жұмысымда 11 т‰рлі жолын көрсеттім.
‡шіншіден, ол форма негізінде екі компо-
нент арасында туатын мағыналық қатынас бар.
Осындай белгілерін ескере отырып, қимыл
есімдерін мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем-
нің аясында қалдырып қоймай, есімше, көсем-
ше, шартты рай қатарларына қосатын кез жетті.
Қазақ тіл білімінің
аясын кеңейтетін бұн-
дай құрылымды ескерусіз, ат‰сті қарағаннан
ұтарымыз жоқ. Қимыл есімді сабақтас сөй-
лемдер тіліміздің
барлық функционалдық
стильдер қабатында кездесетіндігіне жинас-
тырған мысалдарымыз арқылы көз жеткіздік.
Қазақ ғалымдарының ішінен қимыл есімі
арқылы құрмаласқан сабақтас құрмалас сөй-
лемдерді алғаш көрсеткен ғалым С. Аман-
жолов болса,
кейіннен осы пікірді ғылыми
айналымға қосуды көздеп, маған бағыт берген
ұстазым Т. Сайрамбаев болды. Бұндай сөй-
лемдерді С. Аманжолов «тұйық етістік ар-
қылы жасалатын сөйлемдер» деп атаса, «қи-
мыл есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер»
деген
атауды берген ұстазым, профессор
Т. Сайрамбаев болатын.
_____________
1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қыс-
қаша курсы. –Алматы: Санат, 1994, – 320 б.
2. Сайрамбаев Т., Сағындық Б. Құрмалас сөйлемдер
ж‰йесі. – Алматы: Қазақ Университеті, 2007, – 137 б.
3. Әмір Р.С., Әмірова Ж.Р. Құрамалас сөйлемдер қазақ
тілінің
грамматикалық, функционалдық ж‰йесінде. –
Алматы: Қазақ Университеті, 2009, – 122 б.
4. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі (лекси-
касы мен грамматикасы) . Алматы: Қазақ ССР–нің Ғылым
баспасы, 1968, –334 б.
5. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі к‰рделенген сөйлемдер.
—Алматы: Қазақ ССР Ғылым баспасы, 1974, – 197 б.
* * *
В статье рассматривает особенности сложноподчиненных предложении в казахском языке, образованных с
помощью модели
«қимыл есімі+шылау».
* * *
In the article
Достарыңызбен бөлісу: